Қазақстан мен Ресей аралық қатынастарды дамытудың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Дегенмен де, екі жақтың экономикалық интеграция саласындағы қаншалықты ұмтылыстар болса да, жалпы экономикалық кеңістіктің құрылуы күрделі қарама-қайшылықта өтуде.
1992 жылы, 25 мамырда достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы Келісім-шартта екі елдің экономикалық ынтымақтастығы негізделген. Онда нәтижелі жалпы экономикалық кеңістікті құру үшін барлық деңгейлердегі шаруа субъектілердің тең құқықтығы мен өзара тиімді экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдетуге тараптар жәрдемдесетініне назар аударды. Тараптар экономикалық өзгерістер саласындағы әрекеттерін, оның ішінде құрылымдық, ақша-несие, валюта, салық және баға саясатын қоса алғанда, үйлестіреді.
1992 жылы 13 наурызда қабылданған Достастық мемлекеттерінің кеден саясаты негіздері туралы Келісімге сәйкес Кедендік одақ құрылды, оған қатыса отырып, тараптар келісілген кеден саясатын өткізеді, тауар, капитал және олардың арасындағы қызметтердің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз етеді.
Тараптар сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және ынтымақтастықтың басқа түрлерінің дамуы туралы сәйкестендірілген екі жақты Келісімдер, сонымен қатар әлемдік бағалар бойынша өзара есепке өту шарттары мен мерзімдерін талқылады.
Тараптар әр түрлі халықаралық, экономикалық, қаржылық және басқа ұйымдармен институттарда бірігіп әрекет етеді, тараптардың біреуі мүше болған халықаралық ұйымдарға кіру немесе қатынасу үшін бір-біріне қолдау көрсетеді.
Басқа тараптың экономикалық жағдайын тұрақсыздандыратын бір жақты шараларды жүзеге асырудан әрбір тарап бас тартады. Келісім-шарттың 17-бабында көрсетілгендей, экономикалық және сауда тараптар қатынастары өзара қолайлы ұлттық тәртіпке негізделіп құрылған.165
Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлік пен шаруашылық іс-әрекеттері үшін тиімді экономикалық, қаржы және құқықтық шарттард, екі елдің азаматтары, мекемелері, фирмалар мен басқа экономикалық ынтымақтастық субъектілерінің әртүрлі кооперация түрлері мен тікелей байланыстарын әртүрлі формада жан-жақты марапаттап, қамтамасыз етуді міндеттейді. 1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің әртүрлі министрліктері мен ведомстволары деңгейінде он келісім шарттар мен келісімдер қабылданды.166
1993-ші жыл Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастықтың барлық салаларын қамтитын, екі жақты қабылданған құжаттарымен сүбелі де маңызды жыл болды.1993 жылы 9 қаңтарда Омбыда өткен екі елдің үкімет делегациялары, Қазақстан мен Ресей шекара маңыдағы облыс әкімдерінің кездесуінде осы облыстардың экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтасуы мәселелер жайында талқыланды, қорытындысында екі ел премьер-министрлері Хаттама мен Коммюникеге қол қойды. Бұл кездесу екі жақтың облыстық және аймақтық дәрежеде тығыз байланыста болуға ұмтылғандығын дәлелдеді.
