Программаға енетiн нұсқауларды (командаларды) Паскаль тiлiнде оператор дейдi.
Паскаль тiлiнiң операторларын қарапайым және күрделi (құрама) операторлар деп екi топқа бөледi.
Қарапайым операторлардың құрамына басқа оператор енбейдi. Ал күрделi операторлардың iшiне бiрнеше қарапайым операторлар енуi мүмкiн.
Паскаль тiлiнде қарапайым операторларға: меншiктеу, көшiру, бос, енгiзу және шығару операторлары жатады.
Күрделi операторларға: шартты көшiру, қайталау (цикл), таңдау, жалғастыру және т.б. операторлар жатады. Бұл оператоблар тұтас бiр оператор қызметiн атқарады. Программада операторлар орналасқан ретi бойынша (көшiру операторы болмаса) орындалады..
Меншiктеу операторы.
Меншiктеу операторы барлық тiлдерде пайдаланылатын негiзгi оператор болып табылады.
«Мән меншiкте» деген бұйрықты орындайтын операторды меншiктеу операторы дейдi.
Меншiктеу операторының жалпы жазылу түрi төмендегiдей:
W:=Е.
Мұнда: W- айнымалы атауы, “:=” меншiктеу белгiсi, Е-арифметикалық өрнек.
Бұл оператор екi мiндет атқарады.
Айнымалылардың белгiлi мәндерi бойынша Е-арифметикалық өрнегiнiң мәнiн есептейдi.
Есептелген мән W атауына меншiктеледi, яғни W-ге сәйкес жады ұяшығына орналасады. Мұнда әдеттегi теңдiк “=” белг3с3мен меншiктеу “:=” белгiсiн шатастырмау қажет. Олар тек түр жағынан ғана емес, мағынасы жағынан да өзгеше. Мысалы х=5өрнегi х-тiң мәнi 5-ке тең дегендi бiлдiредi де, ал х:=5 өрнегi х нөмiрi бар ұяшыққа 5 санын орналастырамыз дегендi бiлдiредi. Сондай-ақ Паскаль тiлiнде х=х+3 өрнегi дұрыс мағына бермейдi, ол х:=х+3 түренде жазылады, бұл бұрыңғы х ұяшығында тұраған санға 3 санын қосып х жәшiгiне қайта орналастыр дегендi бiлдiредi.
Сандық берiлгендердi енгiзу операторы
Берiлген мәндердi айнымалыға жазу үшiн меншiктеу операторын пайдалануға болады. Мысалы. А:=15; BC:=16.4; т.с.с. бiрақ бұл жағдайда программа әмбебап болмайды. Программаны әмбебап етiп жасау үшiн айнымалылардың мәндерiн өзгеретiн түрде жазу қажет, бұл жағдайда программа айнымалының әр түрлi мәндерi үшiн дұрыс болады. Ол үшiн енгiзу операторы READ пайдаланылады.
Енгiзу операторының жалпы түрi төмендегiдей:
READ (а1, а2, … ,аn);
Мұндағы а1, а2, …, аn-айнымалы атаулары, лоарды енгiзу операторының параметрлерi депте атайды. READ операторы орындалғанда параметрлер өздерiне сәйкес мәндердi қабылдайды, бұл мiндет енгiзу файлы INPUT (енгiзу) арқылы жүзеге асырылады параметрлер жаңа мән қабылдағанда олардан бұрын орналысқан көне мән өшiрiлiп, орнына жаңа мәндер жазылып, программа параметрлердiң жаңа мәне бойынша жұмыс атқарады.
Параметрлердiң сандық мәндерi бiр-бiрiнен бос орын арқылы ажыратылып жазылады. Мәндердi енгiзiп болғаннан кейiн, ENTER (енгiзу) клавишы басылады. Мысалы, енгiзу операторы берiледi. 5_6.2_4.5. бұл жағдайда А=5, В=6.2, С=4.5 мәндер қабылдайды.
Осы мәндер бойынша программа орындалып болған соң басқа мәндер үшiн программаның қайталау қажет болса, онда программаны басынан бастап қайта орындау қажет.
Бүтiн айнымалыларға-бүтiн, нақты айнымалыларға нақты-мәндер берiлуi қажет.
Айнымалы бейнеленгенде нақты ретiнде бейнеленсе, оған нақты да, бүтiн де мән беруге болады, себебi нақты сан құрамына бүтiн сан енедi. Ал машина “өзi” бүтiн санды нақты сан түрiне келтiрiп алады. Мысалы: VAR A, В: REAL; READ (А, В); түрiнде берiлiп-А,В айнымалылары үшiн 4_5 ENTER орындалса, онда машина оларды А=4.0 , В=5.0 түрiнде қабылдайды.
Бiр немесе бiрнеше бос орын қалдыруға болады, себебi сан енгiзiлгенде бос орын еске алынбайды.
Мәндердi енгiзгенде мән енгiзгенде жолдан келесi жаңа жолға көшiру үшiн параметрсiз немесе параметрмен сәйкес READLN;, READLN (а1, а2, …, аn), операторды пайдалану қажет. Сонымен READ (а1, а2, …, аn); READLN операторлардың орнына бiр ғана READLN (а1, а2, …, аn); операторын пайдануға болады.