Төтенше жағдайдағы құқықтық режим
Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады. субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді.
Заң шығарушы орган төтенше режимнің 3 негізгі түрін бекітеді:
1) «ерекше»;
2) төтенше;
3) әскери жағдай. Осылардың ішінен заң шығарушы орган төтенше жағдай режиміне ерекше мән беріп қарайды.
Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «төтенше жағдайдың құқықтық режимі», сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады
Төтенше жағдай әлеуметтік мәселелерді қоғамдық шешуді қиынға соқтырады, сондықтан мемлекет қоғамдық қатынастарға қатаң заңдық-ұйымдық ықпал орнатуын міндеттейді, осы жағдайды тоқтатуға құқықтық құралдарды өзгерту және қоғамды жақсы өмір сүруге әкелу.
«Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық- әкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Әкімшілік әрекет қабілеттілігін шектеу мақсатындағы басқару органының әрекеті екі нысанда түсіндіріледі: бірінші нысанда мемлекеттік басқару органының белсенді әрекеті әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану, әкімшілік-ескерту шараларын қолданудағы азаматтардың кейбір құқық және бостандық негізін жүзеге асыру арқылы тартылады. Мысалы, төтенше жағдай орналасқан аумақ бойынша бостандығын шектеу, «басқару органдары азаматтардың өзінің құқығы мен бостандығын занды түрде іс жүзіне асыруды тоқтатады. Жеке тұлғаға осы жағдайда мәжбүрлеуді қолдану нақты қарама-қарсы құқықтық тәртіппен байланысты емес».
Екінші нысанда әкімшілік-құқықтық тыйым салудағы негізгі түрінің қосымша міндеттері қолданылады. Олар белгілі бір әрекетте жекеленген жазу немесе абсолюттік тиым салынатын нормалармен белгіленеді. Әкімшілік-құқықтық реттеу төтенше жағдай шартында азаматтық-құқықтық және еңбек қатынасымен таратылады.
Президенттің Жарлығы турғындарға бұқаралық құралдары арқылы күшіне енгеннен бастап алты сағаттан кем емес уакыт ішінде құлақтандырылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында 3 күн мерзімде, ал кей бөліктерінде - 6 күнге дейін жетуі қажет. Жарлық Президенттің қаулысынан кейін өз күшіне енеді. ол Конститциялық құқық және азаматтардың бостандығын ескереді. Жұмыс барысында Парламент сессиясы 48 сағат ішінде IІрезиденттің қаулысынан кейін міндетті түрде жүзеге асады.