Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымында Шығыс Қазақстан облысы экономикалық жағынан біршама дамыған болып саналады, ал Шығыс аймағы шаруашылығының жетекші салалары ел экономикасына тұтастай үстемді әсерін тигізеді.
Шығыс Қазақстан облысы 256 млн. тоннаға жуық шартты отын өндіреді, 15% ресурстан асатын, олардың баламалы табысының және өндірістің шығынынан 3-4 есе төмен энергия үнемдеудің орасан зор пайдаланбаған потенциалы бар.
Шығыс Қазақстан облысында 2015 жылға дейінгі кезеңде энергия үнемдеу бағдарламасын жүзеге асырудан энергия ресурстардың 85 млн.тонна шартты отынға экономикалық ақталған үнемделуіне жетуге болады. Облыстағы энергия үнемдеудің мөлшері – бұл шамамен елдегі жоспарланған энергия үнемдеуден 7%. Осы аймақтық мақсатты бағдарламаны құрастыру қажеттілігі келесі себептермен келісілген:
- өткізілетін шаралардың экономикалық мақсатқа сәйкестілігімен және энергия үнемдеудің елеулі потенциалымен;
- облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін төмендетумен;
- жаңартылмайтын табиғи ресурстардың шектеулі мөлшерімен;
- өндірістің төмен мәдениетімен.
Облыстағы энергетикалық ресурстарды пайдаланудың төмен нәтижелілігі көбінесе жетілмегендігімен, ал кейде қажетті нормативтік-құқылық, қаржылық-экономикалық механизмдердің жоқтығымен, сондай-ақ оларды жеткіліксіз және кешенсіз қолданумен келісілген.
Энергия үнемдеуге байланысты осы Тұжырымдама директивті құжат болмайды. Ол келесі сұрақтарды шешуге бағытталған:
- Шығыс Қазақстан облысы мен аудандарының энергетикалық болашағын қалыптасқан үрдіске сүйене отырып бағалау және облыс пен аудандардағы энергия үнемдеу саясатын анықтау;
- заң және басқа нормативтік актілер түрінде Бағдарламаны жүзеге асыру механизмін анықтау;
- ұсынылатын шаралардың тәжірибелік нақты көрсетілгені бойынша шараларды жасау.
Аймақтық бағдарлама энергия үнемдеу саясатын енгізуде аймақтарға барынша дербестік берілгендігіне сүйенеді. Аймақта энергия үнемдеуші стратегияны жүзеге асыру облыс пен аудандар экономикасының дамуына, өндірістік сала мен әлеуметтік-тұрмыстық секторда технологиялық базаның жетілуіне оң әсер береді, құнсыздану процестерін төмендетуге, тауар өндірушілердің бәсекелесу қабілеттілігін арттыруға жағдай туғызады, ішкі аймақтық өнімнің өсуінде және ең соңында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуда құптарлықтай байқалады.
Отын-энергетикалық ресурстарына баға қосылу экономикадағы құнсыздану процесін күшейтеді, энергосыйымды өндірістердің рентабельділігін төмендетеді, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында банкроттық санын өсіреді, тұрғындардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Бұл энергия үнемдеу процестерін ынталандырады.
2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тұжырымдаманың мақсаты – облыс пен аудандар экономикасын энергия үнемдеу жолына жедел ауыстыру есебінен 2015 жылға дейінгі кезеңге Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыздандыру.
Ол үшін 2015 жылға ішкі аймақтық өнімнің (ІАӨ) энергосыйымдылығын 11%-дан кем болмайтындай төмендету мақсатында энергетикалық ресурстарды нәтижелі пайдалануды қамтамасыздандыратын ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, ғылыми-техникалық және технологиялық жағдайларды құру қажет.
Оны жүзеге асыру 2007-2015 жылдар кезеңінде пайдаланатын отынның үштен бірін үнемдеуге әкеледі, бұл Шығыс Қазақстан облысының энергия ресурстарын үш жыл ішінде пайдаланумен сайма-сай.
Бағдарлама өндіріс пен энергия ресурстарын пайдалану кезінде облыста энергия үнемдеу саясатын жүргізу басым бағыт болатындығын мақұлдайды.
Энергия үнемдеу бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары мыналар болады:
• шикізат ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру;
• энергия ресурстарының, газдың, судың шығынын реттеп есептейтін құралдарды кеңінен қолдану.
