Өскемен уезі мен қаласындағы кеңес Өкіметінің орнауының, азаматтық

Скачать

Өскемен уезі мен қаласындағы кеңес
Өкіметінің орнауының, азаматтық
тартыстың кейбір тарихынан

Ғасыр басындағы уездік қала Өскемен ХХ ғасырдың басында саяси тартыстар мен пікірлердің орталығы болды. Қалада меньшевиктер, эсерлер партияларының ұйымдары жұмыс істеді. Сонымен қатар Өскемен қаласы алдымен декабристердің, одан кейін, әсіресе, ХІХ ғасырдың 70-80 жылдарынан әр бағыттағы саяси жер аударушылардың мекеніне айналды. Мысалы, 1917 жылғы ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісіне дейін Өскемен қаласына 20-ға жуық Ресейдегі азатматтық қозғалысына қатысушылар жер аударылып, осындағы халық ағарту, мәдени, білім беру ісіне белсене араласты. Олардың қатарына Е.П.Михаэлис, қаланың басқарушысы болған О.Ф.Костюрин, ғалым А.Н.Федоров, И.В.Емельянов, поляк саяси жер аударушылар Артишевский, Залевский т.б. жатты. Олардың аталған бағыттағы істеріне патша үкіметінің жергілікті басшылығы тарапынан қатаң бақылау жасалды.
Қалада осы кездегі тұрғындар, өнеркәсіп, т.б. жұмысшылары арасындағы саяси пікір-таластың, олардың төңкерістік белсенділіктерінің артуына жергілікті меньшевиктер мен эсерлер ұйымы әсер етті. Кадет партиясының ұйымы құрылды. Өскемен қаласында наурыз айында жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесңн құрды. Оның мәжілістерінде сегіз сағаттық жұмыс уақытын енгізу, Петроград қаласының тапсыруы бойынша ағылшын концессионерлерінің ұйымдастыруымен Риддердегі ең бай шахтаның суға батырылуын тексеру қорытындысы қаралды.
Бүкіл ел сияқты қалада қос өкімет: бір жағынан, жұмысшылар және солдат депутатарының Кеңесі, екінші жағынан Уақытша үкімет құрған билік органдары – депутаттар Кеңесі, Земство және қайтадан сайланған Дума... басшылығы қалыптасты. Эсерлер жұмысшылардың жеткілікті ұйымдаспағанын пайдаланып Кеңестегі көпшілік орындарды басып алып, оның басқарушылық орындарында жетекшілік қызметтер атқарды.
Қаладағы саяси жағдайдың шиеленісуінің белсенді қарқын алуы әсіресе 1917 жылдың қазан айындағы Петроград қаласындағы большевиктердің қарулы төңкеріс жолымен билік басына келуімен басталды. Осы үкіметтің барша халық аңсаған «Бітім және Жер туралы» декреттері өскемендіктердің көпшілігінің көңілінен шықты. Міне, осы кезден бастап басқа саяси партиялар мен қозғалыстар сияқты қалада алғашқы большевиктік ұйым құрыла бастады.
Я.В.Ушановтың бастамасымен бөлшектенген большевиктік топтарды біртұтас қалалық ұйымдастыру ісі басталды. Оның ұйымдастырушылары Я.В.Ушанов, Т.И.Карманов, Д.Я.Ослопов, ағайынды Иван, Александр, және Михаил Беспаловтар, т.б. болды.
Міне, осындай жағдайда 1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскемен қаласының большевиктер ұйымының негізі қаланды. Олар бұрынғы майдангерлер, жергілікті әскери бөлімі солдаттарынан, теміржол жұмысшыларынан, қаланың тағы да басқа әлеуметтік өкілдері топтарынан тұрды.
