Қ.Р Конституция күніне арналған мерекелік шараларда алғаш болып сөйлеген ҚР Конституциясы кеңесінің төрағасы Игорь Рогов дәл осы осылай: «Ата заңымызды қабылдағанымызға 12 жыл толды. Осы аралықта республика констиуциясы тәуелсіздік, еркіндік және даму негізіне айналып келеді», - деп бастады. Ата заңға арналған ұзақ баяндамасын ары қарай ресми тілде оқи жөнелді.
Қазіргі қолданыстағы Ата заңымыздың өмірі 1995 ж 30 тамызынан басталады. Ол конституция референдум өткізу арқылы қабылданған еді. Жас болғанына қарамастан, Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы өркениетті елдер заңының көшіне іліскен. Зайырлы, құқықтық мемлекетке айналуы көздеген елдің елбасты байлығы – адам.
Игорь Рогов өз баяндамасында Конституцияның әрбір жетістігін жіліктен берді. Сөзін қорытындылар тұста, күні кеше ғана өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің және маслихат депутаттарының сайлауын мысалға алды. «Саяси науқан ашық, ешбір шусыз өтті. Ол да болса Ата заңның тамырын тереңге тарта түскен», -деді. Думан аяғы алуан шығармашылық ұжымдарын мерекелік концертінен сабақтасты.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы еліміздің әлеуметтік – экономикалық саласында ғана емес, сонымен қатар саяси құрылымдануына да ауқымды жол ашып берді. Дәл осы Конституция негізінде азаматтардың құқығы мен бостандығы кепілденген нарықтық экономикалық құқықтық мемлекет – жаңа Демократиялық Қазақстанның мығым ірге тасы қаланды.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мемлекет басшысының стратагеиялық құжат ретіндегі, яғни саяси реформалардың ҚР-ң постөткелі жағдайында президенттік нысанды сақтап қалудың, саяси және құқықтық реформалардың кезеңдігін, қабылдаған саяси – құқық реформалардың кезеңдігін, қабылдаған саяси – құқық реформалардың диалог және нормативтегі негізде негізгі саяси күштердің қазақстандық моделін дамытудың, басымдылықты саяси және құқықтық алгоритмдерді көрсетілген «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауына негізделген.
ҚР Конституциясына өзгерістермен толықтырулар енгізу негізінде қазақстандық қоғамды модернизациялауды конституциялық – құқықтық қамтамасыз етудің ерекше маңыздығы Президент туралы, Парламент және депутаттар беделі, ҚР-ң Үкіметі мен сайлау туралы конституциялық заңдар пакетінің Парламент Қабылдануы болды.
Конституцияға енгізілген ілгерінді конституциялық өзгерістер бәрінен бұрын мемлекеттік жоғарғы органдары жүйесінде биліктің қайта бөлінуінің құзыретінде басқарудың президенттік парламенттік нысанасын енгізу еліміздің Президенттік Республика болып қалатындығын көрсетті.
Парламент расында да қоғамдағы үдерістердің жарқын көрінісі болып табылады, сондықтанда оның өкілеттілігінің артуы өз кезегінде және дер кезінде іске асады.
Конституциялық жаңалықтарды енгізу негізінде полиэтникалық мемлекетте ұлттық саясаты жүзеге асырудың маңызды құрал болып табылады.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы жоғарғы мәртебеге әрі маңызды орынға ие болды.
Мәжіліс пен Үкімет арасындағы арасалмақтық механизмдерін құруда саяси партиялардың ықпалы мейлінше өсіп келеді.
Конституциясын атқарушы биліктің жоғарғы органы – Үкіметтің алқалы органның мәртебесін бекіте отырып, қабылданған шешімдерге ұжымдық жауапкершілігін күшейтеді.