Көтерілістің жеңілу себептері және тарихы маңызы

Скачать

Сонымен, көтерілістің жеңілуінің басты себебі, оның жете ұйымдаспағаны және ол кезде күшті қаруланған патша әскерлеріне, ешқандай зеңбірегі, ататын мылтығы да жоқ, қазақ жасақтарының қарсы тұруы мүмкін емес еді.
Көтерліс Сыр бойы шеңберінен аспады. Соғыс қимылдары барысында ескі мешеу әскери тактика қолдану, ортағасырлық тәртіптеуге сүйену көтерілісінің жеңілуіне әкелді. Бұдан басқа бай феодалдардың сатқындығын да өз әсерін тигізді.
Көтерілісті басуға қазақтың сатқын феодалдық аристократиясы қатысты.
Көтерілісті басуға кейбір қазақ феодалдары: билер, сұлтандар да қатысты. Мәселен, Фитингоф отрядының құрамында бірнеше жүз одан жасағымен Ермұхамед (Елекей) Қасымов болды. Ол көтерілісті басуға мейлінше белсене қатысты. Қасымов жалғыз емес еді. Көтеріліс басылғаннан кейін 1857 ж ерлік көрсеткен қазақ старшындары наградаларға ұсынылды. Би Сейіл Байқадомов жазалау экспедициясында жігерлік көрсеткіші үшін алғыс алды және Анна ленталы күміс медальмен марапаттауға ұсынылды. Ұлбөбек Тайманов би күміс жүзікпен марапатталды және т.б.
Жоғарыда аталған қазақ старшындарының қандай жағымсыз рол атқарғанын түсіну қиын емес. Олар Сырдарияның төменгі ағысындағы жер жағдайын және көтерілісшілердің мінез-құлқын жақсы білетін. Патша шенеуліктері үшін мұндай көмек баға жетпес болатын.
Иә, Жанқожа Нұрмұхамедұлы 1856-1857 жылдары болған қазақтарының көтерілісінің тарихи маңызы өте зор. Өйткені, ол патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы халық –азаттық қозғалыс еді. Оған Арал өңіріндегі әр түрлі руларға жататын қазақтардың едәуір бөлігі қатысты. Көтерілісшілер арасындағы кішкене шекті руларына жататын қазақтар басым болды. Көтерілісті прогресшіл деп санау ләзім, өйткені ол отаршылдық езгіге қарсы бағытталды14.
Көтерілістің тарихи маңыздылығына көтерілістің басында кім тұрғандығы өте маңызды. Көтерілісті басқарған –тарихи тұлға -өзі маңызды Жанқожа Нұрмұхамедов (1780-1860)Арал өңіріндегі қазақтардың Хиуа және Ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін басқарды.
Ол бүкіл өмірін Арал өңірі қазақтарының тәуелсіздігіне арнаған аса ірі ұлтжанды азамат тарихының өткен парақтарындағы отаршыл Ресей саяясатына қатысты дүрбелең кезеңде ел бостандығы үшін жанын қия күресіп, сол жолда өмірден озған халық батырлары жөнінде Ғ.Ахмедовтың мырна пікірі құптарлық: «Осы ретте Қайыпқали сұлтанның, Сырымның, Исатай, Махамбеттің, Жоламан, Есет, Бекеттің қозғалыстарының бәрінің сабағы бір, патшаның зорлығына қарсы, елдің тәуелсіздігі үшін бір-біріне жалғасқан ұлт-азаттық қозғалыс деп қарау керек15».


Скачать


zharar.kz