Жалпы аймақтық өнім энергетикалық сыйымдылығының өсуін тоқтатуды қамтамасыздандыратын облыс экономикасы салаларының құрылымдық қайта құрылуы – энергия үнемдеудің басты мақсаты болуы тиіс.
3. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
Облыс аумағында жеті энергетикалық көз, соның ішінде үш су электр станциясы (Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Шүлбі СЭС-і) және жалпы қондырылған қуаттылығы 2076 МВт төрт ірі жылу станциялары (Өскемен, Семей, Риддер және Согра ЖЭО) орналасқан:
- Өскемен СЭС-і – 331 МВт;
- Шүлбі СЭС-і – 702 МВт;
- Бұқтырма СЭС-і – 675 МВт;
- Өскемен ЖЭО – 241 МВт; 1060 Гкал/сағ;
- Согра ЖЭО – 50 МВт; 315 Гкал/сағ;
- Риддер ЖЭО – 47 МВт; 337 Гкал/сағ;
- Семей ЖЭО – 18 МВт; 420 Гкал/сағ;
- Лениногор СЭС-і каскады – 12 МВт.
Энергетиканың негізгі кәсіпорындары 1997 жылы жылу станцияларын сатып алған және Өскемен СЭС-і мен Шүлбі СЭС-ін 20 жылға концессияға және 1999 жылы облыстың аймақтық энергетикалық компанияларын 15 жылға басқаруға алған «AES» американдық компаниясының бақылауында тұр.
1997 жылы Бұқтырма СЭС-інің мүліктік кешені «Қазцинк» ААҚ-қа 25 жылға концессияға берілді.
Облыста аймақаралық деңгейдегі электр желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауды «KEGOC» АҚ-ның «Восточные МЭС» филиалы жүзеге асырады, олардың балансында ҚС-200/500 кВ – 5 дана, ЭБЖ 110/220/500 кВ – 1039,1 км бар.
Облыс аумағындағы елді мекендерді электрмен жабдықтау аймақтық энергетикалық компаниялармен қамтамасыздандырылады: «ШҚ АЭК» АҚ және «ШҚ АЭК» АҚ-ның Семейдегі филиалы. Электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 33 397 км құрайды, қосалқы станциялар – 161 дана, трансформаторлық қосалқы станция (ТҚС) мен жиынтық трансформаторлық қосалқы станция (ЖТҚС) – 6668 дана.
2006 жылы облыстың энергетикалық кешен кәсіпорындарымен 7,2 млрд. кВт.сағ. электр энергия өндірілді. Электр энергия желісіне 6,82 млрд. кВт.сағ. жіберілді.
Электр энергияны қолданудың мөлшері облыс бойынша электр энергияны өндірудің мөлшерінен 927 млн. кВт.сағ. артты.
Облыстағы электр энергия тапшылығы ұлғаюда, бұл қазірдің өзінде облысты энергиямен жабдықтауда кейбір қиындықтарды туғызуда. Өскемен, Семей, Зырян қалаларының жеке аудандарындағы қуат тапшылығынан бүгінде қосымша жүктеме қосуға техникалық шарт беру мүмкіншілігі жоқ.
Электр станциялардың, электр беру желілерінің, коммутациялық аппаратураның негізгі жабдықтарының жартысынан көбі пайдаланудың нормативтік мерзімін аяқтады және саптан апаттық шығу сатысында тұр, бұл облысты энергиямен қамтамасыздандыру сенімділігін қауіп-қатерге қояды.
Электр энергияны өндіру мен тұтынудың болжамдық мөлшерін қамтамасыздандыру үшін жаңа қуатты енгізу және әрекеттегі энергия көздерінде негізгі қорларды жаңарту (жаңғырту) қажет.
Негізгі құралдардың тозуы 70 %-ға дейін жететініндігі ескеріле отырып, ӘЖ-110 кВ – 50 %-ға, ЭБЖ-35 кВ – 62 %-ға, ЭБЖ-6/10/0,4 кВ – 84 %-ға қызмет мерзімі толық істелді, қуаттың екінші көзінде қуат қорының болмауы себебінен және техникалық сипаттаулар бойынша жалғасқан желінің сәйкес болмауынан желінің кейбір жерлерінде категория бойынша тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету мүмкіншілігі жоқ, қолданыстағы таратқыш электр желілерінің ұлғайған жүктемені жабу мүмкіншілігі жоқ. Желілерді нығайту немесе түрлі кернеулі және қуат желілері бар қосалқы станцияларды салу арқылы жойыла алатын тар орындар көптеп пайда болуда.
