Топтық эксперимент.
Тұтынушыға товардың бағасын хабарлау әдісін салыстыру. Америкада өтеді жалпылау жоғарлығы үлкен болу үшін:
1. Тағамның пакетіне жалпы салмағы және бағасы жазылады.
2. Тұтынушыға есептеу машинасы беріледі (1 кг анықтау үшін)
3. Әр пакетке бір грамдық салмағының бағасы жазылады. Осы үш әдістің көмегімен тұтынушылар аз уақытта сапалы тағамды арзан бағамен алатындығын анықтау. Эксперимент гипотезасы бойынша:үш әдісті қолданып, тағамды сатып алғанда бірінші, екінші әдістерден қарағанда тиімді.
Мақсаты: Зерттелінуші топтың ішінде 18-75 жас.
Зерттелушілер: Зерттеуге 75 зерттелуші қатысты. 64 әйел. Жастары 20-дан 29-48 ,30-39-17, 40 үлкен 10. Зерттелушілерді кездейсоқ үш топқа бөлді. Есептеу машинасымен қолдану керек болған зерттелушілерді «Есептеу машинасын оқып және тағамның салмағының бірлігіне қанша ақша кететіндігін үш рет жақсы орындағаннанкейін ғана экспериментке кіргізілген.
Мақсаты: Тәжербиеде әртүрлі тағамның тоғыз түрілі жиыны қолданылды. Тағамның әр пакеті номерленген. Зерттеушілер әр тағам жиынын «ең арзан пакетт» таңдау керек. Тағамның бағалары берілген фирманың дүкеніндегі бағамен бірдей болады.
Зерттеушілерге бір бет қағаз берілді, ол қағазға олар әр тағам жиынының таңдап алған пакеттің номерін жазу керек.
Нәтежиелері: Зерттеушілермен алынған тоғыз таңдаудың әр қайсысы екі параметрмен мінезделді. Олар:
1. Таңдаудың дұрыстығы
2. Кеткен уақыт (минутпен)
Шарт Дұрыс таңдаулар саны Кеткен уақыт
А Б В А Б В
Орташа 5,78 5,96 8,04 23,93 31,72 3,60
Стандартты 1,31 1,57 0,45 10,00 9,57 1,11
Мұндағы (А) – Тағамның жалпы бағасы мен салмағын айту.
(Б) - Есептеу машинасымен қолдану.
(В) - Унция бағасы.
Осы таблицада А және Бшартына қарағанда В шарты тиімді екені көрініп тұр.
Қорытынды: Экспериментальды гипотеза дәлелденді. Екі ( А,Б) шартқа өарағанда (В шарты) салмақтың бірлігінің бағасын айту тиімді және аз уақытты жұмсады. Ал есептеу машинасын қолдану дәлдікті бермеді және уақытты көп алды.
Қозғалыс дағдыларының ойша өңделуі.
Идея- ойша қиял.
Эксперименталды гипотеза: Қарапаиым жаттығу программасын арнайы ойша жаттығулармен толықтыру арқылы курсанттарда т-3самалетін қондыру дағдысы жақсаратындығы.
Методика: Зерттеушілер: Зерттеушілер кездеисоқ курсанттардың ішінен алынды. Экспериментке 13 адам және 10адамды бақылау группасына алынғандар қатысты. Курсанттардың бәрінің тәжербиесі жоқ болған.
Экспериментальды шарттар:
Б шарттары: «Бақылау тобының зерттелушілеріне берілген». Олар қарапайым жаттығулар болған, онда ештеңе де өзгерген жоқ болатын.
А шарттары: Зерттелушілерге қосымша арнайы ойша жаттығулар программасы берілген . Оқудың кезеңінде зерттелушілер төрт рет Т-3 самолетінің кабйнасының макетінде қонған. Наушник арқылы зерттелушілерге орындау керек болған операциялар берілген.
Барысы: Эксперименталды топтың зерттелушілеріне 4-ші, 5-ші, 6-шы, 7-ші ұшқан жұм/н кейін ойша өңдеуді іске асыруды ұсынған. Әр осындай серия 11- 15 мин жүргізілген. Ал бақылау тобының зерттелінушілері осы кезеңде қарапайым жаттығуларды орындаған.
