Ана тілі
Біздер жоқта сөйлескен Баба тілі — Ана тілі.
Сан ғалыммен тілдескен Дана тілі — Ана тілі.
"Інім" деп ақыл айтқан Аға тілі — Ана тілі
Бесіктегі бүлдіршін Бала тілі — Ана тілі
Сөз бұзардың не керек шала тілі,
қашанда ардақталар Ана тілі,
Бақдәулет, Махаббат,
Достық, Арман, Тілек,
Әманда орындалар сол арқылы.
Сабақтың мақсаты оқушылардың танымдық іскерлігін және ойлау қабілетін жетілдіру, оқушыларды өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сол арқылы деп сынып сағатын қорытындыладық.
Қорытынды: Мұғалімге гүл сыйлап, оқушылармен қоштасу
Сабақтың тақырыбы: Менің республикам – Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Егеменді елімізге арналады.
Оқушылардың танымдық іскерлігін және ойлау қабілетін жетілдіру. Оқушыларды өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Бастаушы: 1991 жылы 16 желтоқсанда біздің елімізде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Ата Заңы қабылданды. Ойда ортақ тойда ортақ дегендей, сіздердің назарларыңызға "Менің республикам - Қазақстан" атты тәрбие сағатын бастаймыз. Осыдан кейін "Қазақстан-Гүлістан" хоры айтылады
1-ші оқушы:
"Желтоқсан" өлеңін оқиды.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолыңда.
Жеңіп шықтың бас имедің қасардың,
Сойыл, таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарың.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке.
Екінші оқушы 1986 жылы желтоқсан айының 17-сі күні қазақ жастары "Әр республикаға-өзінің басшысы!", "Қазақстан жасасын!", "Езу мен қанаусыз еркін, ерікті даму үшін!" деген сияқты қазақ-орыс тілдеріндегі ұрандарын ұстап, бейбіт шеруге шықты, деп әрі қарай жалғастырады.
3-ші оқушы Осы көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болғанымызды баяндауы.
4-ші оқушы:
Егеменді иесі мен деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін, бір шылбырын езі алған
Көркем жігіт болып өссе керген сөз, деп жалғас-тырса.
5-шы оқушы: 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бекітілгенін әңгімеледі.
6-ші оқушы:
Қатар жатқан қос тұлпар.
Ай астында қазақ үй,
Ұзақалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған жаза күй —
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
7-ші оқушы:
Мұнда да бір ерлігін,
Мұнда да бір жер күші,
Қара шаңырақ ел күні
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы - елдігім,
Елдің тыныш тірлігі.
8-шы оқушы: 1992 ж. 11 желтоқсан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының тексі туралы заңға қол қойылды.
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сезім.
Туған жерім-сағынарым —
Мың қайталап айтам мұны, - деп жатқа айтып берді.
9-ші оқушы: 1998 жылы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы үкімет қаулысы шықты.
Дұрыс сөйле, шала қазақ атанба,
Өз тілінде сөйлеп кеткен атаң да.
Қадірлей біл тілің менен дініңді,
Саған берер менің осы батам да, - деді.
Осыдан соң "Үшқоңыр" Әні орындалды.
10-ші оқушы: 1999 жылы тұңғыш Қазақстан
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қайта сайланғанын назарға салды. Ол:.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған
Елімнің бар президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін
Арқалаған ардағым — ол, деп өлең оқып берді.
Сосын "Ағатайым" өлеңі орындалды.
11-ші оқушы: 2001 жыл-Тәуелсіздік жылы, деді.
Онан кейін "Елім менің" әні хор орындайды.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ БАР
Көк айна көлім бар,
Кең жайлау жерім бар,
Еңбегі еленген
Атақты ерім бар
Жемісті бауым бар,
Шың-құзды тауым бар,
Еңісті өр еткен
Жеңісті қауым бар.
Жайдарлы желім бар.
Өрісті белім бар,
Ерлікке баулитын
Егемен елім бар!
Тарих боп кешегім,
Көп жұмбақ шешемін.
Егемен еліме Еге боп өсемін!
ОТАН
Отанды біз атамекен
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз
Отанды Жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз.
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді бағалап.
Өйткені Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.
Отан деген-атамекен.
Отан деген-туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел, - деп сынып сағатын қорытындыладық.
Қорытынды: Мұғалімге гүл сыйлап, оқушылармен қоштасу