Түркі халықтарының ежелгі діни сенім- нанымдары

Скачать

Көне түркі халықтарының мәдениеті жөнінде айтқанда , Біз бірінші және екінші қағандықтарға негіз болған төрт тайпаны – теле(оғыз), ашина( түркі), Енесей қырғыздары мен қыпшақтарды атаймыз. Түркі мәдениеті үш аймақта дамыды: 1) Енесей қырғыздарының мәдениеті; 2) Ертіс бойы қыпшақтарының мәдениеті.; 3) Алтай тауы мен қазіргі Монғолия , Жетісу , Шығыс Түркістан жеріндегі теле (оғыз), ашина(түркі) мәдениет орталықтары.
V-ІХ ғасырларда түркілер қоныстанған Алтай , Сібір, Орта және Орталық Азия жерлерінде жазу ,сызу ,егін егу , әдебиет , өнер, тарих ғылымдарының , діни сенімдерінің қалыптасқаны көпшілікке аян, оған Енесей жазу ескерткіштері, Орхон жылнамасы мен Талас аңғарынан табылған ескерткіштер айғақ.
Орхон –Енесей жазу ескерткіштері табылған уақыт түркі тілдерінің даму тарихындағы «Көне түркі» дәуіріне сай келеді. Шығыс түркі құрамында өмір сүрген тайпалар осы Орхон –Енесей жазуын қолданып, осы жазу тілінде сөйлеген. Орхон- Енесей жазу ескерткіштерінің ең көп табылған жері –Орхон, Енесей, Селенгі және Талас бойы.
Орхон – Енесей жазуы өзінің жау ерекшеліктерімен қолдану өрісіне сай Орхон- Енесей және Талас жазуы делініп, екі топқа бөлінеді.
Енисей жазба мұралары. Олардың бұлайша аталуы тас бетіндегі сына жазуларының Енесей бойынан табылуы мен байланысты. Бұған қосымша кейіннен Тува мен Хакасия , Краснояр өлкелерінен де осындай жазбалар табылған. Енисей жазбаоароының жалпы саны – 85 шамалы. Олардың ішінде кіші- гірім жазбалармен қатар ірі текстер дже кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкені- 10-158 жолдан , ең кішісі 1-2 жолдан тұрады. Қолданылуы жағынан Енисей ескерткіштері –ескі түркі жазуының алғашқы шығып қалыптасып, тараған нұсқасы . Бұл жазу біртіндеп Орхон өзені , одан Талас өзені өңіріне тараған. Бұл тұжырымның шындыққа жанасымдылығы жеке таңбалардың жазылу тәсілімен жетілдірілуінен де байқалады. Енисей жазба ескерткіштерінің ең көне түрі Минусинск ойпатынан табылған. Бұл жазбалар түркі халқфы белгілі бір мөлшерде отырықшы болып, металл өңдеғумен айналысқанын, мәдениетті ел болғанын көрсетеді.
Орхон жазуы көне түркі жазба мұраларының ішіндегі қазіргі түркі тектес халықтардың бәріне ортақ көне түркі әдеби тілінде жазылған. Ол кезде сонау Сібірден бастап,Орта Азия мен Қазақстан аймағы тұтастай Түркі қағандығының қол астына қараған болатын .VI ғасырдың ортасында қазіргі солтүстік Монғолия жерінде бас құраған Түркі қағандығы сол ғасырдың аяқ шенінде батысы Каспий теңізіне , шығысы Корей бұғазына дейінгі аралықты алып жатқан ұлы империяға айналды. Кейіе келе Датыс Түркі және Шығыс Түркі қағандығы деп аталатын екі үлкен қағандыққа бөлініп кеткені белгілі. Солай бола тұра , V- VIII ғасырларда жартастардың беттері мен тас мүсіндерге , сондай- ақ кейбір ыдыстардың жиегі , түбі мен, қабырғаларына ойылып жазылған көне түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхан жазба мұралары . Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Оның бірінші – 731 жылы өлген хан інісі Күлтегінге , екіншісі- -735 жылы өлген Білге қағанның өзіне , Ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескеркіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған үш тарихи мұра ерекше аталады. Тоныкөк туралы Копенгагендік профессор В. Томсен мен Клеменц ханымның еңбектерінен мынадай мағлұмат ала аламыз: Орхон жазбаларында көрсетілгендей , Тоныкөк деп табылған ескеркіште ол – үш ханның ақылшысы және Білге қағанның құдасы болған адам. Қытай жазбаларында Тоныкөк жайлы 716 жылы айтылған. Елтерістің патшалық құруында оның қосқан үлесі туралы қытай және және Тоныкөк жазбаларында толық көрсетілген. Көне түркі жазуын кейде руна деп те атайды. Көне түркі жазбаларын кейде « руна » жазуы деп те атайды. Оның себебі: Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т. Страленберг пен немістің ғалымы Д.Г.Мессершмидт кездестірген құлпытастардағы өзі түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде « руна » жазуы деп атаған еді. Бұл сөз термин ретінде бертін келе кеңінен таралып кетті.
