ДОСМҰХАМЕДОВ Жанша

Скачать

ДОСМҰХАМЕДОВ Жанша (Жаһанша) (1886, қазіргі Бат. Қазақстан обл. — 1932) — Алаш қозғадысының қайраткері, заңгер. 1912 ж. Санкт-Петербург ун-тінің заң ф-тін бітіріп, Томск округтік сотында 1917 жылдың ақпанына дейін қызмет істеді. Он аллтыншы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі тұсында басқа да Алаш зиялыларымен қатар мәселенің бейбіт жолмен шешілуін жақтап, халықты көтеріліске шықпауға шақырды. Ресейдегі Ақпан төң-керісінен (ақпан, 1917) кейін болған қоғамдық-саяси өзгерістер кезінде обл., жалпы-қазақ съездерін өткізуге белсене арласты. Орал обл. қазақ к-тінің төрағасы болды. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мусыл-мандар съезіне қатысып, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Уақытша үкіметтің Құрылтай жиналысы туралы заң жобасын дайындайтын мемл. кеңестің мүшееі болды. 1917 ж. жел-тоқсаңда өткен 2-жалпы қазақ съезіңде жарияланған Алаш-орда үкіметінің құрамына сайланды. 1918 — 19 ж. Бат. Алашорда бөлімшесіне басшылық жасады. 1918 ж. наурызда Х.Досмұхамедовпен бірге Алашорда үкіметі аты-нан Кеңес үкіметінің басшылары В.И. Ленинмен және И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізді. 1920 жылдан бастап әр түрлі шаруашылық жұмыстарда, Мәскеудегі "Малшы" басқармасында аға экономист болып қызмет істеді. Ұлттық мәдениеттің көркейтуге, ғылымның, білімнің дамуына үлкен үлес қосты. 1922 — 25 ж. "Талап" мәдениет көркейту қауымының мүшесі болды. Д-ке осы қауымның төрағасы Х.Досмұхамедов Түркістан заң шы-ғару халық комиссариатының өтініші бойынша, азаматтық және қылмыстық кодексті қазақ тіліне аударуды тапсырған. Д. "Уголовный кодексті" "Жауыздық низам-намасы" деп аударған. Бұл аударма 1000 данамен жарық өріп, оған М. Дулатов сыни пікір Кеңес өкіметі ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды.


Скачать


zharar.kz