ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

Скачать

ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ (Пушкиннен)
Амал жоқ — қайттім білдірмей, Япырмау, қайтіп айтамын? Қоймады дертің куйдірмей, He салсаң да тартамын.
Талайсыз, бақсыз мен сорлы Еріксіз аттап уяттан, Қорлыққа көндім бұл құрлы, Байқалар халім бұл хаттан.
Әлімше мен де ұялып, Білдірмен дедім өлсем де, Шыдар ем куйіп мен жанып, Айында бірер көрсем де.
Болмады көріп қалуға,
Ес/тіп біраз сөзіңді.
Шыдар ем бір ай жатуға Ұзақ түн жүмбай көзімді.
Қызықтан қашып бул жерге Көңліңіз суып келіпсіз. Мәнісін сұрап білуге Тілдесе алмаймын еріксіз.
Келмесең егер сен бізге, Сау болмас па ем, әлбетте. Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке.
Асау жүрек қайнамай, Жуасыр ма еді кезінде? Елден бір жақсы сайламай, Бармас па ем ерге өзім де?
Өзгеге ешбір дүниеден Еркімен тимес бул жүрек. Әзелде тағдыр иеден, Қожам - сенсің, не керек.
Тіршілігім - құрбандық, Шыдамай сені көргенше. Тәңірімнен келген бұ.л жарлық, Ием - сенсің өлгенше
Әуелде кірдің түсіме, Ортақтасып өміріме. Толғау салып ішіме, Сол күнде-ақ жақтың көңліме.
Құдайдан болғай деп емі, Қүдайыны мол бердім. Көрген жерде-ақ мен сені, "Осы екен ғой — сол"— дедім.
Жатқан сайын ұйқыға Дұға оқушы ем, шошынып. Ұнатып мені қүлқыңа, Жүруші едің қосылып.
Түсімде мені жүбантып, Жылы сезбен сөйлесіп, Кетуші едің қуантып, Қалушы еді көңіл өсіп.
Шыныңды айт, кімсің тербеткен — Иембісін, сақтаушы? Әлде азғырып әуре еткен Жаумысың теуіп таптаушы?
Шеш көңлімнің жұмбағын, Әлде бәрі - алданыс. Жас жүрек жайып саусағын Талпынған шығар айға алыс
Не болса да, өзімді Тапсырдым сізге налынып. Толтырып жасқа көзімді, Есірке деймін жалынып.
Бұл жерде ешкім сырымды Білмейді, айтып не етейін? Жақтырмай бұзсаң нұрымды, Білдірмей күйіп етейін.
Кұтемін сізден қайта хат, Қуандырып дертім жаз. Ол болмаса, шыныңды айт, Кінә өзімде, өзіме аз.
Өз хатыма өз көзім Ұялып, к,орк,ып баға алмас. Кепілім менің - бір өзің, Бөтен жан тетік таба алмас.


Скачать


zharar.kz