«Старт» батырмасын басқан уақытында объекттің үстінен 0,5А-ге тең бір қалыпқа келтірілген ток жіберіледі және кешенді кедергіні өлшеу жүргізіледі.
Кедергінің өлшенген мәніне сәйкес (курстық жұмыстағы кесте 1-де көруге болады).
1 тәсіл.
Өлшеудің қажетті диапазонын таңдаудан кейін кесте 1-ге сәйкес құрал керек болған бір қалыпқа келтірілген өлшенетін ток мәнін бекітеді (0,5А немесе 5А).
Құрал объект кедергісінің 30 өлшеу тізбектей жүргізеді (1 секундына бір рет) және шығарған мәндерді бір бірімен салыстырады. Егер алынған нәтижелер ең кіші разрядынан 9 бірлікке өзге болып тұрса, өлшеу циклі 5 минут қайталанып тұрады. Осы уақыт өткеннен кейін құрал автоматты түрде өлшеудің келесі тәсіліне өтеді.
Егер алынған нәтижелер ең кіші разрядынан 9 бірлікке өзге болып тұрмаса, өлшеу үрдісі тоқталады және сандық таблода орамының омдық кедергі өлшенген мәні көрсетіледі. Осы жағдайда индикатор белгі береді, осы белгі кедергі мәнінің қандай бірлікте («Ом» немесе «мОм») өлшенгенін көрсетеді және температура көрсететін белгі орнында шамның жанып-өшіп тұруы.
2тәсіл:
Құрал өлшеудің белгіленген диапазонына (0,5А немесе 5А) сәйкес таңдалған қысымнан өткізілген бір қалыпқа келтірілген ток шамасын устап тұрады. Сонымен қатар қойылған әдістеме бойынша жүргізіледі, яғни «токты бір қалыпқа келтіргіш» көзі режимінен «кернеуді бір қалыпқа келтіргіш» көзі режиміне ауыстыруды жүргізеді.
Құрал өлшенетін объектінен өтетін Ix тогын периодты түрде өлшейді және периодты түрінде салыстырады. Осындай Ix тогын периодты түрде өлшеуді және периодты түрінде салыстыруды қайталанып тұрады және осы іс-әрекеттер тізбектілік тек 30 өлшеу мәндері ұқсамаулылығы 1%-дан жоғары болмаған жағдайда ғана тоқтатылып, тиісті нәтижесін шығарады. Салыстыру шартын орындаудан кейін өлшенген ток есте сақталады және өлшенетін кедергіде құрал кернеуді өлшеуге көшеді. Осы да іс-әрекеттер тізбектілігі өлшеу мәндерінің 3-тен тұратыны кіші разрядынан 9 бірлігінен үлкен болмауының ұқсамауы болып табылады. Кедергінің мәні Ом заңы бойынша есептеледі және сандық таблода көрсетіледі.
Стандартталмаған өлшеу құралдарының Қазақстан Республикасы талаптары, керекті жағдайда халықаралық, мемлекетаралық талаптары болады. Осы талаптар стандартталған өлшеу құралдарының жалпы талаптарына ұқсас болып келеді. Олар:
● адам өміріне және қоршаған ортаға қауіпсіз болуы міндетті талап;
● әр құралдың бөлек сертификаты немесе пайдалану мен метрологиялық қамтамасыз етумен байланысты сипаттайтын құжаттары болуы;
● техникалық шарттарға сай болуы мен оған қарасты талаптардың болуы; тағы басқалар.
Стандартталмаған өлшеу құралдары жүйеде орнату келесі жағдайда болады:
● егер стандартталған өлшеу құралдары берілген техникалық талаптарды қажетті көлемде қанағаттандырмаса;
● егер стандартталған өлшеу құралы оған «туыстас» стандартталмаған өлшеу құралымен салыстырғанда толығымен және керекті дәлдікпен нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бермесе;
осы және басқа жағдайлар орнатылатын стандартталмаған өлшеу құралының номенклатурасына тәуелді болады. Оның осы орнатылған стандартталмаған өлшеу құралының номенклатурасы минимал мәнге ие болуы қажет.