«ШҚ АЭК» АҚ мәліметтері бойынша бүгінгі күні 110 кВ жеті АС және төмен кернеулі он ТАС, ТП салу қажет. «ШҚ АЭК» орындалуына 29 млрд. теңге мөлшеріндегі инвестиция қажет болатын 2030 жылға дейінгі бағдарлама жасады. Алайда, қазір бұл бағдарлама (2007-2009 жылдар ЭжМРМ-де келісілген) тек қана тариф есебінен орындалуда. Қаржыландырудың басқа көздері жоқ.
Электр желілерінің дамуының және қолданыстағы электр желілерін облыстық бюджет қаржысы есебінен қалпына келтірудің келешегін анықтау мақсатында «Қазауылэнергожоба» институты» ЖШС «Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі 110 кВ және төмен таратқыш электр желілерін дамыту схемасын» жасады, бұған «Қазақэнергосараптама» АҚ-ның 2006 жылғы 31 қазандағы № 001012 қорытындысы, ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен 2007 жылғы 31 мамырдағы № 07-02-4765 ұйғарымы мен Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 02-21/1951 ұйғарымы алынды.
Осы жасалған схема негізінде Өскемен қаласы және Шығыс Қазақстан облысы аймақтарының қолданыстағы электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салу және қалпына келтіру қарастырылуда.
Облыс аумағында тұрғындарының жалпы саны 1583 адам, тұрақты энергия жабдығы жоқ 38 елді мекен бар.
Болжанған қуат көздерінен тұрақты энергия жабдығы жоқ елді мекендерге дейінгі электр беру желілерін (ЭБЖ) салудың шамамен алынған шығыны 600 млн. теңгеден артықты құрайды. Бірақ ауылдық елді мекендердегі желілерді салу мен қалпына келтіру шығыны тарифте қарастырылмағандықтан, ал АЭК-те қаржыландырудың басқа көздері болмағандықтан, бұл мәселе әлі шешімін тапқан жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы экономикасының қазіргі кезеңі сипатталады:
• күрделі қаржының шектелуімен;
• негізгі фондтың тозуының жоғары дәрежесімен.
Облыстың ірі кәсіпорындарымен энергия үнемдеу іс-шараларын қаржыландырудың жалпы шығыны 17181 млн. теңге мөлшерінде бағаланады. Шығыс Қазақстан облысы электр энергетикасындағы іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2007-2010 жылдар кезеңінде күтілетін энергия ресурстарының үнемделуі: электр энергия – 391,943 млн. кВт.сағ., жылу энергиясы – 339,9 мың Гкал., отынды – 362,2 мың тоннаны құрайды
Жылумен қамтудың үлкен үлесі жылу электр станцияларынан, өнеркәсіптік және аудандық қазандықтарынан іске асырылатындығы Шығыс Қазақстан облысының ерекшелігі болып саналады.
4. НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
4.1 Нормативтік-құқықтық база
Бағдарламаны жасарда мынадай негізгі құжаттар пайдаланылды:
а) «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялы-инновациялық дамуының стратегиясы туралы» ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығы;
б) «Энергия үнемдеу туралы» ҚР 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210-І заңы;
в) «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысы;
г) ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 23 қазандағы № 1145 қаулысы.
Президент және Үкімет шешімдерімен анықталған Қазақстан Республикасының энергетикалық стратегиясының негізгі қағидалары төмендегідей мәлімденді:
- отын-энергетикалық кешендері салаларын құрылымдық қайта құру;
- әлеуметтік бағыттылық ( ауылды газдандыру, тұрмысты электрлендіру);
- энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділік, сонымен қатар энергия үнемдеуге байланысты жұмыстарды өткізу көбінесе аймақтарда ұйымдастырылуы тиіс;
- энергетикалық қауіпсіздік;
- экологиялық таза энергетиканың артықшылығы;
- жергілікті отын-энергетикалық ресурстарды пайдалануды кеңейту.