Орхон ескеркіштері оқиғалар мерзімі , жазу , стилі жағынан ескі түркі жазуының соңғы – жаңа дәуірін танытады. Оның бер жағында Орхон жазуы , сәрә, халық арасына кеңінен тараған болу керек . Күлтегін ескеркіштерінде мынадай сөйлемдер кездеседі : « Түркі халқын жиып, ел еткендеріңді де мұнда бастым. Барлық сөзімді айтар мәңгілік тасқа бастым, бұдан қарап біліңдер , түркінің қазіргі халқының бектері » -дейді .(1)
Орхон жазбалары осы жағдайлардың тамаша көрінісін берген . Бұл жерде бұрын өз мемлекеті болған түркілердің қытайлардан ижеңіліп шамамен 50-жыл бойы қытай билігінде болып, кейбір княздар Қытай титулдарын қабылдап, түркі бектероі болудан қалғандығын айтады .
Орхон жазбаларында әскери күш және әскери рух қаншалықты дәріптеліп отырғанына қарамастан , одан адамшылыққа жат пиғыл кездеспейді.
Ал әскери тұрмысқа келетін болсақ әрбір жауынгер соғыста ғана емес , күнделікті өмірде де ержүрек әрі ақылды болуы керек екенін ескертіп отырады.
Жазба ескерткіштегі Білге қаған үлкен ел басқарушы , Күлтегін өз заманының даңқты батыры , Тоныкөк әрі батыр , әрі шешен , әрі жырау,кемеңгер ақыл иесі. Тастағы жазбада Тоныкөк мемлекет қамын ойлайтын басшы ретінде суреттелсе , Күлтегін өз ағасы Білге қаған кезінде әскер басы болған, оның батырлығы сол кездегі ерліктің дара үлгісі ретінде беріледі. Сол жазбалардың ішінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған шешендік сөз үлгілері мен өлең ұйқастары , мақал – мәтелдер , арнаулар мен жоқтаулар молынан кездеседі.
Талас ескерткіштері.талас өзені аңғары маңынан табылған ескерткіштер «Талас ескерткіштері » деп аталып жүр. Талас өзені бойынан Қырғызстан жерінен барлығы 13-ескеркіш табылған . Таластан табылған ескерткіштер көлемі әзірше өте шағын және сан жағынан да аз.
Талас алқабынан 1932 жылы табылған руна жазуы бар асатаяқ та қызықтырары сөзсіз. Оның төрт қырына да көне түркі алфавитімен жазылған . Бұл асатаяқ шыршадан жасалған бұның құндылығы да осында. Асатаяқ қазір Санкт- Петербургтегі Эрмитажда сақтаулы.
Орхон – Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулы , тастар Әулиата түбінен Талдықорған өңірінен , Сарарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен , ежелгі түркі елі белгілі – бір аумақта өмір сүріп, , өзіне лайық жазуын , тілін, өзге мәдениетін дамытқан . Ежелгі түркі мәдениетьінің орталықтары Енесей, Отхон , Селенгі , талас өзендерінің бойы , Миниоивск ойпаты , Алтай тауы қазіргі Тува , Краснояр , Жетісу аймақтары болды. Оған шығысы Хангай, Сарөзеннен , Батысы Карпат, тауларына , оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан , Теріскейі Ленаға дейінгі арлықтағы байтвқ аймақты мекендкеген тірік халықтарының жазу- сызу дәстүрлерінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде Түрік жұрттарның жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есе,птеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша , көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тері бетіне 310- беттей мәтін түсіпті. Маихей әріпімен 554 бетке жуық мұралар , ұйғыр әрпімен 100-ға тарта мәтіндер , 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Арап әрпімен жасалған орта ғасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде Құруар мұралар қалдырған. (2)
Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін ,Тоныкөк ,Білге, Бумын қағндар әрі тарихи , әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерленріне айналды. Ардақты есімдерді ел алдында сақтау үшін сол заманның данагөй білідарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді. Түркі тайпаларынан қалған бұл ескрткіштер көне дәуірдің қоғамдық- мәдени , әрі әдеби тұрмыс салт өмірлерінен хабар беретін жәдігерлер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап өз заманының шындығы мен қайғы қасіретін , амал -әрекетін бейнелеп еш өзгерместен күні бүгінге дейін жетіп отыр .
Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған кһөне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, , ескерткіштер саны жыл сайын өсіп жатыр.
Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерінгеографиялық , мазмұндық және дәуірлік мәніне қарапр, Орхон ,Енисей, Талас деп үш топқа бөлінеді . Оның ішінен Талас жазбалары Қазақстанның Оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құроайды және аталған жазба ескеркіштердің тікелей жалғасы болып табылатын ортағасырлық мұралар мен тарихи орындар осы таулы қыратты өзенді аймақтарда орналасқан.
Сан жылданр бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан алғаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазуларынан ерекшеленді. Іле –шала Ертіс өзені болйынан қола айнадағы жазу , ал 70- жылдары Іле өзені бойынан күміс тостағандағы жазу табылды. Мұндай тарихи мәні зор жазуларлдың бүгінде Қазқстанның кез-келген өңірінде сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім. Қазіргі кезде ежелгі түркі тайпалық одақтары өмір сүрген аймақтардан руникалық жазумен ойылып жазылған үй тұрмысына қажетті заттар , қой тастар табылып жатыр.
Орталық Азия мен Қазақстан жерлерінен табылып жатқан руникалық түркі жазбалары Орхон таңдаларынан өзіндік ерекшелігімен дараланады. Мұнда Орхон немесе Енисей өзендері аңғарларынан табылған жазулардағы барлық таңбалардан бөлек , өзгеше жазылған көне әріптер кездеседі. Мұның өзі түркі жазуы эжүйесінің ертеден қалыптасқан жүйелі әліппе , жазу мәдениетіміздің тереңде екенін аңғартады.
Ежелгі түркі туралы Орхон материалдарынан басқа да табылған археологиялық материалдар баршылық. Бұл материалды оқып білу әлі күнге дейін кешеуілдеп, нақты тарихи деректерді көрсететін мәліметтердің көбінің әлі басы ашылмай келеді. Оған мына жағдай даснбеп болды. : Х ғасырда исламды уағыздаушылар өздерінң исламға дейінгі қарсфы шығып, бұрын жасалған түркі мәдениетін ислам дініне құрбан етті. Бұл саясат кеңес үкіметі кезінде де толастамады.






Зерттеушілердің айтуына қарағанда бір ғана Қазақстанда ата – бабамыздан қалған заттық мәдениеттің 25 мыңға тарта ескеркіші бар (1). Олар негізінен Сыр бойына , Отырар алқабына , Маңғыстау мен Үстіртке , Ұлытау төңірегіне , Талас , Шу аңғарына , Жетісу мен Ертіс сыртына шоғырланған. Көкше өңіріндегі мұнан 5- мың жыл бұрынғы қоныстың орны Ботай, Іленің оң жақ қанатындағы Бесшатыр қорғандары , Қаракеңірдегі Домбауыл ғибпдатханасы , Маңғыстаудағы Шақпақата мешіті халқымыздың мақтанышыхалқымыздың мақтанышы , олардың ғасырлар бойы қалыптасқан құрылыс мәдениетінің жетістіктері болып табылады.
Қазір ғылым тарапынан қолдау таба бастаған Отырар өркениетін Отырар мен оның өзінен кем түсе қоймайтын іргелестері – Көкмардан , Кедер (Құйрықтөбе ) Оқсыз, Қаракөншек, Шілік олардың тікелей ықпалында болған Иасы(Түркістан) , Баба Ата, Құмкент,Хұрлұқ, (Щымкент) сияқты ортағасырлық қоныстар қалыптастырылған. Мұны біз – Отырар , Қаратау мәдениеті дегенге жататын Көкмардан, Күйкімардан, Қыркескен қазбаларынан табылған заттардан әсіресе балшықтан күйдірілген, тастан қашалған, металлдан соғылған бұйымдаодан , еңбек құралдарынан аңғарамыз. Қалалардың қаулай өсуіне VІ-ІХ ғасырларда архитектура менқосалқы өнердің жаңа үлгілерінің туындауы себеп болды. Бертін келе Х-ХІ ғасырлар құрылыста күйдірілген кірпіш , гипс , Алебастр, кеңінен қолданылып, глазунь бояуымен және ою- өрнекпен үйді безендіру кең өріс алды.