Курстық жұмыста өлшеу құралдарының стандартталмаған түрін ашып көрсету үшін әр түрлі стандартталмаған өлшеу құралдары мысалға алынады. Құралдардың құрылысын, құрамын, жұмыс істеу принциптерін, болатын үрдістердің ерекшелігі, қоршаған ортаның әсерін және оған керісінше (яғни қоршаған ортаның әсері, әдетте, бұл жұмыс орнының температурасы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ауаның түсіретін қысымы болып табылады), қолданылатын шамалар мен пайдалану саласын қарастырумен болады.
Берілген жұмыста келтірілетін құралдарға жалпы шолу немесе құралының қасиеттерін, пайдалану саласын, нормативтік құжаттарды және басқа да ақпараттарды үлгі етіп немесе құрал құрылым пайдалана отырып, жаңарған өлшеу құралына бет алу. Келтірілген құралдар өзге метрологиялық құралдар секілді өзінің салыстырып тексеру уақытында жүргізілу міндетті болып табылады.
Желіден бағытталып өлшейтін блокты әмбебап, әрі автоматты жиілік өлшеуіш
Арналуы:
Стандартталмаған желі жиілігін өлшейтін (ЧУБА-С) желі жиілігін автоматы түрде өлшеуге арналған. Құрал өзінің төртзарядты сандық таблода өлшеу нәтижесін тікелей шығарады.
Құрал жылытылатын ғимаратарда, бөлімдерде жерде қолданылады, сонымен қатар кез келген орын ауыстыру құралымен жөнелтіле береді.
Құралды пайдалану шарттары:
Қоршаған ортаның пайдалануға қолайлы температурасы +5…+500С
Ауаның салыстырмалы ылғалдығы 30…80%
Атмосфералық қысым 720…780 мм.сын.бағ.
Алыатын желінің жиілігін өлшеу келесідей жағдаяттар арқылы жұзеге асырылады
Екі ретті орамнан алатын желінің жиілігімен және 3В амплитудасымен синусоидты белгі құралдың кіру бөлігіне жеткізіледі. Ол өз жағынан тікбұрышты импульстардың сәйкес жиілігіне ретін құрайды. Құрайтын қайтару мен кілт импульс сызбасына келетін импульстің әр тұрлі бөлгіш коэффициентімен белгілі бір ретті жиіліктің бөлу мәні шығарады. Опоралық жиіліктік кварцтық генератор 4 МГц-ке тең жоғарықалыпты импульсттерді шығарады. Опоралық жиіліктің бөлгіштігі арқылы 64-ке бөлінеді.
Тікбұрышты импульстар опоралық бөлгіш жиілігінен 62,5 кГц-ке тең жиілігімен декадты есептегіші блогының кіру бөлігіне келеді, кілттің ашылу уақытында, яғни алтын желінің еретін жиілігінің төрт периодына тең уақыт аралығында кіру бөлігіне жеткен импульстердің саны есептеледі. Блокта декадты есептеуіш белгі дешифрленеді де құралдың сандық таблода ондық түрінде индицирленеді. Декадты есептеуіштер қайта есептеу режимінде жұмыс істейді және өлшеудің әр циклінде нольдік қалыптан санауын бастап отырады. Осы жағдайда, егер алатын желінің жиілігі 50 Гц-ке сай болса, онда оның төрт периодында есептеуіштің кіру бөлігіне 5000 импульс жетеді, есептеуіштер өз санауын 5000 қалпында тоқтатады және сандық таблода 50,00 Гц саны индицирленеді. Мысалы, егер жиілік 50,05 Гц-ке дейін жоғарылайтын болса, онда есептеуіштердің кіру бөлігіне 4995 импульс келеді, санау 5005 қалыпта тоқтатылып, табло өлшеу нәтижесі ретінде 5005 Гц индицирленеді.