Энергия үнемдеу ОЭК салаларындағы құрылымдық қайта құру өзегі болуы тиіс деп ҚР энергетикалық стратегиясында көрсетіледі.
4.2 Бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық құжаттар
Тұжырымдаманы дамыту мен нақтылауға арналған бірінші кезектегі нормативтік-құқықтық актілер нақты мәселелерді шешуді қамтамасыздандыруы қажет, соның ішінде мынадай:
- энергия үнемдеудің нормативтік-құқықтық базасының дамуы;
- энергетикалық ресурстарды төлеуге қарастырылған бюджеттік қаржыларды үнемдеу үшін бюджеттік және муниципальды саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды ынталандыру шарттарын анықтау.
Энергия үнемдеу саласында зерттеулер өткізуге арналған нормативтік құжаттарын, энергия үнемдеуші жабдықтарға нормативтік-техникалық құжаттарын, энергетикалық ресурстардың тиімділігін бақылау мен бағалау үшін мемлекеттік және салалық есеп беру жүйесін жасау, бюджеттік салада электр энергияның тұтынылуын лимиттеуді енгізу, меншік сектор кәсіпорындарымен Келісімдерде (Меморандумдарда) нақты жоспарлық көрсеткіштері бар энергия үнемдеу бойынша бөлікті қарастыру және энергия үнемдеу бойынша есеп беру тәртібін жасау қажет.
Кәсіпорын мен ұйым ішінде де, аудан мен облыстық ауқымда да энергия үнемдеу бойынша көрсеткіштерге материалдық ынталандыру туралы Ереже жасау; арнайы қорларды ашу;
- энергия көздерінің баламалы және жаңартылғанын кеңінен қолдану үшін енгізуді ынталандыру;
- түрлі қуаттағы су электр станцияларын салу обьектілерін таңдағанда инвестицияны тарту Әдістемесін жасау;
- СЭС Жоғары Ертіс каскады бөгендерінің гидроэнергетикалық ресурстарын үнемдеу бойынша іс-шараларды жасау;
- Аймақтық Бағдарламада (Схемада) Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы энергия жүйесі орнықтылығының шарттары бойынша ҚХР аумағындағы Қара Ертіс өзені ағынды көлемінің өтемақысы ретінде және ЖЭО-да жыл сайын 18-20 млн. тонна көмірдің жануына сәйкес келетін игерілу көлемі 20 млрд. кВт.сағ. Ертістің көп сулы алабын экономикалық және техникалық орынды гидроэнергетикалық потенциалын кеңінен пайдалану ретінде гидроэнергетикалық сектордың энергетикалық саласының дамуын қарастыру.
Бұлақ СЭС-і, Күршім СЭС-і каскадын және гидроэнергетиканың басқа нысандарын жоспарлы жобалау мен салуға байланысты Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дің «Өнеркәсіптік энергетика» кафедрасында жаңа гидроэнергетикалық мамандығын («Электр станциялар» топтастырушысы бойынша) ашуды, сондай-ақ энергия үнемдеу бойынша курстық, ғылыми жұмыстарды және дипломдық жобаларды орындауды алдын ала ескеру.
Энергоқауіпсіздік пен оның бөліктері бойынша Аймақтық бағдарламаны жасау және үйлестіру үшін «Алтай» АҒТП-да құрамында 2-3 адам бар үйлестіруші топты құру туралы мәселені қарастыру, ұйымдастыру, техникалық және қаржылық мәселелерін шешу.
4.3 Энергия тұтынуды стандарттау мен жабдықтарды сертификаттау және олардың энергия үнемдеудегі рөлі
Тексеру мен сәйкестікті растау тәртіптері арасынан сертификаттауға ерекше орын бөлінеді. Сертификаттау ең алдымен қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті растау үшін дәстүрлі пайдаланылады, бірақ соңғы жылдары оның көмегімен энергия тұтыну, энергия тиімділік және т.с.с. сипаттамалары тексеріледі. Сондықтан соңғы жылдары бірнеше елдің ұлттық заңдары мен стандарттарында энергия мен отынды үнемді жұмсауды қамтамасыз ететін талаптардың регламенттенуіне байланысты бұл талаптарға да сертификаттау пайда болды. Сертификаттау ең алдымен дайындаушылардан (жеткізушілерден) және тұтынушылардан тәуелсіз үшінші жақпен орындалуымен сипатталады, бұл оның нәтижелерінің дұрыстығына алғышарт жасайды.