1994 жылы 28 наурызда екі ел президенттері қол қойған Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығы мен интеграциясын ары қарай тереңдету туралы Келісім-шартта былай делінген: «... екі ел экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуді, жалпы экономикалық кеңістікті және жалпы рыногін құру, экономикалық реформаларды өткізу, шаруашылық заңдарды жақындастыру, Ресей мен Қазақстанның жекелеген аймағындағы мекемелер, ұйымдармен өзара тиімді байланыстарды сатау мен дамытуды бірігіп іске асырады».167 Тараптар өздерінің баға, салық кеден және валюта саясаттарын жақындастыруды, нарықтық қатынастар негізінде біртіндеп екі мемлекет арасындағы тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күштерін еркін алмасуға көшуді міндеттейді. Олар жеке және заңды тұлғалардың меншіктерін пайдалануын, оған билік етудің өзара ортақ заңдылығын мойындайды.168
Ресей мен Қазақстанда екі мемлекеттерде ұлттық валюта енгізілуімен өзара төлеу-байланыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, конверстация және өзара алмасу курсының тұрақтылығын қолдау, ұлттық валютаны кедергісіз айырбастауды ұйымдастыру, Ресей мен Қазақстанның орталық және коммерциялық банктері арасында өзара есептер құрылысын құруға шаралар қолданады
Тараптар салық жүйелерінің дәйекті үндесуін жүргізуде. Олар құрылымдық, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясаттың кесімділігін, өндірістің құрылымдық пайда болу салаларында тиімді еңбек бөлуді, экономиканы құрылымды қайта құру және ғылыми-техникалық даму бойынша мемлекетаралық кешенді бағдарламаларды өңдеуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар тиісті ақпарат, нормативті және методологиялық іс қағаздармен алмасуды ұйымдастырады.
Келісім-шартта өзара мамандандыру және өндірісті бірлестіру салаларында біріккен саясатты өткізу туралы, өнеркәсіп салаларында артықшылықтарды анықтау, біріккен жобалар мен инвистицияларды құрау және жүзеге асыруға көмектесу, өндірістің көпжақтылығын үйлестіруді өткізу, соның ішінде қорғаныс саласындағы конверсияны қосқандағы тараптардың міндеттері бекітілген.
1995 жылы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған қазақстан-ресей ынтымақтастығының кеңеюі мен теңдеуі туралы Декларацияда, осындай ынтымақтастықтың барлық бағыттарында жүргізілітіндігі анықталған.169
1996 жылы 27 сәуірде дизельді двигательді жасап шығару бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы Келісім қабылданды.170 Соған сәйкес «Қостанай дизелть зауыты» акционерлік қоғамы – дизельді двигательді шығаратын қазақстан-ресей бірлескен қазақстан-ресей акционерлік қоғамын қайта құрды, зауыт тіркеуі және орны Қазақстан Республикасында болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның ресей жағынан құрылтайшысы – «Орал автомобиль зауыты» (Миасс қаласы), қазақстан жағынан – «Сельхозмаш» акционерлік қоғамы болып табылады. Бірлескен кәсіпорынның жарғысында қаржы үлестері былай бөлінген: ресей жағының құрылтайшысына – 60%, қазақстандықтарға – 40%.171
Қазақстан мен Ресей сауда ынтымақтастығы үшін 1996 жылы 18 қазанда үкіметаралық екі жақты салық салудан босату және кіріс пен капиталға салық төлеуден бас тартуды болдырмау қабылданған Конвенцияның маңызы зор. Осымен салық салу саласындағы екі ел арасындағы шаруашылық субъектілерінің құқытық негізі пайда болды, бұл әрине екі елдің экономикалық ынтымақтастығын тереңдетеді.
Сонымен қатар, өзара ынтымақтастыққа ұмтылу және жақындасуға қазақстан-ресей қатынастарын мүлдем мәселелсіз етеді деп есептеу қате пікір болар еді, дегенмен де олардың мүдделері үнемі немесе барлық жағдайда сәйкес келе бермеуі мүмкін. Осындай проблемалардың бірі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаумен байланысты.
