Өзіндік талдау

Скачать

1. Өскемен қаласындағы Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп- гимназия-интернатында 23 сәуірден 5 мамыр аралығында педогогикалық іс- тәжірбиеден өттім. Екі апта өте аз уақыт броса да мекткппен танысып, оқушылар және ұстаздармен тіл табысып үлгердім. Мектеп директоры Данияров Бағлан Капенұлы мені жарқын қарсы алды. Мектепке келген алғашқы күні мектеп міндеттері мен ережелерін таныстырып өтті. Ал мектеп оданда терең танысуға қол ұшын берген мектеп директорынның орынбасары, оқу ісінің меңгерушісі Құсайынова Бақыт Серікбаевна болды.
Бақыт Серікбаевна өз ісінің шебері, алға қойаған мақсат – міндеттеріне жете білетін дарынды ұстаз. Алғашқы келген күні Бақыт апай мені мектеппен таныстырды. Мектеп интернет болғандықтан оқушылар құрылстың бір жартысында оқып, екінші жартыснда тұрады. Таңғы ауысым қалыптасқан. Таңертең 810 – да сабақ басталып, 1325 – ке дейін болады. Одан 1600 – ға дейін демалып, тамақтанады. 1600 – да кабинеттеріне келіп, ертеңгі сабақ дайындығын жасайды. Сыныптар шағын, яғни 6 сыныптын біреу, 7 – 8 – 9 - 10 – 11 сыныптардан екіден. 7 сыныптардан бастап гуманитарлы және математикалық сынып болып екіге бөлінеді. Математика сыныптарында математика пәндері тереңдетіліп оқылады. Бұл арнайы сыныпқа математикадан дарынды оқытушылар алынады. Оқушылар бұл сыныпқа экзамен тапсырып қабылданады. Математиканы тереңдетіп оқитын сыныпта оқуға белсенді оқушылар өте көп. Осы математика сыныбының негізінқалаған ұстаздар аз емес. Ұстаздық еткен жалықпас ұйретуден балаға демекші Гүлмира Киікбаевна, Гүлназ Ниязхановналар осы жолда талмай еңбек етуде.
Бақыт апайдың келесі таныстырған ұстаздар қауымы еді. Бірінші маған берілген 7 «А» сыныбының жетекшісі, осы тәрбиесі Гүлжазиара Қапоновна, математика пәнінің мұғалімі Гүлмира Киікбаевна болды. Бұл ұстаздар мені тәрбиенің басынан аяғына дейін қолдап, көмектерін аямады. Әсіресе «Қайталау білім түріндегі» атты ашық сабақ «Геометриядан 50 сұрақ» сабақтарын өткізу кезінде Гүлмира Киікбаевнадан «Музика - тоқтады» атты тәрбие сабағында Гүлжазиара Қапоновна мен Қарлығаш Қабеновнадан ерекше қолдау таптым.
2. Математика пәні бойынша іс – тәжірибеден 7 «А» сыныбында өттім. Жалпы сыныпта 26 оқушы оқиды. Оның 19-ы қыз болса, 7 –еуі ұл бала. Сынып жетекшісі Қарлығаш Қабеновна болып бекітілген. Оқу жылының басында сынып жетекшісі мен оқушылардың қатысуымен мектеп ережесіне сай, күн тәртібінде қаралып әр оқушының міндеті белгіленген. Атап айтқанда сынып әкімі, оның орынбасары, шаруашылық секторы, спорт секторы, көркемдеуші, кітапханашы тағы сол сияқты жұмысшылар атқарады.
Сыныптың жалпы білім сапасы 90 пайызды құрайды, сыныпта 20 екпінді, 3 үздік оқушы бар. Бұл сыныпта гуманитарлы болғандықтан тереңдетіп оқитын пәндері қазақ тілі және қазақ әдебиеті. Бірақ математиканы ерекше белсенділікпен оқитын оқушылар аз емес. Сондықтан 27 пайызы математикадан үздік 39 пайызы екпінді деп есептелінеді. Математиканы аса қызығушылықпен оқитын оқушылар Ауесханова Жанаргул, Зарахан Гулжиһан, Сайдығулмаров Дамир, Тоқсанова Аяулым. Бұл оқушылармен іс – тәжірибеден өткен уақытта математика тілінен ерекше көзге түсті. Математика пәні не деген қызығушылықтары күннен күнге артып келеді. Сыныпта үлгерімі төмен оқушыларда бар. Бұл оқушылармен түстен кейін, яғни 1600 – 1800 – ге дейін дайындалдық. Оқушылардың нені түсінбей жүргендері анықтап, оларға оңайынан күрделіге қарай есеп шығартып үйретуге тырыстым. Үлгерімі төмен оқушыларды дайындай кезінде көп нәрсе үйрендім. Атап айтқада есепті немесе формуланы оқушыға қалай жеңіл түсіндіру керек, оқушының ойлау қабілеті қандай деңгейге екендігін байқауға. 7 сыныптын бағдарламасы бойынша ықшамдау есептерін өтіп жатқандықтан, оқушылардың қысқаша көбейту формулаларын жатқа білуі тиіс. Ол үшін кешкі дайындық кезінде «формула сайысын» өткіздік. Мақсатым формуланы жатқа ғана біліп, қоймай, оның қалай шығатдығын түсіндіру болды. Бір оқушы тақтаға формула жазып оны түсіндіреді. Қалғандары оны толықтырып, қатесін табады. Сайыс қарапайым болса да өте қызықты өтті. Оқушылар түсінбей жүргендерінің түсініп жадына сақтап алды деп ойлаймын. Осындай сәттерде сынып өте ұйымшыл. Сыныпта ата-аналар тарапынан жиі қолдау болып тұрады. Ата-аналары мен кездесулер сынып сағаттарында және басқа да уақыттарында жиі болады. Жалпы ата-аналарымен бұл сынып тығыз байланыста. Мысалы оқушының ата-анасы сабағына қатысқан күні болды. Бұл ерекше есте қалатын сабақ болды.
3. Негізгі пән математика болғандықтан осы пән мұғалімі Гулмира Киікбаевнамен көп жұмыс істеумен тура келді. Гулмира Киікбаевнамен көп жылдан бері еңбек еткен, жоғары дәрежелі тәжірбиелі ұстаз. Мектепте 7 – 8 – 9 сыныптарға алгебра және геометрия пәндерінен сабақ береді. Оқушыларды ұйымдастыру, олармен тіл табысу, жаңа тақырыпты түсіндіру ережелерін осы ұстаздан үйрендім. 23 сәуір яғни, практиканың алғашқы күні 1000 – да Гулмира Киікбаевның сабағына қатыстым. Оқушылар мен сәлемдесіп мені таныстырды. Бір апта өтетіні ұстаз практикант – студенттер мен жұмыс жасай білуі жоғары деңгейде.
Сол күннен бастап 6 – 7 – 8 – 9 – 10 - 11 сыныптарының барлық математика сабақтарына қатыстым. Тіпті арасында сабақ беріп, 11 сынып оқушыларының Ұттық Бірыңғай Тестке дайындақтарына қатыстым. Төмендегі кестеде мен сабақ жүргізген күндер туралы мәлімет жазылған.