«Мемэнергияқадағалаукомитетінің» Шығыс бөлімі ШҚМТУ-мен бірлесіп отандық та, шетелдік те энергия сыйымды техниканы дәлелді қолданылуына бақылау жүргізулері тиіс.
Энергия үнемдеу үшін қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеретін сертификаттау мәселелері бойынша мамандарды даярлау мен қайта даярлауға жағдай жасау қажет, сондай-ақ сертификаттау мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша семинарлар өткізу және периодикалық ақпараттық жинақтарды шығару.
Облыста энергия үнемдеу құралдарын шығаруға энергетикалық стандарттау мен сертификаттаудың айқын жүйесі жүргізілуі тиіс, оны былай түсіну керек:
- энергетикалық ресурстарды жұмсауды есептеу мен бақылау жүйелері және құралдары;
- ерекше энергия сыйымды немесе көптеп шығаратын электр және жылу жұмсайтын құралдар;
- көптеп шығаратын тұрмыстық техника;
- құрылыс материалдары және құрылыстық құрылымдардың кейбір түрлері.
Стандарттау мен сертификаттау бойынша аймақтық орталықтардың энергия үнемдеу саясатын жүргізуде мынадай негізгі міндеттер болуы керек:
- өндірісте, энергияны беру мен тұтынуда қолданылатын жабдықтарға энергетикалық ресурстардың барлық деңгейдегі көрсеткіштерін нормативтік-техникалық құжаттарға нәтижелі пайдалануды бекітілген тәртіпте жасау және қосу;
- міндетті энергетикалық тексерулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік құжаттарды жасау.
Энергия үнемдеу саласында сертификаттау механизмін қолданумен бірге мыналар да қажет:
- энергия үнемдеу өнімі мен энергетикалық ресурстарды сертификаттау бойынша ҚР заңнамаларымен бекітілген тәртіпте аккредиттелген кәсіпорын жүйесін дамыту;
- энергия тұтыну өнімі мен энергетикалық ресурстарды сертификаттау бойынша салада жұмысты ұйымдастыру және өткізу тәртібінің нормативтік құжаттарын жасау.
5. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Осы Бағдарламаның негізгі принциптері болып табылады:
-өндіріс көлемін үлкейтудегі отын мен энергияны тиімді пайдалануды жоғарылату приоритеті;
-отын-энергетикалық ресурстарын тұтынушылар, жеткізушілер және өндірушілер мүдделерінің үйлесуі;
-энергетикалық ресурстарды өндірудің және жұмсаудың міндетті есебі;
-энергетикалық ресурстарды өндіруші мен жеткізушілердің тиімді технологияларды қоданудағы қызығушылығы;
-өз қаражаты есебінен немесе қайтарылатын негізде Бағдарлама шараларын жүзеге асыру;
- энергия үнемдеу саласында қызметтің коммерциализациялануы.
Шығыс Қазақстан облысының энергия үнемдеуінде ЖЭО-да, СЭС-те, түсті металлургияда келесі бағыттардан тұратын ең көп мүмкіндіктер бар:
- технологиялық механизмдердің реттеуші жетегін қолдану;
- жабдықтарды жөндеу сапасының жоғарылауы;
- технологияны жетілдіру және жылу мен электр энергиясының ысырабы мен шығынын қысқарту бойынша шараларды енгізу;
- электр энергияны өндіру үшін және жылумен қамту мақсатында технологиялық процестер жылуын кәдеге асыру.
Энергия үнемдеудегі негізгі бағыттар:
1. Облыстағы энергия үнемдеуші қызметтің заңнамалық негізін жасау.
2. Аудан құрылымдарына және энергия сыйымды кәсіпорындарға энергия үнемдеу бағдарламаларын жасау.
3. Облыс, аудан, кәсіпорын үшін энергетикалық құжаттар жасау.
4. Формаларға энергия пайдалану бағыттары туралы, сондай-ақ энергия үнемдеу және олардың тиімділігі бойынша есеп беру кезеңінде өткізілген шаралар туралы тым толық мәліметтерді енгізу есебінен мемлекеттік энергетикалық статистика формасын дамыту.