1998 жылы 6 шілдеде Қазақстан мен Ресей президенттері екі ел арасында жер қойнауын пайдалануда егенменді құқықты жүзеге асыру үшін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін межелеу туралы келісімге қол қойылды, сонымен қатар қаржы мәселелерін реттеу туралы Хаттама қабылданды. Каспий туралы құжат басқа да елдерді қатынастыра отырып, қазақстан-ресей аралық өзара тығыз іс-әрекеттердегі барлау мен минералдық ресурстарды пайдаланудың болашағына жол ашты. Ол Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің құқықтық мәртебесінің қажеттілігін анықтап беруде бұл жалпы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін белгілеуде үлгі алуға болатын жағдай болды. Бұл келісім – Каспий маңындағы мемлекеттер үшін Каспий теңізі мәселесін тездетіп реттеудегі жақсы үлгі және тиісті халықаралық конвенцияға қол қоюға негіз болды.172
1998 жылы қазанда Қазақстан мен Ресей арасында ресми келіссөзде экономикалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, екі жақты сауданы жандандыру мәселелері қарастырылды. 1997 жылы өзара тауар айналым 4,1 млрд. долларға артты. 1998 жылдың бірінші жартысында 26%-ға өсті. Дегенмен, рубль курсының құлдырауына байланысты 1998 жылы қыркүйек айында Ресейде қазақстандық тауарларға деген сұраныс маңызды түрде төмендеді. Қазақстан Республикасы ұлттық валюта курсын еркін айналымға кіргізуінің және теңгенің құнсыздануының нәтижесінде қазақстандық тауарларға деген сұраныс арта түсті. Бірақ өзара есеп айырысу жүйесінде көптеген мәселелердің шешілмеуі, көмір мен темірдің жеткізілмеуі салдарынан, Ресейге тауар шығару айтарлықтай өскен жоқ.
2000 жылы ресейлік тауар шығарушылар үшін Қазақстан базаларындағы жағдайлар өткен жылдармен салыстырғанда нәтижелі болды. Рубльдің құнсыздануы сыртқы тауар шығару операциясын нәтижелі түрде өсірді, ресей тауар шығарушыларының қазақстан базарларында үшінші бір елдің тауар шығарушыларынан қарағанда тауар шығарушы нәтижелі болды. Нәтижесінде ресейлік тауар шығарушылары қазақстан базарында тұрақтап қалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, кезінде ең көлемді тауар номенклатурасының жоғалтқан ұстанымын қайтарып алды.
Дегемен Қазақстан ресейлік тауар экспортының кеңейтудің қолайлы жағдайлары белгілі бір мынадай себептермен толық мөлшерде таратылмай қалды: ішкі рыноктың таралу салдарынан шетке тауар шығарудың барлық жағынан нақтылы тауар жеткізу қысқартылғандықтан: ресей басқа бір үшінші бір елмен республика аймағында инвестициялық жобада бәсең қатынасады, бұл ресей тауарды экспорттау машинатехникалық өндірісін және тауарлар шығарудың кең көлемдегі мүмкіндігін төмендетеді. Соған орай 1999 жылы мемлекет тарапынан импорттық тауарлар әкелуге шектеулер қойылды, бұл бәрінен де Ресейден тауар жеткізуге әсер етті.
Тұтасымен алғанда 2000 жылы Қазақстанға Ресейден тауар әкелу 1999 жылы салыстырғанда ширек пайызға төмендеді, бұл 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады. 173
Екі елдің интеграцияны дамыту және нығайтуға бағытталған, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 1998-2000 жылы арналған экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасына сәйкес, бірлескен инвестициялық жобалар, әзірлемелері ұсынылған, бірлескен баға саясаттың жүргізу т.б. мәселелер бойынша әрекеттер шамаланған. Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері үкіметаралық комиссияның бірлескен мәжілісінде талқыланған, жоғары дәрежелі келіссөзде қаралған бұл мәселелерді шешуге мемлекет басшылар мңызды түрде қарағанын дәлелдейді.
Сол кезде келісімді жүзеге асырудан, мысалы, ауылшаруашылығы техникаксының өндірісінің ұлттық тасмалдау жүйесін құру, Қазақстан танкер флотының құрылысын салу қанағаттандырылығысыз болды.
Қазақстан мен Ресей президенттерінің 1999 жылы тамызда Бішкектегі кездесуде екі мемлекет үкіметтерінің алдында коммерциялық салада тығыз ынтымақтастықта болу, оның ішіде энергетика, машинақұрылғысы ауылшаруашылық машинақұрылысы, қорғаныс өнркәсібі салаларындағы ынтымақтастықта болу керек екендігін атап айтты. Бұл мәселелер ары қарай дамуға әсіресе тауар қатынастары пәрмеді түрде қарқындауы, өзара газ алмасу, тәсімі түрде тарату, бірлескен энергетика кәсіпорындарын құру, шекаралас ынтымақтастықты кеңейту, салық салуды реттеу, тариф мәселелері және т.б. нәтижесінде мүмкіндік алды.
