Николай Иванович Ильминский 1822 жылы 21 сәуірде Пенза қаласында дүниеге келді. 1836-42 жылдарда Пензада семинарияда оқыған. Оны бітіргенен кейін 1842 жылы Қазан қаласына келіп, Академияға оқуға түседі. 1846 жылы оны үздік бітірген Николай Иванович осында жаратылыстану түркі- татар тілдері пәндерін жүргізетін мұғалім ретінде қалдырылады. Жұмысқа деген ынтасы мен ғылыми - зерттеу ісіне ас қабілеттілігінің нәтижесінде оған 1847 жылы осы академияның ағаминистірі және бакалавры атағы беріледі.
1851 жылы 26 маусымнан 1854 жылдың 14 маусымға дейін Серияда, Пакистанияда және Египетте болып , Константинополь, Дамаск, Каир сияқты қалалардың үлкен кітапханаларымен оқу орындарының және ғылыми мекемелерінің жұмысымен танысады араб-парсы тілдерін үйренеді. Бұл ғылыми командировкаға Н. И. Ильминскийдің шығысты терең білуіне үлкен көмегін тигізді, бұрыннан татарша білетін ол енді шығыс халықтары мәдениетін этнографиясымен тілдерін тереңірек зерттеуге кіріседі.
1857 жылдан бастап Н. И. Ильминский академияда шығыс тілдерінен лекция оқи бастайды. Сол жылы ғылыми совет оған осы академияны экстроординатор профессоры деген атақ береді. Бірақ көп ұзамай академияны ректорымен сөзге келісе алмай профессорлық қызметін тастап, бір жола кетіп қалады. В.В. Григорьев Ильмининскийге қазақ тілін де үйрену жолын түсіндіріп, ең алдымен Шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебін 1857 жылы бітірген қазақ жігіттері Құлбеков , Қоспақов және Бахтияровты таныстырды. өзі жазған біраз қатынас қағаздарды Н. И. Ильминскийге беріп, аталған қазақ жігіттерінің көмегімен таза қазақ тіліне аударып шығаруды тапсырды. Сөйтіп, оның қазақ тіліне меңгеруіне жол ашылады да, орыс алфавитін қазақ жазуына пайдалана бастайды. Бұл жаңалық қазақ даласына тез тарады, әр жерде аудармашы болып жүрген қызметкерлер Н.И. Ильминскийге жиі келетін болды, оның тәжірибесін зер салып үйрене бастады.
1859 жылы Каспий теңізі жағалауын зерттеп картаға түсіруге бас штабтың полковнигі В.Д. Дандевиль бастаған экспедисия жолға шықты. Н.И.Ильминиский осы экспидиссияның құрамына аудармшы ретінде енді. Жол- жөнекей жергілікті қазақ, түркімен сияқты халқатармен кездескенде экспидиссия мүшелері пікір алыса қалса, арада аудармашы Н.И. Ильминиский болды. Ол түркімен тілінде біраз материалдар жинады,экспидисия туралы жазбалай біраз документтер қалдырды.