Менің елім – Қазақстан

Скачать

І. Тақырыбы: Менің елім – Қазақстан
ІІ. Мақсаты: Егеменді елімізге арналады.
а) Білімділік: Сөз қорларын байыту. Сөз тіркестерімен грамматикалық тапсырмаларға сүйене отырып, сауатты, қатесіз жаза білу және Қазақстан Республикасы. Отанымыз, туған еліміз туралы әңгімелеу қабілеттілігін арттыру. Мәтінді, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқу.
б) тәрбиелік: Оқушылардың Отанға, өзінің туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру және саналы, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына әсер ету.
в) дамытушылық: Ой - өрісін, дүниеге көзқарасын, есінде сақтап қалу қабілетін дамыту.
III. Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
IV. Сабақтың типі: Қортынды сабақ.
V. Оқыту әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап іздену, жарысу.
ҮІ. Сабақтың көрнекілігі: магнитафон, карта, таблица, плакаттар, оқулық.
VII. Сабақтың пән аралық байланысы: тарих, жағрапия, қазақ әдебиеті.
VIII. Сабақтың жоспары:
а. Сөз тіркестерімен жұмыс.
б. Ауызекі әңгімелесу.
в. Қазақстан рәміздері.
г. Тақпақтар.
д. Қазақстан туралы мәтін.
е. Мақалдар.
ж. Ойлап тап
з. Өлең айту. Граматикалық тапсырма
1. Етістіктің шақтары
2. Зат есімнің септік жалғаулары
IX. Сабақтың барысы:
1. Сыныпты ұйымдастыру. (кезекші екеуара сөйлеседі)
- Жылдың қай мезгілі?
- Жылдың көктем мезгілі.
- Көктемнің қай айы?
- Көктемнің сәуір айы.
- Сәуірдің нешесі?
- Сәуірдің он жетісі.
- Аптаның қай күні?
- Аптаның сейсенбі күні.
- Биыл қандай жыл болып жарияланды?
- Биыл 1998 Барыс жылы, "Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы" болып жарияланды.
- Бүгін ауа райы қандай?
- Бүгін ауа райы жылы. Күн жарқырап шығып тұр. Аспан ашық.
2. Фонетикалык жұмыс.
(қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөлеміз )
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас.
(мақалды қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөле отырып, бірнеше рет оқып шығамыз.)
- Бұл мақал не туралы? ( мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.)
- Бұл мақал Отан туралы - деп оқушылар жауап береді.
- Ендеше, балалар біздің Отанымыз қай Республика? - деп мұғалім сұрақ қояды.
- Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы - деп балалар жауап береді.
- Біз бүгін сабақта Қазақстан Республикасы Отанымыз туралы әңгімелесеміз. Мына тақтада жазылған сөз тіркестеріне көңіл бөлеміз.
3. Сөз тіркестері: туған ел, туған жер, астана, Отан атамекен, жер көлемі, табиғаты тәуелсіз республика, сағыну, ұқсамау, қабылдану, шектесу.

4. Өткенді қайталау. Осы сөз тіркестеріне сүйене отырып, мынандай сұрақ жауап жұмыстарын жүргіземіз.
- Біздің Республикамыз қашан өз егемендігін алды? - 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін алды.
- Егеменді еліміз туралы қандай тақпақ білесіңдер?
"Мен қазақпын" Т. Молдағалиевтің өлеңінен үзінді оқиды. Республика! Ерікті ел — Қазақстан! Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
"Отан" М. Мақатаев. 1 оқушы жатқа айтады.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған "Отан" - деп сыбырлаған
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
Отан, Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем...
- Егеменді еліміздің Президенті кім?
- Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев.








Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала, күн сәулесіндей — тарап уықтар шаншылған, оны аңыз - әңгімелердегі пырақтар канаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Қазақстан" деген жазу бар. Қ.Р. Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті — алтын және көгілдір түсті -деп 1 оқушы әңгімелейді
- Мемлекеттік елтаңба туралы кімдер қандай тақпақ айтады.
2 оқушы Елтаңба туралы тақпақ айтады:
Алтын қанат көмкерген Шаңырақ бар, уық бар
- Әсем бейне сен көрген Жай бейне емес, ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді
Түсіне біл таңбаны
Аңызда ұшқыр, төзімді! Пырақ — халық арманы.
Жоғарыда түсер кез. Бестармақты жұлдызға,
Ал "Қазақстан" деген сөз
Таныс барлық, ұл-қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз—
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімнің.
в) Әнұранының авторлары кімдер?
Сөзін жазған: Ж.Дәрібаева, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев.
Әуенін жазған: Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Төлебаев — деп жауап береді оқушылар.
Ән ұраны сөздері өлеңге жазылып, салтанатты түрде айтылатын ән.
г) - Қазақстанның Мемлекеттік тілі қашан өз Мәртебесін алды?
- Қазақстанның мемлекеттік тілі — қазақ-тілі. Ол 1989 жылы 22 қыркүйекте өз Мәртебесін алды. Тіл туралы тақпақты 1 оқушы оқиды. "Ана тілі" Т.Бердияров.


Скачать


zharar.kz