Оқу процесінде мемлекеттік тілді ұйымдстыру туралы
Қазіргі таңда елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мемлекеттік тіл мәселесіне аса көңіл бөлуде. Елбасымыздың бастауымен қазір барлық құжаттамалар қазақ тіліне өтіп жатыр. Тіл – халықтың жүрегі, жаны, яғни тл бар жерде халық бар, ал жоқ жерде ол тек тобыр ғана деген сөз бекер айтылмаған. Ұлы абайдың «Тіл өнері – дертпен тең» деген ғибратты сөзі бар. Осы мәселеде Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасында мамандарды даярлау үшін мемлекеттік тілге көп көңіл бөлінген деп айтуға болады. Мұнай, газ және полимерлер технологиясы кафедрасында мамандарды дайындау мемлекеттік тілде және орыс тілінде, сонымен қатар ағылшын тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде оқитын студенттер саны шамамен жалпы студенттердің 60% үлесін құрайды.
Мемлекеттік тілде оқитын топтар үшін барлық пәндерден оқу әдістемелік кешен, әдістемелік нұсқаулар жасалған. Барлық арнайы пәндер бойынша лекциялық курстар жасалған. Қазақ тілінде 31 ОПҚ сабақ жүргізеді. Сонымен бірге қазақ топтары үшін курстық жобаларды (жұмыстарды), студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау үшін, іс – тәжірибелердің барлық түрлерін орындау үшін әдістемелік нұсқаулар және іс – тәжірибе бағдарламалары жасалынған. 390840 – «Полимерлерді өндіру және өңдеудің химиялық технологиясы» мамандығы бойынша қазақ тілінде 4 оқу құралы шығарылды. 050721 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша 6 оқу құралы жасалып шығарылған. Сонымен бірге кафедраның жетекші, т.ғ.к., доцент Сақыбаева С.Ә., аға оқытушы Мамытова Г.Ж. (Резинаның технологиясы, сертификат №036) т.ғ.к., доцент м.а. Дауренбек Н.М. (Мұнай, газ және көмірді өндіру мен тұтынудың экологиялық мәселелері, сертификаты №018) қазақ тілінде эклектронды оқулықтары шығарылған. Сонымен бірге қазақ тілінде виртуалды лабораториялық жұмыстар, бейне фильмдер, бейне лекциялар дайындау қарастырылуда. Қорыта келгенде мамандық пәндері бойынша қазақ тілінде оқитын топтар үшін барлық жағдайлар жасалынуда деп айтуға болады.
«Мұнай, газ және полимерлер технологиясы» кафедрасының дипломдық жобалары (жұмыстары) тақырыптарын бекіту
Студенттердің дипломдық жобаларының (жұмыстарының) тақырыптары дайындық профиліне сай. Студенттер орындайтын барлық дипломдық жобаларда ғылыми – зерттеу жұмысын орындау қарастырылған, сонымен бірге бағдарламаланған материалды және жылу баланстары орындалады.
Студенттердің дипломды жұмыстарды орындауы үшін кафедрада «Клонналардың негізгі параметрлерін есептеу», «Вертикалды тұрған қондырғыға желдің әсер ету күшін есептеу», «Шикізаттарды гидротазалау қондырғысының материалды балансы», «Пештегі жану процесін есептеу», «Шина зауыты дайындау цехының материалды балансы», «Каталитикалық риформинг қондырғысының техника – экономикалық көрсеткіштерін есептеу» бағдарламаланған есептер құрастырылған.
НГ-03-2 р тобы студенттерінің дипломдық жобаларын (жұмыс) орындау ағылшын тілінде жүргізіледі. Барлық дипломдық жобаларда (жұмыстарда) бизнес жоспар орындалады. Алдын ала бекітілген дипломдық жобалар тақырыптары институт директоратына тапсырылды. Дипломдық жобалар (жұмыстар) тақырыптарын біржола бекіту студенттердің диплом алдындағы іс – тәжірибесі аяқталған соң жүзеге асырылады.