Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар

Скачать

Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар

Сабаққа қатысу міндетті болады. Егер белгілі бір себепке байланысты студент сабаққа қатыса алмайтын болсаңыз, онда ол болмаған сабақта оқылған материал үшін өзі жауапты болады. Студенттердің өзіндік жұмыстары тапсырмаларының барлығы міндетті түрде толық орындалып белгіленген уақытта тапсырылуы қажет. Өзіндік жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқауларды пәннің жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес оқу барысында аласыздар немесе оның мазмұнымен өз беттеріңізбен (өз логины және паролі арқылы) университет сайтының «Виртуалды университет», оқытушы бетінен аласыздар немесе кафедрадан алуға болады. СОӨЖ мен СӨЖ шегінде орындалатын тапсырмалар арнай кестеде белгіленген бағалар шкаласы бойынша бағаланатын болады.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары кестесінде орындаған үшін алынатын ең жоғарғы балл бекітілген. Ең жоғарғы балл тапсырма мерзімді және жұмыстарды орындау бойынша жасалған әдістемелік нұсқауларда белгіленген талаптарға сай, өз тәсілдерін қолдану арқылы, өз көзқарасына қарай және әдепті орындалған жағдайда қойылатын болады.


Скачать


zharar.kz