Қолданылған өлшеу тәсілі көрсетілімдердің төмендеуіне әкеліп, қатесін шығаратындықтан, өлшеніп жатқан F жиілігінің дәл және нақты мәнін төменгі формуламен анықтауға болады:
F=2500/(100-Fм),
Мұндағы, Fм – жиіліктің құралмен өлшенген мәні.
Өлшеуде 50 Гц мәнге қатысты жиіліктің қателігі 0,5 Гц немесе одан кіші болған жағдайында қателікті ескермеуге болады, егер де жиіліктен ауытқу тым жоғарылап кеткенде, жалпы түрде ∆F Гц-ке ауытқығанда, онда көрсетулерді 0,02 ( ∆F)2 Гц-ке жоғарылату керек.
Құрал құрылым жағынан екі шығару платадан жиналған және олар металлдан жасалған корпустан құрылған.
Құралдың алдыңғы тақтайында келесі аталғандар кіреді:
- Ток қосу батырмасы («Сеть» батырмасы);
- Индикаторлардың жарықтылығын басқару батырмасы («Яркость» батырмасы);
- Жұмыс істеу режимін ауыстыру батырмасы («Режим» батырмасы);
- Төртзарядты индикаторлық табло;
- Частотомерді қосу көздері («Частотомер» көзі);
- Генераторды қосу көздері («Генератор» көзі);
Құралдың артыңғы тақта бөлігінде келесі элементтер орналастырылған:
- Сақтағыш;
Жерге қосылу клеммасы.
Әр өлшеуіш құрал өзінің салыстырмалы қателігі болады. Кез келген салыстырып тексеруден, калибрлеуден өткен құралдар арқылы басқа өлшеуіш құралдары салыстырып тексерілетіні көп кездеседі. Өлшеуіш құралды сол құралдың өлшеу функциясын әр бір жақтан салыстырып тексеру үшін екі немесе одан да көп өлшеуіш құралы керек болған жағдайда стандартталмаған өлшеуіш құралы пайдалануы мүмкін.
Яғни салыстырып тексеру, калибрлеу және басқа да метрологиялық, өлшеуіш үрдістерін бағалайтын адам – салыстырып тексеруші. Көп шешілетін сұрақтар мен тапсырмалар сол адамдарға байланысты
Осы жұмыста елесі нормативтік құжаттарға сүйенілді: ГОСТ 12.2.007.0-75, ГОСТ 8.326-78 өзгертілгені келесіге: ГОСТ 8.326-89, ГОСТ 22261-82, ГОСТ 2.601-68, ГОСТ 8.001-80, ГОСТ 8.009-84, ГОСТ 8.513-84, ГОСТ 16263-70РД, ГОСТ 50-660-88, МИ 202-80, МИ 1314-86 және тағы басқа шетел және Қазақстан Республикасының стандарттары, құжаттары.
Әлемде стандартталмаған өлшеу құралдарын пайдулану өте үлкен орын алады. Стандартталмаған өлшеу құралдары қолдану саласы да үлкен көлемді. Ол ғарыш өнеркәсібінен бастап енді саудаға кіріп жатқан кіші компаниялармен біте қана қоймай, қоғам дамуымен бірге немесе паралель өркендетілуде.
Қазіргі уақыттың өзінде-ақ стандартталмаған өлшеу құралдарын дайындау өнеркәсіп, фирма, кәсіподақ, компания, өндірістің басқа да күрделі орындары сауда нарығында өз орнын табуда.
Осындай жағдаяттар Қазақстан Республикасы өзіндік әсерін тигізіп, соған қарасты ізін қалдыруда.
Жалпы, стандартталмаған өлшеу құралдарын жасау, көбіне, өнеркәсіптердің тікелей сұранысына тәуелді. Яғни стандартталмаған өлшеу құралдарын дайындау тапсырыс бойынша болады.