Отырар 18- ғасырдан астам өмір сүрген ұлы қала, бүгінде өзінің үйіндісінің ауқымымен қайран қалдырытын алып төбеге айналған.
Отырырдың берік қамалы , айнала қазылған сулы ор үстіндегі аспалы көпірлермен жабдықталған үш қақапасы болған. Олар арқылы жұрт мұқият орналасырылған көшелермеен қаланың орталық алаңына шығады екен. Ақша салатын орынның қолөнершілер тұрағының , су құбырының нәжіс жүйесінің болуы мұндағы қала тіршілігінің астаналық сипатта болғанын көрсетеді. Отырармен аттас көгалды алқөаптың қалаға тіркесе жатқан бөлігінің өзінде оннан астам үлкенді- кішілі қалалар болған. Ғажайып суландыру жүйесі бар қала егістігінің өзі әлденеше шақырымға созылып жатқан.
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бірінде өздері тұрып екіншісінде қонақ күрерін ортасы дәлізбен ажырасатын екі бөлмелі «қоржын үйі» оның өн бойына түнек салатыны археологтар пікірін растайды .
Профессор Мендіқұлов қазақ арасында кеңінен тараған тұрғын жайдың негізгі екі түрінен – далалық қыстаудан , ондағы «ауыз үй», «оттық үй», «жатақ үй», «қонақ үй » тіркеспесінен де оңтүсмтіктің «қарсы есіктісінен» де қоржын іспетті ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстіне Алтайдың орманды алқабында тұратын түркілердің ағаштан түйістіріп тұрғызылатын төрт қабырғалы «қыстағынан»да , бес қабырғалы «дүкенінен» де оларға тіркестіре орналастырылған «шарбақ үйінен »де , тіпті Арал мен Каспий балықшыларының лашығынан да қоржын үй сарыны байқалалады.(1)
Қазақтың өзіне тән тұрғын үйлері – шошала, тұрғын үй, тіркеспе , тоқалтам , қыстық, дүкен, шарбақ үй, жертөле, әлшек ғылым мен мәдениет үшін ең алдымен біздек қалыптасқан сәулет өнерінде қаңқаның, төбежанның, ұстынның, есік- терезе ойықтарының құрастырма бөлшектердің орнығу үлгісін , құрылыс тәсілдеріндегі , материвл таңдаудағы жапсарбастағы түбегейлі өзгерістерді , қазақ құрылысшыларының қарсы , әсірес е үй тұрғызуда ұқыптылық көрсете білгеннін айқындайтындығымен құнды.
Археологиялық зерттеулер қазіргі Қазақстан,Өзбек, Қырғыз , Түрікмен, Якут, Монғолия аймақтарында жүздеген тұрақты қоныстар мен қалалардың көне жұрттарын тауып ежелгі түркі тайпаларының өзіндік материалдық және рухани мәдениеті болғандығын айқындап отыр. Күнкөріске байланысты қалыптасқан түркілердің қол өнері , оған тікелей қатысты ою өрнегі , қайталанбас үй жиһаздары, киім кешегі, қару жарағы , әуез аспаптары, тіпті қырыққа тарта жанры мен қосалқылары бар өте бай ауыз әдебиеті белгілі – бір мазмұнға құрылатын күйлері, ақындық , шешендік өнері , әр түрлі кейіпке кіре өнер көрсететін жалғыз орындаушыдан тұратын халық теотры, халық әуендері боллған.
Отырардың іргесінде ІХ-Х ғасырларға жататын тұрғын жайдың орнын қазғанда саз балшықтан күйдірілген ойыншының маскасы табылған. Мұның өзі жасанып маска киіп жұрт алдына шығатындардың қатысуымен өтетін қызықшылық түркілерде орта ғасырларда болған деген ой туғызады.
Тіптен қазақ арасында баланың әуездік қабілетін дамыту үшін дүңгіршек , шың , қамыссырнай , қостілік сақпан сияқты аспаптар мен бірге пайдаланылып келген үскіріетің Отырардан табылғаны да кездейсоқ емес.
