Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан.

Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік
Университеті. С.Тайбағаров атындағы колледж








Бақылау жұмысы
Тақырыбы:Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан.







Өскемен 2007ж

а) Соғыстың басталуы

• 1940 жылғы 18 желтоқсан фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады. Мақсаты:
- КСРО-ға қарсы соғыс ашу.
- «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау.
Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО-ны:
Сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі;
Ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат ретінде қарастырды.
КСРО териториясын, бірнеше рейхкоммиссариатқа бөлуді көздеді:
1. Остланд – Беларусь пен Балтық жағалауы
2. Украина.
3. Московия – Ресей жері.
4. Кавказ.
5. Еділ – Орал.
6. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)
«Үлкен Түркістан» отарына енетін аймақтар:Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның солтүстігі.
Фашистік Германияның қуыршақ мемлекет құрудағы көзделген экономикалық және саяси мақсаттары:
- Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық – түлік базасын жасау.
- Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру.
• 1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды.
Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады.Алматы медицина институтының студенті Мәншүк Маметова: «Ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді майданға жіберуді өтінемін» деп сұранды.Республикада 2 млн.-нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, алты бригада құрылып, майданға жіберілді.Қазақстандық 36- жеке атқыштар бригадасы 30- дан астам ұлттан құрылды.Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы (командирі – генерал М.В.Панфилов) жасақталды.
Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн 196.300) қазақстандық қосылып, әр бір бесінші адам майданға аттанды.
Еңбек армиясы құрылып, қазақ КСР –нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орыны 16 мың офицер даярлап шығарды.1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам Қазақстандық жіберілді.


ә) Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстын алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді:
- Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
- Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
• Майданға жақын өнілерден 220 зауытпен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.Өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет жүргізілді:
1941 жыл аяғы – 1942 жыл басы;
1942 жылдың күзі.
Көшіріліп әкелінген 54 зауытпен фабрика Тамақ өнеркәсібі халық камиссариатының қарамағында болды.Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорыны көшіріліп әкелінді.Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласынын қуаты 10 есе өсті.
• Көшірілген кәсіпорындардың 20 - сы қару – жарақ пен оқ – дәрі шығарылатын болып қайта құрылды.
Көшіріліп әкелінген зуыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Петропабл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.
Республика жұмысшы табының қатарына одақтас республикалардан мамандар келіп қосылды: 3200 кеңші мен 2000 құрылысшы – Донбас шахталарынан;
2000 машина жасаушы – Воронеж пен Луганскіден;
Тоқымашылар, тамақ өнеркәсібі қызметкерлері, мыңдаған темір жолшылар 7 мыңдай инженер – техниктер – Мәскеуден, Киевтен, Харьковтан.
Қазақстан – КСРО-ның негізгі әскери өнеркәсіп базасына айналды.1942 жылы Одақта өндірілген;
- қорғасынның 85 %-ын;
- көмірдің 8/1бөлігін;
- молибденнің 60 %-ын;
- октанды мұнайдың 1млн.тоннаға жуығын берді.
Түркістан – Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1942 жылы 1941 жылмен салдыстырғанда 2,5 есе көбейді.1944 жылы темір жол арқылы 20 мыңнан астам жүрдек поезд жөнелтілді. Орталықтағы өнеркәсіп аймақтарының жау шегінде қалуы көмір, мұнай, метал өндірудің азаю қауіпін төндірді
• 1942 жылы 21 тамыз - кеңшілер еңбегіне үдемелі кесінді ақы төлеудің жаңа жүйесі еңгізілді.
• 1942 жылғы 24 тамыз – Мемлекеттік қорғаныс Комитетінің
«Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады;
- Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамассыз ету.
- Шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу.
Қарағанды облысындағы ФЗО желісі үш есе, оқушылар саны бес есе көбейді.1943 жылы 18 мың адам кеңші мамандығын алды.1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында Екінші Қарағанды пайда болды.
Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді:
- Атырау мұнай өндеу зауытын, Кәаспий Орск мұнай құбырын
салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды.
- Ембіге Азербайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
• Соғыс жылдары салынған құрылыстар: Мақат-Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау зауытының екінші кезегі,Пешной аралы – Шарин құбыр жолы,Атырауды теңіз порты мен мұнай өндеу зауыты, «Комсомол» кәсіпшілігі т.б.
• 1942 жылғы қазан –Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші кезегінің іске қосылатын мерзімі белгіленді.
• 1943 жылы ақпан – Ақтөбе фероқорытпа зауыты іске қосылды.
• 1943 жылы сәуір қайта өндейтін Қарағанды металургия зауытын салу туралы шешім қабылданып Қазметаллург стройтрессі ұйымдастырылды.
• 1943 жылғы сәуір- Жекзқазған комбинаты құрылды.
1942 жылы күзде Баку мұнайы Каспий-Орск мұнай құбырымен тасымалданды.Ерең еңбектері үшін Ембі мұнайшыларына мемлекетік қорғаныс камитетінің туы 12 рет тапсырылды.1943 жылы маусымда Құлсары кәсіпшілігі, Атрау машина жасау ұжымдары көшпелі Қызыл Туды жеңіп алды.
1944-1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын –мырыш комбинатының алғашқы кезегі.
Белоузов байыту фабрикасы.
Ақмола ауыл шаруашылық машина зауыты
Алматы вагон жасау зауыты.
Атрау мұнай өндеу зауыты.
• 1941-1945 жылдары барлығы 460 зауыт, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті.
• Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жығы 600 мыңға кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940-жылғы 48 % орнына 1942 жылы - 75%-ға жетті. 76 мың миханизаторлардың 55 мыңнан астамы -әйелдер. Бүкілодақтық сосиалистік жарысқа 10 мыннан астам тракторшы қыз-келіншектер қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың га көбейді.1943 жылы 77 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды.Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамассыз ететің аймақ болды.