Қорытынды: Жоғарғы баға-7, төменгі баға-1 ге тең болды. А шарты бойынша орташа баға -4,53 Б шарты бойынша орташа баға -4,26 құрады. Орындау техникасына 4,21 және 3,89 баға берілді.
Гипотеза дәлелденді. Яғни, ойша жаттығу самалетті қондыруды жақсартады.
Испан тілін оқудағы екі әдіс.
Экспериментті жоспарлау. Алдымен, экспериментаторлар лабараториялық күнделікте оқытудағы екі әдісті де жазған. Ескі әдісті сипаттау үшін журс программасына аяұққы басылымын, ондағы негізгі тәсілдерін тізбектеп алған. Әр сабақтың қалай өткендігі сол күнделікке тіркеліп отырды.
Экспериментаторлар екі жылдан кейін тілді қалай меңгергендігін бағалауды да ұмытқан жоқ. Бақылау сұрақтары да лабараториялық күнделікке жазылып отырды. Эксперимент испан тілін алғаш оқып бастағандарға жүргізілді. Ең бірінші мынандай идея шықты: студенттерді алдын ала ретпен емес группаларға бөлді. әр группада бір мұғалімнен, одан кейін оқытудың әр методикасы берілді( жазбаша және ауызша сөйлеу). Бірақ бұл жерде қиындық бар: ол кейбір студенттер испан тілін кішкене болсын біледі. әдейі бөлінбегендіктен, төрт топтың біреуіне сондай студенттердің көп болуы, ал басқасында аз болуы әбден мүмкін. Сондықтан да, экспериментаторлар алдын ала тексеріс жүргізуді ұйғарды.
Студенттерге елу испан тіліндегі сөздерді жазбаша ағылшын тіліне аудару керек. Содан кейін жоғарыдан төменгі баллға дейін баллдар есептелінді, егер студенттердің баллдары бірдей болса , олардың фамилиялары алфабит бойынша жазылды. Осыдан кейін студенттерді төрт топқа жіктеу үшін стратегия алынды.
1. Ранос, хат
2. Ронос, әңгіме
3. Кроутерс, хат(жазбаша)
4. Кроутерс, әңгіме
Бірінші төрт фамилия аталған тізім боиынша номерленген, яғни 1,2,3,4, ал басқа 4-уі керісінше ретпен орналастырылды. Яғни, 4,3,2,1, т.с.с.
Сол арқылы, әр фамилияның тұсында топтың номері жазылды.
Эксперименттің барысы:Сабақтар біткеннен кейін қорытынды емтихан жүргізілді. Емтиханға материал алдын ала дайындалды. Магнитафонға испан тіліндегі сұрақтар жазылды. Қосымша факторлардың әсері болмас үшін студенттерге берген мұғалімдердің өздері сұрақтар қойған. Әр студент екі тәсілмен жүз сұраққа жауап берген . Әр сұрақтан кейін студенттерге отыз секунд уақыт берілді, өйткені дұрыс жауабын бетке жазу керек болған. Әр мұғалімдер басқа мұғалімдердің студенттердің жауаптарын тексерген.
Әр жауап 5-тен 0-ге дейінгі баллмен бағаланды.
«5» - өте дұрыс
«4» - маңызды емес бір қате
«3» - екі маңызды емес немесе бір маңызды қате
«2» - бірнеше маңызды қате
«1» - аудару дұрыс емес, бірақ сәйкестілік бар
«0» - мүлдем дұрыс емес
Дөңгелектегенде, жалпы жоғарғы балл- 1000.
Нәтиженің анализі: Айқын нәтежие болу үшін баллдар төрт топқа интервалданып бөлінді.
56,57,58,59 баллдар алынғандар, одан кейін, 60,61,62,63 балл алғандар, ол интервалға үш студент кірді, олар сөйлеу әдісі арқылы оқығандар, ал жазбаша әдіспен оқығандарға бір студент қана кірді.
Сөйлеу әдісінің орташа бағасы -78 баллды, ал жазбаша әдістің орташа бағасы -75баллды құрады. Яғни пайдасы бар деген нәтежиеге келді.