ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Скачать

Қазақстан қазіргі таңда географиялық жағдайда ядролық қаруланған мемлекеттермен (Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан)көршілес, бұл өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңды сұрақтар тудырады. Белгілі болғандай «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен жан-жақты шиеленістердің төмендеуі, соғыс қаупінің және қарулы қақтығыстардың болмауын жою болған жоқ. Көптеген бұрынғы «үшінші әлем» елдерінің соғысқұмарлықтары күшейіп артуда, ядролық және «ұстамалы» (ядролық қару ісін меңгерген) мемлекеттер ТМД шекарасына таяу орналасқан. Әлі де орталық Европа мен бұрынғы КСРО-ның түкпірлерін қамтыған қақтығыс аймағы Ауғанстанда әсер етуде, ислам фундаменталистері тудырып отырған азамат соғысы өріс алды.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға» деген Жолдауында: «Ғаламдық қарсы тұруға соңғы 10 жыл уақыт кетті» – деп атап көрсетті, - «бірақ белгілі бір әлемде жергілікті соғыстар пайда болды, яғни зорлық салдарынан миллиондаған адамдар қаза тауып жатыр. Бұл негізінен алғанда жас жаңа тәуелсіздік алған мемлекеттер ішінде діни және этникалық қақтығыстардың салдарынан болып отыр. Ең қорқыныштысы, әлемнің сондай бес-алты жарылыс қаупі бар аймағына Орталық Азия жатады, апатты жағдай бола қалса, біздің халқымызға ешкім де болашақ тыныштығын бере алмайды».176
Қазақстан Қарулы Күштері басқа да ТМД елдері сияқты жаңадан енді құрылып жатқандықтан жоғары білікті кадрлар тапшылығы, еліміздің қорғанысын ұстап тұру мен ұйымдастыруда тәжірибе жетіспеушілігі және мол қаржы керек екенін талап ететінін ескере отырып, республика Ресей және басқа да ТМД мемлекеттерінің іс-әрекеттерімен үйлестіруде және қорғаныс пен қауіпсіздік салаларында мүдделі екенін түсіну маңызды.
Бәрінен бұрын қарулы қақтығыстарды болдырмауға бағытталған бірлескен шараларды әзірлеуді; әскери саясатты қалыптастыруды біртекті ыңғайлып анықтау; стратегиялық күштерді қолдану, жүйелер құру, сондай-ақ оларды аудандарға орналастыруды анықтау; әскери құрылымдарды дамыту; қорғаныс саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, тәжірибе-конструкторлық жұмыстар (НИОКР) өткізіп тұру, әскери техникаларды дамуыту, технология мен ғылымды дамыту; қорғаныс саласындағы кәсіпорындардың әлеуетін тиімді пайдалану; әскери қызметкерлердің әлеуметтік құқығын қорғау т.б. сөз етуге болады. Қазақстан мен Ресей арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың негізі 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық, екі мемлекет арасындағы өзара көмек туралы Келісім-шартта қаланды.177 Осы құжаттың 3-ші бабында айтылғандай, онда екі ел өзара ынтымақтастықта бола отырып, өзара келісілген әскери негізге ережеге сүйене отырып, әскери-стратегиялық кеңістігінде сенімді қорғаныс құруға мүдделі.
Қазақстан мен Ресей сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және өзара келісулер арқылы әскери базаларды, сынақ алаңдарын, екі ел аймағында орналасқан қорғаныс нысандарын бірлесіп пайдалануға болад делінген.
Егер екі жақтың бірі тарапынан бейбітшілікке қатер төнетін, Еуразия аумағында бейбітшілікке қауіп төндіретін күтпеген жағдайлар туа қалса, осы жақта қорғанысқа мәнді мүдделер туындаса, онда екінші жаққа кідіріссіз ақыл-кеңес өткізу туралы өтініш жасауға болады. Тараптар өзара тиімді ақпарат алмасып тұруға, керек жағдайда мұндай шаралардың алдын алу міндеттеме етіп алды. Бір жаққа қауіп-қатер төнген жағдайда, бір-біріне қажетті көмек көрсетеді.178
Келісім-шартқа сәйкес Қазақстан мен Ресей екі жақтың біріне қарсы тұрған одақтар мен блоктардың құрамына қатынаспайды. Тараптардың бірі екінші жаққа қарсы бағытталған істерге, оларды іске асыру мақсатындағы іс-шаралар үшін, күш көрсету әрекеттері үшін аумағын пайдалануға бермейді.
Қазақстан мен Ресей бірлескен үйлесімді әскери-техникалық саясатты жүргізіп отырады, әскери бағдарламаларды қаржыландыруды бірлесіп келіседі, әскери өнеркәсіптерді конверсиялауды, ынтымақтастықта өткізуді келісіп жүргізеді. Мұндай саясат әскери технологияларды, қару-жарақтарды экспорттау мен импорттау халықаралық ережелерде көрсетілгендей жүргізіледі.
Келісімнің 8 бабында көрсетілгендей, тараптар қарулы күштерді, қарулануды тоқтату жолында өз шешімдерін қолдайды, оның ішінде ядролық қаруды қысқартуды, қарусыздану процесін қолдай отырып, Келісім-шартта көрсетілген міндеттерді қалтықсыз орындайды. Қазақстан Республикасы 1968 жылы 1 маусымдағы ядолық қаруды таратпау туралы Келісім-шартқа қосылады, ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде қатынасады. Ядролық қаруды Қазақстан Республикасы аймағынан алып кеткенше, екі жақ бұл қаруды қауіпсіздік шаралары мақсатында пайдалануды міндеттеріне алады.
Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ДНЯО-ға 1993 жылы желтоқсанда қатынасушы мемлекет қатарына бірікті.180 Соны ескере отырып, Қазақстан пен Ресей өзара 1995 жылы 20 қаңтарда оқ-дәрілерді қайта өңдеуге есеп айырысу ынтымақтастығы туралы Келісім-шарт жасады.181 соның арқасында Қазақстан кенбайытылған ураннан түскен қаржыны өз үлесіне алуға мүмкіндік алды.
1994 жылы 28 наурызда Ресей мен Қазақстан арасында әскери ынтымақтастық туралы Келісім-шарт қабылданды.182 Келісім-шартта былай делінген: егер екі жақтың бірінің қауіпсіздігіне, аумақтық біртұтастығына, тәуелісіздігіне қандай да бір қауіп төне қалса, күтпеген жағдай туындай қалса, Қазақстан мен Ресей шұғыл түрде кеңес өткізеді, бір-біріне қажет көмек көрсету үшін нақтылы іс-әрекеттер жасайды, бұл шаралар 1992 жылы 25 мамырда достық, ынтымақтастық, өзара көмек туралы Келісім-шарт, 1992 жылы 15 мамырда қабылданған ұжымдық қауіпсыздік туралы Келісім-шарт белгілеген заңдарға сәйкес іске асырылады.183
1995 жылы 24 шілдеде жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Келісім-шартқа сәйкес, Қазақстаннан Ресейге әкетілген әскери техникалар мен қару-жарақтардың өтемақысын реттеу туралы Қазақстан Ресейден 35 стратегиялық бомбылағыш ТУ-95 МС орнына 41 авиатехникасын өз меншігіне алды. Әскери ведомстволардың жоспары негізінде Қазақстанға 1996 жылы қосымша 26 қару қабылдап-жойғыш СУ-27 (зауыттан 18), 6 атқыш СУ-25 және 2 МИГ, ал 1997 жылы 12-СУ-27 (бәрі де зауыттан) берілуі тиіс болды.
Сонымен, Қазақстан ӘӘК (ВВС) техникалық жағынан жалпы алғанда 87 ұшаққа толықты. 1996 жылы 18 қазанда Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері әскери техникалардың, қару-жарақтардың өтемақысы туралы Келісімін тарату туралы Хаттамға қол қойды.
1996 жылы қаңтарда қарым-қатынас тарихында алғашқы рет әскери алқа мәжілісі болды, мұнда әскери-техникалық ынтымақтастықты ары қарай дамыту, қорғаныс интеграциясын тереңдету туралы мәселелер сөз болды. Алқа мәжілісі қорытындысында 16 бірлескен құжаттарға қол қойылды. Бұларды таратуда екі елге де жасалған әскери өзара іс-әрекеттер мүмкіндік береді. Келісімдер мен Хаттамаларда әуе қатынастарына қарсы жүйкесінде күзетуді, Каспий теңізінде Қазақстанның әскери-теңіз флотын құруына Ресейдің көмектесуін, әскери кадрлар даярлауды, әскери-ғылыми салада ынтымақтасуды көздейді.
Ресейдің қолдауымен Қазақстан президентінің террорға қарсы ТМД мемлекеттерінің бірыңғай орталығын құрыу туралы бастамасын іс жүзіне асырудың сатысы өтуде. Қазақстан-ресей мемлекеттерінің шекараларың делимитациялау өткізу пунктерінің түзесін жасау істерін екі ел нәтижелі түрде жүргізуде.
Әскери ынтымақтастыққа жауап ретінде Қазақстан Ресеймен 4-ші мемлекеттік сынақ алаңдары, Сарышаған, Ембі, сынақ алаңдарын,929-шы жыздық-әскери даласын Қазақстан аумағында орналасқан және тағы да басқа нысандарды пайдалану туралы келісімге отырды.
Бұл келісімдер 10 жыл көлеміне есептелген, шарттың мерзімін ұзартуды немесе күшін жоюды екі жақ келісіп жасайды. Қазақстан сынақ алаңдарының жалға беру шартта көрсетілгендей, жал төлемі жыл сайын 27,5 млн. доллар қаржыны құрайды. Бұл қаражаттың қомақты бөлігін – 24,3 млн. доллар қаржыны Ресей қару-жарақтар, әскери техникаларды беруге және қазақстандықтарды жоғары әскери мамандар даярлайтын оқу орындарында оқыту есебіне кіргізеді, тек 3,2 млн. доллар ғана қаржы бюджетке түседі.
Сондай-ақ келісімдерде айтылғандай, жалға алушы сынақ алаңдарының инфроқұрылымын сақтауға, сынақ алаңында ракета жіберуде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуге, экологиялық талаптарды сақтауға, Қазақстанға ғылыми-техникалық сынақтың қорытындысын беруге міндетті.
Ал Қазақстан болса, екі жақты келісіммен өз құқығын сақтай отырып, сынақ алаңдарын Қазақстан Қорғаныс Министрлігінің мүддесінде пайдаланады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мәңгі достық және ынтымақтастықтың ХХІ жүзжылдыққа бағытталған Декларациясында бекітілгендей, «БҰҰ-ның жарғысының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кез-келген бір мемлекет немесе мемлекетік топтар тарапынан екі жақтың бір-біріне төнген қауіп-қатерді, агрессиялық іс-әрекеттерді болдырмау үшін, бірлесіп барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қарсы іс-әрекет жасайды, керек болған жағдайда бір-біріне көмек көрсетеді, әскери ұйым болып өздерін қорғайды».


Скачать


zharar.kz