Рашид әд-Диннің айтуынан түркілердің аңшылық өмірі адам төзгісіз ауыр болғанын аңшылардың алғашқы діни көзқарастарынан аңғаруға болады. Ал түркі халықтарының дәстүрлері мен тәлім – тәрбиелік мұралары жазба материалдарда толық ашылмаған, мәлімет өте аз.
Түркілердің тарихы бізге Х ғасырдың аяғында жазылған парсы географиялық шығармалары арқылы белгілі . Оның ең бастысы – дәлірегі ХІ ғасырдағы Туманский деп аталған қлжазбасы. Бұдан басқа да ертеректе жазылған түпнұсқаларда , ХІ ғасырдың басында Бағдатта Араб тілінде жазылған Махмуд Қашқари еңбегінде түркіт халқының географиялық жағдайы , этнографиясы , мекендегени жағдайы, жерлері, туралы көптеген мәліметтер келтірілген. Нақтылы қролда бар құжаттарға сүйенсек , қырғыздардың эпикалық поэзиясы – «Манас » жырының ел арасына тарағанына 1995 жылы 1- мың жыл толды. Бұл дастан жеке қырғыздардаң ғана емес , бүкі түркі халықтарының әдеби , рухани мұрасы. Түркі халықтарының ата тегінен қалған нақты рухани мұралар үлгісіне Орхон – Енисей бойынан табылған тасқа ойылып жазылған ескеркіштер жатады. Ескеркіштер ежелгі заман тайпаларының Түркі заман тұсындағы тұрмысы мен, салты мәдениеті мен жаугершілік жортуылдарын мәнерлі тілмен өсиет үлгісінде баяндаған . Тәңірінің жарлығы мен ьолатын қаған бектері мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі , бектердің қара халықты билеп төстеуі , міне ,екі тастағы жазуға да негізгі желі осылар. Орхон – Енисей ескерткіштері тектес таңба жазулы , тастар Әулиата түбінен Талдықорған өңірінен , Сарарқадан және Алматы маңынан табылған. Сонымен , ежелгі түркі елі белгілі – бір аумақта өмір сүріп, , өзіне лайық жазуын , тілін, өзге мәдениетін дамытқан . Ежелгі түркі мәдениетьінің орталықтары Енесей, Отхон , Селенгі , талас өзендерінің бойы , Миниоивск ойпаты , Алтай тауы қазіргі Тува , Краснояр , Жетісу аймақтары болды. Оған шығысы Хангай, Сарөзеннен , Батысы Карпат, тауларына , оңтүстігі Қытайдың Аққорғанынан , Теріскейі Ленаға дейінгі арлықтағы байтвқ аймақты мекендкеген тірік халықтарының жазу- сызу дәстүрлерінен қалған барлық мұралар енеді. Ғылым әлемінде Түрік жұрттарның жәдігері ретінде танылған жазулар 2500 жылдан бері бар деп есе,птеледі. Әзірге мәлім болған есеп бойынша , көне түрік жазуымен тас бетіне 240-тай, қағаз бен тері бетіне 310- беттей мәтін түсіпті. Маихей әріпімен 554 бетке жуық мұралар , ұйғыр әрпімен 100-ға тарта мәтіндер , 10-ға жуық кітаптар жасалыпты. Арап әрпімен жасалған орта ғасырлық дүниелер қаншама. Жалпы түрік халықтары XVI ғасырға дейін оннан астам жазу үлгісін қолданып, пайдаланған кездерінде Құруар мұралар қалдырған. (2)
Ежелгі түркілерлдің ауызекі поэтикалық дәстүрі бізгеVІІІ-ІХ ғасырдларда жасалған әнші әрі музыкант , талай- талай тамаша әуендер шығарған Қорқыт атаның есімін сақтап жеткізді .
Қорқыт адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, жаниесі пендені ажал құрығынан құтқармақ болады . Ағаш кесіп алып одан қобыз жасаған өзінің жанын жігедей жеген ой – сезімдерін – қазалы жанның өлімнен қашып, құтылуының амалын азалы күйімен үндестіреді . Оның музыкалық туындылыры бізге көркемдігі ғажап, эпос үлгісіндегі поэзия ретінде жетті .
Онда көшпелі халықтардың тұрмысы мен әдет ғұрпы , діни сенімдерін бейнелейтін мәліметтер аз емес. Бұл тәлім – тәрдиелік мәнімен де аса қызықты құжат. Онда мынадай тұжырымдар кезеседі.: «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман; Мекнмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді., Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ; Қонағы жоқ қарашва үйден төз артық, Өтірік сөз өрге баспайды» деген сияқты өсиеттер қалдырған. Эпостық сарында исламғак дейінгі түркі халықтарының мәдени мұрасы «Оғызнама» , оның түп нұсқасы шамамен алғанда Іх- Х ғасырларда жазылған болуы керек. Бірақ біздің уақытымызға дейін сақталмаған болуы керек. «Оғызнаманың» кейінірек шығарылған екі түрлі нұсқасы болды. Бірі – ұйғыр , екіншісі араб алфавитімен жазылған. Оғыз – түркі халықтарының аты аңызға айналып кеткен батыры , қолбасшысы . Бізге мәлім материалдардың бәрінде де оғыздың өмірі мен әскери жорықтары , халық игілігі үшін сіңірген еңбектері мен қоғам қайраткері ретіндегі істері әңгімеленеді.
Ұйғыр жазуымен берілген нұсқа 21- парақтан , 42 беттен тұрады. Әр бетте 9- жлдан жазу бар. Жазылған жері ж дыбысымен сөйлейтін тайпалардың ортасы болу керек деген пікір бар. Араб алфавитімен жазылған түпнұсқасының авторы Абулғазы бин Араб Мұхамед хан делініп, жүр. Ол тарихта Хиуаның ханы , атақты әскери қолбасшы әрі үлкен тарихшы ретінде мәлім болған адам. Абулғазының екі еңбегі бар:
1. «Шежіре – ит- терекіме»;
2. «Шежіре – ит- Түркі».
Екеуінің де мазмұны оғыз хан жайында .
«Қорқыт ата», «Оғызнама »түркі халықтарының сан ғасырлар бойғы үлкен тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинап өзіндік салт- сана мен әдет – ғұрып, дәстүр , рәсімдерін тұрғызды. Бұлар халық бұқарасының ой- өрісінің . тұрақтасқан жөн- жосақтардың әр адамның іс- әрекетінің қоғамдық ортада қалыптасқан нормалары мен приняиптерінің көрінісі еді.
Көшпелі халық өзі өмір сүрген қоғамны- әлеуметтік – экономикалық жағдайларына , мәдениетіне , тарихына орайлас жас буынға тәлім тәрбие берудің айрықша талап тірекрерін дүниеге әкелді.