Пән Сынып Сабақ тақырыбы Өзіндік қорытынды
1 Математика 6 «А» «Мофия» тренинг Оқушыларды ұйымдастыра алу, топқа бөліп жұмыс істеу тәжірбиесіне жиналдым. Сабақ өте қызықты өтті.
2 Геометрия 7 «А» «Геометриядан 50 сұрақ» қорытындылау сабағы Оқушыларды әділ бағалай білуге, олардың назарын өзіме аударуды үйрендім. Олардың белсенділігін бақылап, білім дәрежесінің қандай деңгейде екендігін
зерттедім.
3 Қазақстан тарихы 7 «А» «Тұлпар» сайысы Бұл сабаққа қадағалаушы ретінде қатыстым. Сайыс қорытындылап жеңілпазға демалыс орынының белетін берді.
4 Алгебра 11 «А» Ұ.Б.Т дайындық Түлектердің нені түсінбейтіндерін зерттеп, оны анықтап түсіндіруге тырыстым.
5 Алгебра 8 «А» Бақылау жұмысы Бақылау жұмыстарын тексеріп, оларды бағаладым. Қателерін белгілеп алып, оны өздеріне көрсетіп, қатемен жұмыс жүргіздім.
6 Ағылшын тілі 7 «А» «Сын есім» жаңа тақырып Бұл сабаққа қатысу мақсатым оқушылардың басқа «математика сабағыман» сабақтарда белсенділіктерін зеттеу. Атап айтар бір жайт математикадан үлгерімі төмен оқушылар бұл сабақта өте белсенді. Бұл оқушының қабілетіне байланысты болуы керек.
7 Алгебра 11 «Б» ҰБТ дайындық Оқушыларға есеп шығарудың жеңіл жолдарын үйретіуге тырыстым.
8 Алгебра 7 «А» «Қайталау білім тірегі » ашық сабақ Қортынды қайталау сабағы оқу жыл бойы өткізілген материалдарды немесе курысты түгел жинақтап, пысықтау мақсатында жүргізілді. Оқушылардың ойлану, еңбек ету қабілеттерін жетілдіру, оларды мамандылыққа, жауапкершіліке өз бетінше тәрбиелеу. Сабақ барыснда топпен жұмыс істей алдым. Бірақ өте ауыр болды. Себебі сабақ 6 сағатта қойылды, соңғы сабақта оқушылар шаршаған еді. Жалпы сабақ өте қызықты өтті.Сынып оқушылары өздерінің ұйымшыл екенін тағы бір дәлелдеп берді. Сабаққа дайындалу кезінде біршама тәжірбие жинадым. Атап айтқанда, плокат жазу, ұйымдастыру, жоспарлау.
9 Геометрия 7 «Б» Салу есептері Салу құралдарымен, салу тәсілерімен таныстық. Оқушылармен бірлесе отырып анағұрлым қиын салу есептерін шығаруға тырыстық.
10 Агебра 10 «А» Тест Математикадан тест өткізілді. Оқушылардың білмегендерін түсіндіріп, тест сұрақтарын талдадық.
Бізге берілген 2 апта өте аз уақыт болғандығына қарамастан, педогогикалық іс- тәжірбиеден өту кезінде көп нәрсе үйрендім.
- Оқушылармен, мұғалімдермен қарым – қатынас орнату;
- Сабақты дұрыс жоспарлау;
- Уақыт үнемдеу;
- Оқушыларды дұрыс бағалай алу:
- Оқытудың әртүрлі формаларын меңгеру;
- Жаңа материалды түсіндіре алу;
- Жаңа сабақты бекіту;
- Қайталау сабақтарын өткізу;
- Іс – қағаздармен жұмыс істей алу;
- Көрнекілік, тарапта қағаздарды пайдалана алу;


Скачать


zharar.kz