б) Тыл еңбеккерлерінің ерлігі.

Қатал соғыс жағдайында жұмысшы табының колхозшы шаруалардың, зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты. Соғыстың үшінші күнінде Алматы ет комбинатының ұжымы майдандық вахтаға тұрды. Павлодар, Манкент жұмысшылары демалыс күнгі еңбек ақыларын қорғаныс қорына аударды. Семейдегі «Ретивый» кенішінің ұжымы әрбір айдағы демалыста жұмыс істеп, қаржыларын қорғаныс қорына аударуға бастама көтерді.
• Балқаш мыс балқыту зауытының машинисі И.Котельников бастамасы «қорғаныс қорына артық 100 күн еңбек ету».
Қорғаныс қоры бүкілхалықтық бастамаға айналды:
- Көп станокшылар
- Бірнеше мамандықты атқарушылар
- Екі және үш мыңдықшылар (2-3 норманы орындаушылар).
- Рационализаторлар.
- Майдандық бригадалар мен ауысымдар ұйымдастыру
- Колхозшылардың ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру
• Мыңдықшылар қозғаласының бастаушысы - көп забойлыжәне көп қабатты озат бұрғылау әдісін республикада алғаш қолданған бұрғылаушы Георгий Хайдин.
Жеңіс қорының түрлері:
- жоспардан тыс өнімдер.
- Ай сайын 1-2 күндік табысын жеңіс қорына аудару.
- Зейнетақының бір бөлігін қорғауға аудару.
- Жексенбіліктер өткізу.
- Еңбекшілер қаржысын, бағалы заттарды мемлекеттік заем облигатцияларын майдан қажетіне өткізу.
К.О.Горбашев атындағы шахтанның шахтері Ыбырай Нұров жеңіс қорына 3000 тонна көмір аударды.Қоңырат пен жезқазған кеншілері бұл қорға мыңдаған тонна кен өндіріп, үлестерін қосты.
Фашистік басқыншылардан азат етуд


Скачать


zharar.kz