Осы оқиғаға қатысушы Д.Я.Ослопов естеліктерінде: «Бізде идеялық басшылық болған жоқ. Ушановтың келуімен кеңес депутаттары билігін ұйымдастыру жұмыстары бірден тиісті жолға түсті. Қаладағы кеме айлағы ауданында, Үлбінің арғы жағындағы аймақтарда жиындар өте бастады. 1917 жылдың желтоқсан айында құрылтай жиыны өткізіліп, онда РСДРП (б) Өскемен ұйымы құрылды» деп жазды.
Қаладағы билікті қолға алып, осы өңірді большевиктендіру мақсатында Петроград қаласында арнайы дайындықтан өткен большевик Я.В.Ушанов жіберілді. Оның алдына қысқа мерзім ішінде Өскеменде, жалпы уезде большевиктік Кеңес өкіметін құру міндеті қойылды.
Осындай жағдайда большевиктердің қалалық ұйымының 1918 жылғы 16 ақпандағы (осы құжаттың соңына дейін ескі санаумен) мәжілісінде... буржуазиялық үкіметті құлату туралы мәселе қаралып, Ушанов төңкеріслық төңкеріс жасаудың негізгі жоспарын баяндады, оның қаулысында былай деп көрсетілді:
- 27 ақпанда буржуазиялық үкіметті құлату мақсатында 1918 жылдың 26 ақпанына дейін барлық дайындық жұмыстарын аяқтау міндеттелсін;
- Буржуазиялық мемлекетті құлатқан соң Кеңестердің құрылтайын шақырғанға дейін Ушанов, машуков, карманов, Рябов, Давыдов бастаған төңкеріслық штаб құрылып, антоновқа 20.02- не дейін кандидаттарды анықтау міндеттелсін деген қысқа өктем қаулы қабылданды.
Бұдан көретініміздей – бүкіл елдегі сияқты Өскемен қаласы мен уезіндегі большевиктік ұйымның да алға қойған мақсаты қарулы төңкеріс арқылы билікке жетуді жоспарлауымен ерекшеленеді. 14 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына қарамастан мыңдаған қала адамдары - шеруге қатысушылар көше арқылы халық үйіне енді. Бұл Өскемен қаласындағы алғашқы көп адам қатысқан шеру болды.
...Ушанов жиынды ашты. Жиынға қатысқан эсерлер большевиктердің Кеңес өкіметін құру туралы ұсынысының қателігін дәлелдеуге тырысты. Офицерлер жарыс сөзге шығып, большевиктерге қарсылық білдірді, олардың айтқандарына ермеуге шақырды, уақытша кеңес мүшелерін «өздерін-іздері ұсынушылар» деп атады. Алайда жиынға қатысушылардың көпшілігі Кеңес өкіметі үшін дауыс берді және большевиктер ұсынған уақытша өкіметтің мүшелерін бекітті.
1918 жылдың 10 сәуірінде кеңестердің 1 уездік құрылтайы өткізілді. Онда бірінші уездік жұмысшы, солдат, шаруа, қазақ және қырғыз Кеңестерінің құрамы сайланды. Құрылтайда Өскемен уезі атқару комитетінің төрағалығына Я.В.Ушанов сайланды.
Мамыр айының аяғында подполковник Виноградский бастаған ақ казактар шабуылы басталды.
1918 жылдың қараша айының басында атаман Анненков бастаған казак отрядының «Моңғол» пароходының төменгі қоймаларында Я.В.Ушанов бастаған Кеңес өкіметінің неғұрлым белсенді 30 мүшесі азапталды. Ушанов ерекше азаптаумен, қорлықпен өлтірілді. Алдымен одан жауап алынып, жараланған Ушановты су киізге орап, осы күйінде кеме пешіне тірідей жағып жіберді. Ушановтан кейін большевиктер партиясы Өскемен уезінің төрағасы Антонов та отқа жағылды. Мұрағат құжаттарында көрсетілгендей Семей қаласына келгеннен кейін өлім вагонындағы 28 саяси тұтқын Ертістің жағалауына шығарылып, түгелдей атылып, денелері мұзды суға тасталды.


Скачать


zharar.kz