Қазақстан Азия мен Европаның түйіскен бөлігіне, материк орталығына, теңіздер мен мұхиттардан аулағырақ орналасқан. Батыста Астрахань далалары мен Каспий теңізінен басталып, шығысқа қарай Алтай тауларына, Қытай шекарасына дейін 3000 километрге, солтүстікте Батыс Сібір ойпатынан басталып оңтүстікке қарай Тянь-Шань тауларына, Орта Азия республикалары жерлеріне дейін 1800 километрге созылып жатыр.
Осындай ұлан-байтақ, кен, көлемдегі республика жерінің ау? райы, жер бедері, геологиялық, зоологиялық құрылымы жағынан сан алуан. Олар батыстан шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке басқан сайын ендік және бойлық бағытта бірте-бірте өзгере береді: батысы мен оңтүстігі және солтүстік жағы ойпат-жазықты, орта шені қыратты, ал оңтүстік шығысы таулы болып келеді.
Қазақ жерінің зерттелуі тым әріге кетеді. Ең алғашқы жалпылама деректер біздің заманымызға дейінгі екінші ғасырларда өмір сүрген қытайлықтардың жазғандарында кездеседі. Сондай-ақ ол араб, парсы саяхатшыларының еңбектерінде де баршылық.
Қазақ жерінің, Орта, Орталык, Азияның, Сібірдін, зерттелуі орыс халқының Азия, Европа елдерімен елшілер алмасып, қарым-қатынас, сауда-саттық жасауымен байланысты өрістеді. Айталық, европалықтардан Азияға бірінші болып өткен Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) қазақ жері туралы біраз материалдар қалдырды.
Атақты Қытай жиһаикезі Чжан Цянь біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда—138 жылы Хуахэ өзені бойындағы Қытай астанасынан шығып, ол кезде Алтай, Тямь-Шань тауларын, Жетісу өлкесін, Ферғана ойпатын мекендейтін үйсін тайпасына елшілікке аттанды. Бірақ оны Қытай қамал-қақпасынан шығысымен-ақ гундер тұтқынға алды. Кейін Чжан Цзянь қашып шықты да, үзақ та ауыр жол жүріп Тянь-Шаньнін, оңтүстік шығысындағы Ыстықкөл жағзсына кепді. Осындағы үйсін тайпасы басшыларының көмегі-Ален Ортз Азия, Қазақстанның оңтүстігі турапы тұңғыш географиялық магериалдар жинап, біздін, эрамызға дейінгі 127 жылы Кытайға оралды. Ол Отанына Орта Азиядан жоңышқа мен жүзім тұқымын, арғымақ ат әкелді. «Сырдария бойында бау-бақшаға бөленген жетпіс шақты қала бар» деп жазды жиһанкез.
Біздін, заманымыздың VII ғасырында Қытайдан Орта Азия, Қазақ жері арқылы Үндістанға еткен белгілі Қытай жиһанкез-саяхатшысы Сюан-Цзян Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік өңірінің, ауа райын, жол қатынасын, жер бедерін, өсімдік, жануарлар дүниесін, тұрмысы мен экономикасын толығырақ баяндады.
«Жібек жолы» шығыста Хуанхэ (Сары өзен) жағасындағы Ланьчжоу қаласынан басталып, «Қытай ұлы қамалын» жағалай жүріп, Дунь-Хуан қақпасынан өткен соң солтүстік «жібек жолы» және онтүстік «жібек жопы» болып екіге бөпінеді. Алдыңғысы Ланьчжоу қаласын Синьцзян арқылы Каспий, Азов, Жерорта, Қара теңіздер жағалауларын, Орта Азия, Қазақстан жерін баса жүріп, ертедегі Греция, Рим империясымен, олардын, отарларымен байланыстырады. Ал соңғысы Лобнор көлі, Такла-Макан шөлі арқылы Үндістанға өтеді. Сөйтіп, Қытай жібегі алғашқы жолмен Европа, Кавказ, Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан жеріне, соғысымен Үндістан мен Қытайға тарайтын. Осы жолмен әрлі-берлі ағылған елшілер, дипломаттар, саяхатшылар, копес-саудагерлер, діншілдер Орта Азия мен Қазақ өлкесін әлемге әйгіледі. Орта Азия мен Қазақ жері арқылы Орыс мемлекеті мен Үн-дістан, Иран, Қытай елдерінің арасында ерте күздін, өзінде-ақ сауда саттық, мәдени қарым-қатынас орнады. Бұл қатынастар бір жағынан Еділ өзені, Каспий, Арап теңіздері, Сырдария мен Амудария арқылы, екінші жағынан Ертіс өзені бойымен жүргізіпді.