Түркілердің астрономия саласындағы жетіатіктері де әйгілі болған . Олар негізгі планеталар мен жұлдыздар қозғалысын жетік біліп, олардың әрқайсысына жеке – жеке ат қойып белгілеген. Көне түркілердің ай колендары , жыл қайыру жүйесі болған. Көне түркілер аспан денесінің қозғалысына қарап, ауа райын жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтап, саяхатшылар керуен жолын айқындайтын борлған. Көне түркілер геометрия , математика ғылымдарынан да біршама хабардар болып, оны су жүйелерін салуға күрделі ғимараттар , қарауыл төбе тұрғызуға пайдаланған. Түсті металды, түрлі минералды еріту әджістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген . Тас, құмды ерітіп, шыны кесе жасаған. Түрлі металдардан қару жарақ, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды түркі шеберлері жақсы меңгерген.(2)
Кезінде Іле Алатауц мен тау өзендерінің аңғарында отырықшы жер өңдеумен айналысқан тайпалардың қоныстары мен қалалары пайда болды. Олар әдетте керуен жолдарының бойында орналасқан. Келе –келе бұл қалаларға саудагерлер мен қолөнершілер қоныстана бастады. Алматының орнында VIII-Xғасырларда қоныстар болған. Олардың бірі ғалымдардың болжауынша Алмату деп аталған. Қазір бұл орындар құрылыстардың астында қалып отыр. 1893 жылы акодемик Бартоьт Алмату қаласының орнын тапқан. Тіпті осы ғасырдың 20- жылдарының өзінде де осы қирандыларды көруге болатын. Осыладың ең үлкен қоныстары «Ботаника» бағымен «Горный гигант»савхозының тұрғын жайлар орналасқан көтеріңкі алаңы топырақпен айналдыра үйінді тәріздес етіп қоршалған, ол қала қабырғасы іспеттес болған.
Зерттеуші – Городецкий қалалық құрылыстар қазіргі қазіргі Абай даңғ,ылының бойында болған деген болжам жасайды және бұл қаланың шамалы ғана бір бөлігі. Сауда және керуен жлдарының қиыолысқан тұсындағы үлкен сауда орталығы ретінде Алмату арабтарға , парсыларға белгілі болған. Жерорта теңізінен бастап, Еуразияны кесіп өтіп Қытайға дейін барған керуен жолдарының жүйесі – Ұлы
Жібек жолы ерте және орта ғасырларда батыспен шығыс аоасындағы сауда және мәдениеттік қатынастың дамуына алтын арқау болды. Жібек жолыныан ең ұзын және ең үлкен керуен жолдарының бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өтті. Желісу мен оңтүстік Қазақстанда қалалық , феодалдық мәдениеттің дамуында Ұлы Жібек жолы үлкен рөл атқарды. Бұл Жетісуда жаңа қалардың пайда болуынан , ал Оңтүстік Қазақстанда Жібек жолының бойындағы қалардың немесе сол қалармен сауда байланыстары болған қоныстардың тез өсуі мен дамуынан көрінді Жібек жолының қазақстандық бөлігі осындай еді. Егер осы жолмен Батыстан Шығысқа қарай жылжыр болсақ , оны мынадай түрде көз алдымызға елестете аламыз: Шам(Ташкент )қаласы арқылы Тұрбат пен Испиджабқа одан кейін керуен Таразға жылжитын.
Сөйтіп VI-IX ғасырлардағы қалалардағы қалалар мен қоныстар негізінен сауда саттық және қолөнер кәсібінің орталығы ретінде қырдағы ел мен отырықшы аймақты байланыстырушы маңызды экономикалық буын ретінде өмірге келген. Ежелгі Қазақстанның экономикалық және мәдени орталықтарының бірі Тараз қаласы болды. Арабтарт Отырарды Фараб деп атап кеткен . Тараз қаласы VIІ ғасырда Ұлы Жібек жоландағы аса ірі мәдени орталықтың біріне айналды. Оңтүстік өңірдегі аса ірі қалардың бірі Испиджаб(Сайрам ) қаласы болды. Византиямен, Иранмен , Кавказбен, Алтаймен ,Шығыс Түркістанмен сауда және мәдени байланыс жасауда Сығанақ , Қойлық сияқты қалалар өте маңызды рөл атқарды. Испиджабтан шыққан керуен Құмкент ,Баба Ата , Созақ қалаларына , Орталық Қазақстанның ұлан-ғайыр далаларына, Кеңгір Жезді, Нұра , Ертіс , Ырғыз аңғарларына қарай бет алды . Қарахан мемлекеті кезінде тұрғызылған сәулет өненрінің озық үлгілеріне Х-ХІІ ғасырларда Жетісу ,Сырдария алқаптарында тұрғызылған Аиша бибі күмбезі , Аяққамыр , Алашахан нүмбездері , Бабашахатун мавзолиі т.б. жатады. Көпір салу ісі Талас өзені бойында өркендеді. Сәулетті құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр типтерін пайдалану қалыптастыруға Аркасвод- күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға , көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.


Скачать


zharar.kz