2001 жылы 15 ақпанда Астанада өткен Үкіметаралық бесінші мәжілісте қазақстан-ресей ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қазақстан мен Ресей аралық интеграциялық процесі табысты түрде өтуде деп атап көрсетті.174
Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнайгаз саласы бойынша да үлкен болашақ ашылуда.
Қазақстан мұнайын сыртқы рыноктарға шығарудың бірнеше жолдары бар екені белгілі. Жүргізілген зерттеулер мен талдаулар көрсеткендей қазақстан мұнайын экспортқа шығарудың іске асыру Атырау-Самара арқылы Новороссийскі бағыты бойынша іс-жүзінде нақтылы және экономикалық тұрғыдан тиімді екенін көрсетті. Ресей жағы әуел бастан-ақ бұл нұсқаға игілікпен қарады, оны іске асыруда көптеген істер атқарды. Қазіргі уақытта құбыр жүргізу құрылыстары жүріп жатыр, ол 2001 жылы аяқталуы тиіс.
Ресей бар құбырларды, басқа да инфрақұрылымдарды пайдалана отырып негізгі ресейлік қатынасушы КТК-ЛукОйл компаниясына айтарлықтай қаржылай қосымша салыммен қамтамасыз етеді. Бұл компания өкілдері Қарашығанақ-Атырау мұнай құбырының құрылысына қатынасуға Меморандумға қол қойды, бұл Қарашығанақ мұнайы КТК мұнай құбыры арқылы сыртқа шығаруға қолайлы.
Қазақстан мен Ресей арасында «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірігіп пайдаланудың және ғарыш кеңістігінің бірлесіп зерттеудің көптеген келісімдері бар. Алғашқы құжат 1992 жылы қол қойылған Қазақстан мен Ресей үкіметтері ғарыш саласындағы қызметін ұйымдастыру туралы келісімге Хаттама болатын. Кейбір ғылыми бағдарламалар республиканың тапсырысы бойынша ғарыштық «Мир» станциясы арқылы орындалды. Мир станциясынан алынған геоақпарат жүйелері мәліметтер негізінде Алматы, Каспий, Арал аймақтарының экологиялық мониторингі жасалды. 1999 жылдан бастап Ресей жағы өзара қаржы мәселелерін реттеу туралы Келісімге сәйкес «Байқоңыр» кешенін жалға пайдаланғаны үшін кіріс салығын құяды ( жыл сайын 115 млн. АҚШ доллар көлемінде). Қаржы – несие қатынастарын реттеу екі жақтардың да алға қойған мүдделерінне жетудің, қазақстан-ресей қатынастарын тереңдете дамытудың тынысы болып тұр.
Қазіргі уақытта Қазақстан сондай-ақ «Ямал», «Днепр», «Достастық» жаңа ғарыш жобаларында өз орнын кеңейтуде. «Достастық» ғарыштық зымырандық комплексі мемлекеттік және коммерциялық мәселелерді шешу үшін, Қазақстан, Ресей, Украина мемлекеттерінің кәсіпорындары мен ұйымдары ресурстарының әлеуетін іске асыру мақсатына арналды.
Екі елдің жанар-энергетика саласындағы ынтымақтастығының серпінді көрсеткіштері қазақстан мұнайын ресей мұнай құбыры арқылы шетке тасымалдау жүйесіне квотаны ұлғайтуға келісім, қазақстан рыногінде екі ірі Ресей монополистері – РАО «ЕЭС Россия» мен ОАО «Газпром» компаниялары жасады.
Екі жақ сауда-экономикалық, іскерлік қатынастардың өзекті мәселелерін, мүдделерін орынды жақындастыру деген түсінушілікке келді. Бірінші кезекте салық салу мен тариф саясатында оң нәтижелер бар. Бұл тұрғыда тауар айналымының серпінділігіне өзгерістер бары байқалады. Қорытындысында 2000 жылы сауда көлемі 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады