Кеңес дәуіріндегі әдебиет жанырының дамуы

Скачать

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Өйткені "көркем әдебиет оқушының эстетикалық талғамын жетілдіріп қана қоймай, сөзді стильдік өрісіне сай, талғап жұмсауға үйретеді".
Көркем әдебиет стилі дегеніміз - проза, поэзия, драма-тургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі).
XX ғасырдың екінші жартысындағы ақындарды зерделеп қарағанда, Абайға дейінгілер, оның тұстастары, өз зама-нының қайшылығы мен кемшілігін көре білді, бұрынғы елдің елдігін сақтаған әкімшілік жүйе мен салт-дәстүр шайқалып, халық бұрынғы жол-жоралғыны да дұрыс тұтына алмай, капитализм әкелген "жаңалықтарды" да түсіне алмай басынан еткізген еді. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық саясатының кең келемде жүруімен, елдің ез тәуелсіздігінен айрылуымен байланысты жүргізілгендіктен, Дулат, Шортанбай, Мұрат тәрізді ақындардың халқы, ұлтының болашағы үшін уайым жеуі, халқының өз тәуелсіздігін жоғалтқаны үшін қан жұтуы да түсінікті, өз заманының қайшылығын көрсете отырып, оның болашағын өздері шет жағасын көре алған өткен хандық дәуірмен байланыстыруы да орынды еді.
Ал Ыбырай, Абай болса, өз дәуірінің жарамсыз жақтарын керіп отырса да, боладіақтан үміт күтіп, жалпы өркениетігі елге айналудың қажеітілігін түсініп, қоғамды кері емес, ілгері сүйреуге ниет қылды. Бұл жолдағы олардың сүйенгені - оқу-білім, халықтың кезін ашу, өнерлі елге айналдыру болды. Халықтың көзі ашық, сауатты ұрпақтары көбейсе, қоғам дамуына яғни өркениетті ел қатарына қосылуға талап қылар деп болашақтан күдер үзбеді.
Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия, эпос, дастан, поэма, өлең басым болса, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдьщ басында көркем проза пайда болып, дами бастады. Осы кезеңде прозалық туындылар - публицистикалық, философиялық, ғылыми шығармалар, шешендік сөздер, новеллалар, әңгімелер, повестер, тіпті алғашқы роман да туып, оның жанрлық түрлері, формалары, стилі қалыптасып мазмұны байыды.
Қазақ көркем прозасының басы - Ы.Алтынсарин әңгімелері мен Абайдың қара сөздері екенін білеміз. Олар орыстың классикалық әдебиетінен үлгі алып, орыстың ұлы ақын-жазушыларының дәстүрлеріне сүйенеді.
Прозалық шығармалар алғаш көрінгенге дейін керкем әдебиет тілі шынында поэзияда қалыптаса бастады. Кейіннен проза тілінде дами түскен көркем әдебиет тілінің біраз әлементтері ең әуелі әріде - ауыз әдебиеті үлгілерінде, беріде - алғашқы жазба ақындар творчествосында керінді.
Кеңестік саясат үстемдік етіп тұрған кезеңде қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілер революцияға дейінгі ақын-жазушылар сөз болғанда, оларды "таптық көзқараспен" демократияшыл және реакцияшыл (керітартпа) деп екіге бөліп тастау үрдісі орын алғаны белгілі. Оларды реакцияшыл (керітартпа) дегенде айтар уәжіміз - олар ез шығармаларында бұрынғы хандық дәуірді аңсады, жаңа прогресті түсінбеді, дінді уағыздады деген сияқты айыптаулар болып келеді. Олар сол тұстағы орыс әкімшілігінің озбырлығын, қазақтың өз ішінен шыққан болыс-билердің сатқындығын көрмей, сынамай тұра алмады, олардан түңілгені де болды, халықтың сенімідінді аяқ-асты етуге де төзе алмады, бірақ дін бұзар молдасымақтарды, надандықты сынап, оқу білімге, енер үйренуге шақырғаны да рас. Олардың мұрасы тілдік жағынан сез болғанда да осы бөлуден әрі аса алмай, "реакцияшыл" ақындардың шығармаларында ортаазиялық түркі әдеби тілі әсері молынан кездеседі, сондықтан оларды "кітап-шыл" ақындар деп бөле қарау орын алғаны жасырын емес. Бұл арада олардың шығармаларының тілдік ерекшелігін бөле-жара сөз етуіміз де сол жағдаймен байланысты, әйтпесе, ол ақын-жазушылар да өз шығармаларында туған халкынын басындағы ауыр халге жаны ауырып, оның болашағына алаңдаушылық танытып, қайтсек соны дұрыс жолға саламыз деп жол іздеу мәселесін кетерді.Поэзиядағы мысал жанрының қалыптасуы мен дамуы.Үстіміздегі ғасырдың шүу деп басталар тұсы мен алға-шқы ширегі халқымыздың рухани емірін, мәдени де әдеби гіршілік тынысын жаңа бір бел-белестерге кетеріп, ірі серпіліс касаған жемісті дәуір болды. Бұлай болуы елшілдік үранын шгеріп, жұртын феодалдық мешеуліктен арылуға, өнер-зілімге, мәдениетке үндеген сол тұстағы қазақ интеллигенциясының шоқ жұлдыздай қауымы еткен әлеуметтік ізгіліктерге байланысты, сонымен өзектес. Осы бір кезеңде ел-кұрттың құлағын елең еткізіп көкейіне қозғау салған, ой-:анасына пәрменді ықпал еткен, зор әдеби жоралғы - Ахмет Байтұрсынұлының Петерборда 1909 жылы "Қырық мысал" деген атпен жарық керген кітабы болды.
Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту - қазақтағы шешендік, ділмарлық енердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі. Мысалдың да мысалы, түр-түрі бар. Ахаң кітабына арқау болған мысал жанры -қазақ үшін мүлдем бейтаныс әдеби жанр еместін. Сан ғасыр бойы атадан балаға мирас боп жалғасқан ауыз әдебиеті нұсқаларына назар аударар болсақ, оның ен бойынан мысал атаулының не алуан үлгілерін кездестірерімізге ешкімнің күдігі де, күмәні де бола қоймас. Хайуанаттар туралы ертегі-қазақ ертегілерінің аса бір қаужамды мол саласы. Өз халқының тұрмыс-тіршілігінің сырын, не бір көзден таса қалтарысына дейін мейлінше терең, жетік білген, халықтың қалың ортасынан қайнап шыққан Ахаң сияқты өте білімдар адам мысал жанрына бекерден-бекер ойыспаған, оған саналы түрде барған. Дәл осы жанрдың қазақтың ұғымнанымына, түсінік-түйсігіне тонның ішкі бауындай жақын жатқанын бұл кісі жіті аңғарып, тұшына ұққан.
Хайуанатты, я болмаса күнделікті тұрмыс-тәжірибеде жиі кездесетін әр түрлі заттар мен бұйымдарды шағын сюжетті көркем шығарманың кейіпкері етіп алып, оларды кәдімгі адамдарша бір-бірімен тілдестіріп сөзге, әңгімеге тарту, түрлі-түрлі өмірлік уақиғаларға араластырып, солар еткен іс-харекет арқылы көңілге ой саларлық ғибрат түю, ишара түрінде нұсқалау - барша әлем әдебиетіне, соның ішінде қазақ фольклорына да ежелден таныс нәрсе.
Ахаң болса "Қырық мысалды" шығармаларын ХҮІІІ ғасырдың аяғы мен өткен ғасырдың алғашқы жартысында жазған орыстың ұлы мысалшы классигі Иван Андреевич Крыловты (1768-1844) аудару арқылы түзген. Крылов - шын мәнінде мысал жанрын көркемдік биік шыңына кетеріп, оны орыс әдебиетінің нағыз халықтық төл дүниесіне айналдырған адам.
Атынан-ақ көрініп түрғандай Ахаң Крыловтың екі жүзге жуық мысал өлеңдерінің ішінен осы қазақ елінің ахуалына, қазақ адамының мінез-құлық психологиясына, дүниетаным, ойлау қабілетіне жақынырақ, үйлесімдірек келедіау деген аттай қырық мысалды таңдап алған да, оны өз бойына біткен ақындық ірі дарын елегінен өткізіп, асқан шеберлікпен сап күмістей таза қазақ сезімен әрі тәржімелеген, әрі оны қайта жаңғыртып жаңа бір философиялық, дидактикалық үнмен тың үлгіде қазақша жырлаған. Бұлай дейтініміз түп қазығы, сюжеттік желісі, мазмұны мен тақырыбы әуелде Кры-лов басняларында жатқанымен, "Қырық мысал" - біздің дәл қазіргі аударма туралы түсінігіміздің шеңберінен әлде қайда оқшаулау, бөлектеу жатқан өзгеше бір соны дүние. Мысалдарды тек қырық етіп шектеудің езінен-ақ кітап иесінің оны "қырық" саны туралы қазақ арасында ірге тепкен ежелгі түсінікпен үндестіруге ұмтылған сыңай танылады. Отызкүн ойны, қырық күн тойы; кысқа күнде қырық айналу, қырык күн шілде, қырықтың бірі қыдыр; қырқын мінсе, қыр артылмас; қырық сан Қырым жұрты, қырықру, қырық қышақден тәрізді халық тілінде, ауыз әдебиеті шығармаларында жиі ұшырасатын машықты сөз саптаулармен осындағы Ахаң кітабының атындағы "қырық" астарлас, сабақтас. Келтіріліп отырған мысалдардағы "қырық"сөзі дәл осы қолданыс аясында тікелей сандық ұғымды білдіру үшін емес, бір нәрсенің молдығының, кептігінің, қадір-қасиеттілігінің белгісі есебінде алынған.
Осыншама мысал хикаяның басы бір жерге біріктіріліп жинақталған, сан алуан емір, тұрмыс-тіршілік тақырыбы қамтылған кітап, адамдардың мінез-қүлқын, жақсы-жаман іс-қылық, харекеті туралы әр тараптан сөз қозғап, кісіге мысалмен түспалдап ғибрат өнеге сілтейтін мұншалық кітап қазақ арасында ол кезде, әрине, көп болған жоқ.
Өз алдына жеке кітап болып басылып шықпаса да Ахаңа дейін де баспа жүзінде жарияланған мысалдар, әрине, бол-ған. Бұл ретте 1888-1902 жылдары Омбы шәһәрінде шығып тұрған "Дала уәлаятының газетінде" жарық көрген "Қасқыр мен түлкі", "Қасқыр һәм малшы", "Түлкі мен қоян", "Түлкі мен тырна", "Тобылғы, баялыш, арша", "Аю мен түлкі" тәрізді қазақ арасынан алынып, хат бетіне қара сез күйінде түсірілген мысал әңгімелерді атасақ болады. "Дала уәлаятында" жарияланған мұндай қазақ мысалдары көп. Қазақтың өз мысалдарынан тыс газет өзге жүрттардың мысалдарына да едәуір кеңіл белген. Фин халқының "Үш жасыл жапырақ", румын елінің аАсыл тастардың ерегіскені", литвалықтардың "Бұлбұл мен қызыл гүл" секілді мысал ертегілерін қазақшаға аударып берген. Ертегі сияқты шығар-ма болғандықтан, бұлардағы уақиғаның әңгіме түрінде баяндалатыны езінен өзі түсінікті. Қара сөзбен айтылу - мысал атаулының халық шығармашылығына тән неғізгі формасы. Ал өлең, қысқа сюжетті поэзиялық шығарма үлгісіндегі мысал, - негізінен алғанда, солардың қаламы арқылы қанаттанып, өркен жаятын қүбылыс. Өлеңмен айтылған мысалға кезіге қалсақ, алдымен әңгімені оның авторы кім еді деген сауалдан бастайтынымыздың осындай себебі бар. Өлең түрінде келетін авторы белгісіз мысалдан да өткендегі әдебиетіміз құр алақан емес. Алайда өлең үлгісіндегі мысалдардың дені - беріде, өткен ғасырдың аяқ түсы мен үстіміздегі ғасырдың бас кезінде, орыс классигі Крыловты аударуға орай өріс алған тәжірибе екені - шындық. Мысал жанрының қазақтағы поэтикалық биік шыңы - Ахаңның "Қырық мысалы" екені басы ашық мәселе.
"Қырық мысалға" дейін де Крылов мысалдарының қазақшаға аударылғандары болған. Абайдың өзі Крыловтың бірнеше мысалын аударған, Ыбырай Алтынсариннің "Киргизская хрестоматиясында" да Крыловтан алынған мысалдар бар. "Қырық мысалды" жазарда Абай шығармаларымен түгел таныс болмаса да, Ахаң Абайдан мол хабардар болған. Ол Алтынсарин еңбектерін боса болмаса да тіптен ерте білген, өйткені бұл кісінің өзі - Алтынсарин Торғайда ашқан екі сыныпты қазақ мектебінің түлегі еді ғой. "Киргизская христоматиядағы" Крыловтан аударылған "Егіннің бастары" дейтін мысал елеңді Ахаң "Қырық мысалға" бір сөзін езгертпестен сол күйінде енгізген. "Қырық мысалға" Алтынсарин кітабынан енген өзге де мысалдар жоқ емес: Бір мерген бозша құсты атып алды" деп басталатын және "Қайырымды түлкі" жөніндегі мысалдарды да Ахаң осы Алтынсарин хрестоматиясынан алған да, аяқ жағына өз жанынан екі шумақ өлең қосып, "Қырық мысалды" жазудағы өзі берік ұстаған дәстүрдің ізімен бұдан шығатын қорытынды не болмақ деген жайға біраз аялдап өткен.
Ахаңдағы Алтынсаринмен әуендес келетін Крылов мысалдарының бірі - "Қарға мен түлкі". Алуын Крыловтан алғанымен, Ахаңның аудармасы Алтынсариннің оқулығындағы аудармадан мүлдем басқаша.
Осы ыңғайда назар аударарлық бір жай: Крыловтың бұл мысалының қазақша аудармасының бірнеше нұсқасы бар. Біз білетін ең алғашқы нұсқа - Ыбырайдікі, мұны ол кісінің оқулығынан алып, 1892 жылғы 51-санында "Дала уалаятының газеті" жариялаған. Крыловтың "Ворона и лисица" деген мысалын бір Абайдың өзі екі түрлі нүсқада аударған ғой: бірі - "Жұрт біледі, күледі" деп, екіншісі - "Боқтықтаталпаңдап" деп басталады. Сюжеті бір болғанымен, мұның екеуі - екі басқа дүниелік, екі басқа өлең. 1909 жылы Кәкітай Петерборда бастырып шығарған Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағына енген "Жұрт біледі, күледі" деп басталатын аударма аса көркем, әрі түпнұсқаға екіншіге қарағанда анағұрлым жақын. Сонымен, бір ғана мысалдың қазақтағы біз білетін нүсқасы төртеу екен.
Өлең түгіл қара сезбен жазылған дүниеліктің тіптен көркем шығарма атаулының бір тілден екінші тілге аударылуының шартты нәрсе екені түсінікті. Шарттылықтың ең кереметі - өлеңді елеңмен аудару. Әрі шарттылығынан, әрі қиыншылығынан болу керек, кей еуропа халықтарында бөгде тілден өлеңді қара сөзбен аударатын үрдіс бар екен. Бір тектен өрбіген, оның өзінде де тым жақын тіл болса бір сәрі, бірі түркі текті, бірі үнді-еуропа текті, тіптен арасы жер мен көктей кереғар алшақ жатқан орыс пен қазақ сынды тілдерден өлеғщі бірінен біріне тәржімелеу - шарттылықтың көкесі осында жатыр. Крыловтың бір ғана "Қарға мен түлкісінің" төрт аударма нұсқасының әр қайсысының әр аудармашыда әр басқа өлең боп шығуының осы секілді сыры бар.
Өлең аудармаға тән шарттылық атаулының не бір кілтипанына біз осы "Қарға мен түлкінің" Ахаң нұсқасынан жақсы қанығамыз. "Қырық мысалға" енген жазушы туындыларынын өн бойынан жиі байқалатын аудармашылық еркіндіктің айкын бір көрінісі - осы шығарма. Шу дегеннен-ақ Ахаң мысалда әңгіме қай тараптан шертілетінін, онда не хақында сөз болатынын аңдататын орысшатүпнұсқадағы ұзақ-ұзақ үш өлең жолымен берілген кіріспеге соқпастан, мысалды бірден ондағы оқиғаның езін баяндаудан бастайды да, бұдан алар ғибрат не деген қорытындыны жыр аяғына әкеп түйіндейді. Жыр қүрылысын Ахаң бұлайша әдейілеп өзгерткен. Өйткені бұл құбылыс "Қырық мысалға" енген мысал-өлең атаулының баршасына тән. Жазушы әдебиетте жырға арқау болып отырған оқиғаны оқушысына тәптіштей әңгімелеп береді де, оқиға тәмамдалғаннан кейін мүны қалайша талдап, қалайша ұғынарға керек деген жайдан ақыл-кеңес айтады. Осы секілді құрылыммен келетін мысалдар Крыловтың өзінде де аз емес, бірақ ол кісінің жырдағы уақиғаға берілер бағаны жоғарыдағыша әңгіменің басталар тұсына келтірген реттері де, кейде аяқ жағына жинақтаған кездері де баршылық. Тіптен кейбір мысалдарында болған жайды, уақиғаны бүгешігесіне дейін қалдырмай баяндап беріп, ендігі шешуін, оқушым, өзің тап, төрелігін өзің айт дегендейін сыңай танытатын кезі де жоқ емес. Халқының көкірек-көзін ашуды, қалың елін ұйқыдан оятуды мақсат тұтқан, ағартушылық бағыт ұстаған, әрі отаршылдық езгіден арылып, жұртын азат ел болуға шақырған адам болғандықтан да Ахаң әрбір мысалын өз кекейінде жүрген ойын жалпақ елге жет-кізетін, қандай істен үлгі өнеге алып, қандай қылықтан жиріну, бойды аулақ салмақ қажет екенін уағыз ететін құрал деп, ғибрат сөз деп ұққан, сол үшін де аудармадағы дәлдік, түпнұсқаның егжей-тегжейі деген өлшемдерге аяғынан тұсалып қалмай, қаламының тізгініне ерік беріп, еркінірек сілтеп, мысалдық сюжеттерді өз айтпақ ойына, өз мақсатына, қазақ тіршілігіне лайықтап зор ақындық шеберлікпен қайта жаңғыртып, аса бір оңтайлы да үрымтал үлгіде пайдаланған.
"Қарға мен түлкіні" аударған кезде Ахаң бұл мысалдың Абай аударған нұсқасын білді ме, білмеді ме ол арасын айтып бере алмаймыз, ол Алтынсарин нұсқасымен таныс болатын женін жоғарыда айттық. Алтынсариннің хрестоматиясындағы "Қарға мен түлкі", "Егіннің бастары" деген мысалдарды бір сөзін өзгертпестен қаз қалпында алып, "Қырық мысалға" енгізген, бірақ өз мысалдарына тән ортақ үлгіге бағындырып, бұлардың аяқ жағына бұдан үйренер өнеге туралы өз тұсынан бірнеше шумақтан тұратын өлең қосқан. Ал Ыбырай кітабында бар "Қарға мен түлкіге" келгенде былай етпеген, мысалды орыс тілінен өзінше бөлектәсілмен, тың-нан өзгеше бір нәр бере, дамыта аударған. Ыбырай, Абай аудармасы былай тұрсын фабуладағы, кейіпкерлеріндегі ұқсастық, бірлік демесек, мұны Крыловтан аударылып алынған шығарма деудің өзі шартты түсінік қана. Бұл жай басқасын былай қойғанда, шығарманың көлемінен-ақ көрініп тұр. Крыловтағы алты жолдан тұратын өлең Ахаңда қырық сегіз жол болып шыққан. Бір көзбен қарағанда бұл мысал шығарымпаздық, ақындық енердің жарысы есепті. Бір тақырыпты осылайша қатар, тайталас әңгімелеу, жыр ету әдебиетімізде ежелден бар дәстүр. "Шаһнаманы", "Мың бір түннің" сала-сала ертегілерін бас-басына жырға айналдыру - орта ғасырда емір сүрген парсы, түркі поэзия алыптары мирас тұтып, машықтаған әдеби үрдіс болатын. Араб ертегісі "Ләйлі-Мәжнүнді" Низами, Жәми, Науаи, Физули сынды шығыс классиктерінің талайы жырлаған.


Скачать


zharar.kz