«ТОНЫКӨК»(ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА

Скачать

«ТОНЫКӨК» (ТОНИҚҰҚ) ЕСКЕРТКІШІНІҢ АУДАРМАЛАРЫН
САЛЫСТЫРА ҚАРАҒАНДА


А. К. ТЕРГЕМБАЕВА
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті, Өскемен қаласы

8 – ғасырда тасқа қашалып жазылған Көне түркі жазба ескерткіштері – біздің рухани бастау көздеріміздің бірінен, тіпті бірегейінен саналатын асыл мұрамыз.
Бүгінгі күні түркітану ғылымы түбегейлі зерттеліп болды деуге болмайды. Ең алдымен, дүниенің төрт бұрышына шашылып жатқан көне жәдігерлерді жинастырып, жүйеге келтіру жұмысы тұр. Екінші кезекте көне мәтіндерді терең тілдік сұрыптаудан өткізіп, қазіргі тілге тәржімалау мәселесі тұр. Біздің бұл жұмыста қарастыратынымыз да осы – аудармалардың сапасы мен сәттілігі туралы мәселе.
Көне түркі жазба мәтіндерін тәржімалауда зерттеу барысында кәдімгі ғылыми қателіктер де кездесіп отырады. Еуропалық, ресейлік ғалымдарды айтпағанның өзінде қазақ ғалымдарының аудармаларында өзара келіспеушіліктер кездеседі. Біз С. Е. Маловтың транскрипциясына сүйене отырып және өзіміз де ішінара аудара келе Ғ. Айдаровтың, А. Аманжоловтың, М. Жолдасбековтың, Қ. Сартқожаұлының аудармаларын салыстыра қараған едік. Мұндағы көздеген мақсат – түпнұсқадан алшақтап кеткен тұстарын атап көрсетіп, көне мәтіннің неғұрлым дәл берілуін қамтамассыз ету еді. Ал ондай алшақтықтар жоқ емес. Мәселен, Қ. Сартқожаұлы былай деп ескертеді: «Күлтегін ескерткішінде 12 қате, Тоныкөк ескерткішінде 11 қате тек қана аудармасынан болып отыр».
Бір мақалада бүкіл жазба ескерткіштерінің аудармаларын қарап шығу мүмкін еместігінен, біз Тоныкөк (Тониқуқ) ескерткішінің мәтініне тоқталдық.
Ескерткіш 1897 жылы Монғолияның орталығы Улан – Батордың оңтүстік жағынан 36 шақырым жерден табылды. Оны алғаш рет тауып, жұртшылыққа таныстырған Е.Л.Клеменц. 1898 жылы Тоныкөк ескерткішінің эстампажы мен фотосуреті жасалды. Сол фотосуреттің негізінде В.В.Радлов ескерткіштің ең ілкі аудармасын жасап, неміс тілінде баспадан шығарды. 1909 жылы Г.Рамстедт, 1920 жылы Б.Я. Владимирцев , 1957 жылы П.Аалто ескерткіш жөнінде еңбектер жазды. Тоныкөк ескерткішімен француз ғалымы Р.Жиро да шұғылданды.
Қазіргі кезде өмір сүріп отырған ұрпақтың ең бірінші міндеті - өзіне дейінгі тарихты бұрмаламай, боямай, қаз – қалпында келесі ұрпаққа аманат ету. Өкінішке орай, қазіргі тарихты әркім әр түрлі арнаға салып жіберді. Түркі халықтары үшін баға жетпес мұра болып табылатын руникалық мәтіндер де осындай құнтсыздыққа ұшырағаны құпия емес.
Сөзіміз жалаң болмас үшін, бірнеше мысалдар келтіре кетейік. Тоныкөк жазуының алғашқы жолы ... білге Тониқуқ бен өзүм табғач іліңе қылынтым... деп басталады. Осы мәтінді М. Жолдасбеков «Білге Тоныкөк, мен өзім Табғаш елінде тәрбиелендім» деп аударады. Ғ.Айдаровтың аудармасы да дәл осындай. Ал Қ.