Қурлық пен теңіздердің бөлінуі. 510 млн. кв. км жер бетінің 361 млн. (71 %) теңіздер алып жатыр, құрлық 149 млн. (29 %), яғни теңіз бен құрлықтың ауданы, мөлшермен алғанда 2,5 1 қатқанындай болады. Бірақ су алып жатқан жер үетінің айқын және едәуір басым болуы мына фактыны қалқаламауы керек: жердің көлемімен салыстырғанда теңіздер мен мухиттар жұп – жұқа пленка тәрізді, мұның қалыңдығы (дүние жүзілік мұхиттардың орта раиусының небары 1: 1600 ғана болады. Крюммель бойынша мұхиттардағы сулардағы сулардың жалпы көлемі 1330 млн. Куб,км яғни планетаның барлық көлемінің 1:800.
Су мен құрылықтың үстіне бөлінуі де біркелкі емес.
Құрылықтың басым көпшілігі солтүстік жарты шарда ол мұнда бүкіл жер бетінің 39% алып жатады (су 61%), ал оңтүстікке 19% (су 81% болып келеді. Бұлай бөліну екі жарты шардың климатынан да үлкен маңыз алады.
Климаттың қарама - қарсылықтары негізінде су мен құрлықтың алмасуының дәрежесімен анықталады. Тіпті Ляйэльда мынаны көрсеткен болатын: егерде барлық құрлық экватор бойынша белдеу болып оның екі жағына, яғни солтүстік ендіктің 30° және оңтүстік ендіктің 30° арасына орналасқан болса, ал қалған кеңістіктер теңізге берілсе, онда дүниенің климаты едәуір жылы болатын болар еді. Мұның керісінше, жердің бар құрлығы полюстердің жанына жыйналып оңтүстік 40-ші және солтустік 40-ші параллельдердің арасын мұхиттар алып жатса климат тіпті суық болған болар еді.
Күні бұрын былай деп ойлауға болады: оңтүстік жарты шардың климаты бұл жарты шарда судың адам айтқысыз көптігінің солтүстік жарты шарға қарағанда едәуір бірқалыпты тіпті жалпы айтқанда мухиттық сыйпатта болуы керек еді. Бұл жорамалдар толығыман шындыққа сай келеді.
Дүниежүзілік мұхит және оның бөлінуі. Жер шарының мұхиттық беті тұтас бет деп қарау өте орынды болады: мұхит үстінің қай нүктесімен болсын екінші нүктеге құрлықты баспай-ақ жетуге болады. Міне, сондықтан біз Флерьё (XVIII ғасырдағы Француз картографы) мен Ю. М. Шокальскийге ере отырып, тұтас дүниежүзілік мұхит бар дей аламыз. Сонымен қатар дүниежүзілік мұхитта біркелкі емес. Мұның жеке бөліктерінің бірі ненбірінің суының температурасы, ашылығы, ағысынық сыйпаты мұздылығы жөнінен т. т. үлкен айырмасы болады.
Міне, осы ерекшеліктерді және жердің су қабығын бөліп тұратын материктердің орналасуын еске ала отырып, Дүниежүзілік мұхит төрт бөліке бөлінеді, бұл беліктардың әріқайсының мұхит деп атайды.
Солтүстік мұзды мұхит, ауданы 13,1 млн. кв. км, мұның едәуір шегінде табиғи шекарасы бар, ол — Европаның, Азияның және Американың солтүстік жағалаулары, оған Тынық және Атлант мұхиттарынан бөліп тұратын шартты шекара солтүстік поляр шеңбері. Орташа тереңдігі 1205 м.
Атлант мұхитының ауданы оған жататын теңіздердің барлығын қоса есептегенде 93,4 млн. кв. км. Оның шығыс шекарасын құратын Европа мен Африканың жиектері және мүйісінің меридианы, батысы екі Американың жиектері және Горн мүйісінің меридианы, ал оңтүстігі — Антарктиданың жағалары. Орташа тереңдігі 3656 м,