5. Ірі кәсіпорындарда және бюджеттік ұйымдарда энергоаудит өткізу.
6. Тұтынушыларға арналған энергия үнемдеу бойынша ақпараттық және консультативтік бағдарламар жасау.
7. Энергия үнемдеуге өз жұмыс орындарында жауап беретін кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын жасау. Осы бағдарламалар бойынша сабақтарды үнемі өткізу және ұйымдастыру.
8. Облыстық ғылыми-зерттеу орталықтарында энергия үнемдеу саласындағы ҒЗТҚЖ-ны қолдау.
9. Техникалық құралдар мен жабдықтарды стандарттау және сертификаттау жүйесімен қамтуды кеңейту. Энергия тұтындырушы жабдықтарға облыстық стандарттар жасау (бюджеттік қаржыға алынуын бақылаудан бастау).
10. Энергия үнемдеуді ынталандыратын электр энергияға, жылуға және газға баға белгілеу саясатын жасау, ең алдымен күндіз және түнде шығындалатын электр энергияға дифференциалды тарифтерді енгізу.
11.Энергия үнемдеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылық механизмдер жасау.
12. Энергия үнемдеу процестерін қарқындатуда облыс, аудан және АЭК әкімшіліктерінің рөлін күшейту.
13. Энергия тасымалдаушылар көлігіндегі шығындарды төмендету.
14. ҚР Мемэнергияқадағалау аймақтық органдарының энергия ресурстарын ұтымды пайдаланудағы рөлін көтеру. Сонымен қатар оларды тиісті нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз ету қажет.
15. Аймақта энергия үнемдеудің нормативтік-құқықтық базасын жасау және нормадан тыс шығындарды кәсіпорын қарамағына қалатын кіріске жатқызатындықтан жылу энергиясы шығындарына норма жасау.
16. Энергия ресурстарын өлшейтін және реттейтін техникалық құралдарды жасауды, сатуды кеңейту.
17. Жасалымды жеделдету және өнімді жақсартылған энергетикалық сипаттамалармен дайындауды ұйымдастыру.
18. Энергетикалық қондырғылардың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) көтеру.
19. Ғимараттардың, құрылыстардың, жылу желілерінің жылытуды оқшаулауын жақсарту.
20. Халықтың энергия үнемдеуші тәртібін қалыптастыру.
21. Шағын және дәстүрлі емес энергетиканы қолдану бағдарламасын дайындау.
22. Энергия үнемдеу саласындағы ғылыми және қолданушы бөлімшелер жұмысына жағдай жасау.
23. Энергетикалық декларацияны, яғни ерікті міндеттемелерді қабылдауды ынталандыру.
24. Жоғары энергетикалық тиімділікті көрсету аймағын ашу.
25. Ауыл тұтынушыларына автономды көздерді пайдалана отырып жылуландыруды жүргізу.
Бюджеттік ұйымдарда және тұрғын үй қорында энергия үнемдеуші шараларды жүзеге асыру осы Бағдарламаның басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Бұл бағыттағы жұмысты энергетикалық тексерулерді жүргізуден бастау қажет. Бұдан әрі жылыту энергиясы мен суды есептейтін құралдарды қолдану қажет, құрылыстарды жылыту бойынша аз шығын шығатын шараларды өткізу.
Ұйымдастыру орынды:
• отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды реттеу жүйелерін қолдануды;
• жылумен қамту, сондай-ақ ғимараттар және құрылыстар жүйелерінде жылылықты оқшаулау бойынша құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНжЕ) талаптарын жүзеге асыруды;
• жылыту сорғыларындағы канализациялық ағындыдан шығарылатын жылуды пайдалану жүйесін қолдануды;
• жобалардың және жаңадан қосылған обьектілердің энергетикалық сараптамасын.
Жобаның орны толығу кезеңіне қосу бір жылға энергия үнемдеу жобасын қолданудан үнемделген қаржыны бюджеттік ұйымда қалдыруға рұқсат алу бөлігінде облыс әкімінің қаулысын қабылдау. Бұл қағиданы іс жүзінде пайдалану үшін облыстағы салық қызметімен бекітілген және келісілген бірнеше әдістер болу керек:
- энергия үнемдеуші нәтижені бағалайтын әдіс;
- үнемдеуден алынған қаржыны пайдалану әдісі.