Сартқожаұлы «Білікті Тұй – ұқық мен өзім Табғач елінде қылындым /туылдым/» деп тәржімалайды. Көріп отырғанымыздай бұлар осы бір жырдың бірдей жолының аудармасы болса да, әр сөйлемнің берер ойында біраз алшақтық байқалады. Ең алдымен, Тоныкөк білікті ме, әлде түпнұсқада анық көрініп тұрғандай білге Тоныкөк пе? Білге сөзі ескерткіштің өзге мәтіндерінде де кездеседі және түпнұсқадан алшақтамай – ақ осы күйінде қолданылса да түсінікті. Бұл жерде Тоныкөктің «даналығын, ақалдылығын» көрсету үшін қолданылып тұр. Сол сияқты табғаш елінде туылу бір бөлек те, осы елде тәрбиелену тағы бір бөлек ұғым. Тарихққа жүгінер болсақ, үш бірдей қағанға кеңесші болып елеулі қызмет істеген Тоныкөк - түркі тайпаларының бір бұтағының өкілі, табғаш елінің орталығында оқып, әскери білім алған адам. Біздің ойымызша, «Білге Тониқуқ, мен өзім табғаш елінде туылдым» болуы керек. Бұл жерде, біріншіден, ол кезде түркі жерінің табғаштардың отары болып тұрғандығын көрсеткен. Ол жайлы ескерткіштің келесі жолында да жазылған. Екіншіден, «тәрбиелеу» мәніндегі қимыл атауын көне түркі сөздіктерінде ігід сөзі білдіреді. Олай болса, тәрбиеленгендігін білдірмек болса, «ігідтім» болар еді.
Сондай – ақ екінші жолдағы ...канын кодуп, табғачқа йана ічікді...деген сөйлемді Ғ.Айдаров «Қанын қойып, табғашқа және бағынды» десе, М.Жолдасбеков «Хандығын тастап, табғашқа қайта бағынды» деп, Қ.Сартқожаұлы «Ханын жойып, табғашқа қайта бағынды» деп аударады. Міне, бірде ханын қойып бағынса, енді бір жерде тастап кетіп табғашқа бағынады да, енді бір жерде ханын жойып барып табғашқа бағынатын көрінеді. Бұл жерде «Ханын қойып (тастап деген мағынада) табғашқа және бағынды» деп аударылса және осыған Ғ. Айдаровтың аудармасы жуықтайтын сияқты.
Аталмыш ескерткіштің үшінші жолында ... түрк сір будун йарынта бөд қалмады деген сөйлем бар. Осындағы сір сөзін Қ. Сартқожаұлы түрүк - есір түрінде оқып, аудармасыз қалдырады. Ғ. Айдаровта да дәл осылай. Ал М.Жолдасбеков сір халқы деп, бұл сөздің белгілі бір елдің атауы екендігін білдіреді. Сонда Қ. Сартқожаұлының аудармасы «Түркі есір /тақ/ жерінде тақ киесі. Бөд /тақ киесі/ қалмады» деп шықса, Ғ. Айдаровта «Түркі есір /тұтқын/ халқы жерінде тіршілік қалмады» болып аударылады. Біздіңше, «Түрк есір халқы жерінде тақ киесі (басқаратын адам) қалмады».
Біздің көздеген мақсатымыз - әр аудармашыға кінә тағу емес, қазіргі тілімізде сақталған сөздер бола тұра, оны басқа бір синоним сөздермен алмастырған тұстарын сынау. Өйткені синоним сөздердің өздерінің эмоциялық - экспрессифтік бояулары әр түрлі болып келетіні белгілі. Мәселен, тағы да Тоныкөк жазуының бесінші жолындағы ...каған му кысайын – тідім... тіркестерін алып қарайық. Осындағы кысайын сөзін Ғ. Айдаров қысайын деп, М.Жолдасбеков сайласам ше деп, Қ. Сартқожаұлы ұғысайын деп аударған. Біздің ойымызша, бұл жерде ұғысайын (ақылдасу мағынасында) деп аударған дұрыс сияқты.
Сонымен бірге жетінші жолдағы ...өлүрті және олурур ертіміс сөздерінің аудармаларындағы сәйкессіздіктерді талқылап көрсек. Қ. Сартқожаұлында өлүрті – жойды, олурур ертіміс – мекендеуші едік деп келсе, М.Жолдасбековте бұл сөздер қырды және отырушы едік деп келеді де, Ғ. Айдаров өлтірді және мекендеуші едік деп аударады. Бұл жерде көне түркі жазуындағы белгілі сөздердің ешқандай да баламасын іздемей – ақ, сол қалпында сақтаса да мағынасын көмескіленбейтіндігі анық. Олай болса, өлүрті - өлтірді және олурур ертіміс – отырушы едік деп берілсе әлдеқайда тиімді болар еді.
... Будун боғзу тоқ ерті... деген сөздер сегізінші жолдан орын тепкен. Мәтіндегі боғзу сөзі тамақ деген мағынаны білдіреді. Сонда тамағы тоқ еді деген нұсқаларды қолдаймыз.
Он алтыншы жолда йеңдук сөзін аударуда да сәйкессіздік байқалады. Ғ. Айдаровта қайттық, Қ. Сартқожаұлында талқандадық, М.Жолдасбековте жеңдік болып келетін бұл сөз ешбір аудармасыз – ақ жеңдік күйінде түпнұсқаның өзінде түсінікті болып тұрғанын байқаймыз.
Он сегізінші жолда ...түрк қаған отурғалы, Сантуң балык (к) а талуй үгүзка тегміс йок ерміс, кағаныма өтүнүп сүледім... деген сөйлемді аударудағы сәйкессіздіктер біраз анықтықты қажет етеді. Бұл мәтін Ғ. Айдаровта «Түрк қаған отырғалы, Сандуң қаласына теңіз өзеніне жетпеген еді. Қағаныма өтініп соғыстым». Қ. Сартқожаұлында «Түркі қаған отырғаннан бері Шантуң қаласына, Теңіз өзеніне дейін шабуыл жасап көрмеген еді. Қағаныма өтініп қол аттандырдым». М.Жолдасбековте «Түрк қағаны отыратын Шантуң қаласына, теңіз өзеніне жеткен жоқ едік. Қағаныма өтініп аттандық».
Сонда алғашқы екі аудармада түрк қаған отырғалы деп мезгілін көрсетіп тұрса, соңғысында сол Шантуң қаласында түрк қағаны, түрк халқы отыратын болып шығады.
Келесі сүледім сөзіне тоқталсақ, бұл сөз көне түркі ескерткіштерінің мәтінінде бір емес, бірнеше рет кездеседі. Бірақ, өкінішке орай, әр мәтінде әрқалай аударылады. Мәселен, Күлтегін ескерткішінің (КТ(м)) үшіні жолындағы аталған сөзді А. Аманжолов «қол бастадым», екінші жерде «жорыққа шықтым» деп аударса, Ғ. Айдаров «соғыстым» дейді, ал М.Жолдасбеков «жауладым» деген сөзбен, Қ. Сартқожаұлы «қол аттандырдым» деп береді. Көріп отырғанымыздай біз талдап отырған мәтінде де осы сөз әр түрлі аударылған. Шын мәнінде сү – «әскер, қол» мағынасын білдіреді. Сонда сүледім сөзіне жоғарыдағы синонимдердің ішінен «қол бастадым» тіркесі жуықтайды. Одан да жақындатар болсақ, «әскермен бардым» деген балама келетін сияқты.
Сол сияқты жиырма бесінші жолдағы йорутдым сөзі де әр жерде әрқалай аударылған. Бірде жүргіздім, енді бірде жылжыттым, тағы бірде аттандырдым деп келеді. Бұнда да ешқандай да балама сөз іздемей – ақ жорыттым деп беретін болсақ түсінікті болады. Бұл сөз бүгінгі лексиконымызда да белсенді қолданылады.
Жиырма сегізінші жолдағы ... каны, сүсі тірілміс деген мәтіндегі тіріл сөзі жиналу, бірігу деген мағынаны беретіндігін ескерсек, ханы, әскері жиналды деген түсінікті болар еді. Ал ол Ғ. Айдаров пен Қ. Сартқожаұлында жиналды деп берілсе, М.Жолдасбековте оянды деп аударылған.
Қырық тоғызыншы жолда ...табғачқа йеті йегірмі сүңісді деп жазылған. Ғ. Айдаров пен Қ. Сартқожаұлында «Табғаштармен он жеті рет соғыстық» деп келсе, М.Жолдасбековте «Табғаштармен жиырма жеті рет соғыстық» деп аударылады. Шынына келгенде, йеті йегірмі сөзінің он жеті деп аударылуы орынды сияқты. Көне тү


Скачать


zharar.kz