Алқа мәжілісі

Скачать

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысуымен бүгін Ауыл шаруашылық министрлігінің алқа мәжілісі өтті.
Алқа мәжілісінде Ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов былтырғы жыл еліміздің аграрлық саласы үшін табысты жыл болғаныннан бастады. 2007 жылғы егін түсімі еліміз азаттық алғалы ең мол, (рекордтық) көрсеткішке жетті. Бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалар толық жүзеге асырылды. Бөлінген қаржының 99,5 пайызға орын-орынымен игерілді. Мал шаруашылығы мен өңдеу саласындағы даму қарқыны жыл сайын артып келеді. Жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы ілгерілеу Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанып, жүргізіп отырған мемлекеттік саясатының нәтижесі.
Болжам бойынша әлемдік нарықтағы азық-түлік тапшылығы үдей түсуі мүмкін. Сондықтан біз алдын алу шараларын жасауымыз керек-дейді Ауыл шаруашылығы министрі А.Есімов. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша былтыр ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1 триллион теңгеден артып, өнім өндіру көлемі 8,1 пайыздан асқан. Осыған сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін осы салада еңбек ететін әрбір адамға бөлгенде 453 мың теңгеден (3,6 мың АҚШ долл.) шығады. Шаруалардың тәуекелін азайту үшін егіс шаруашылығында сақтандыру жүйесі енгізілді. Жалпы ел аумағында негізгі азық-түлік түрлері бойынша ұлттық стандарт деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етілген. Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауының арқасында осындай нәтижеге қол жетіп отыр. Соның нітижесінде экономиканың аграрлық тармағы табысты салаға айнылып отыр. Дүниежүзілік банктің бағалауынша еліміздің ауыл шаруашлылығы саласы тиімділігі (табыстылығы) жағынан көмір су тегі шикізаты өндірісінен кейінгі екінші орында тұр. Саланы одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енді отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін аттыру мақсатында бірқатар шаралар қолданылып жатыр. Оның ішінде тұқым шаруашылығын, асыл тұқымды мал шаруашылығын, техникалық жарақтарды жаңартуды жалғастыру, серпінді (тиімді) жобаларды жүзеге асыру және өндіріске ғылыми жетістіктерді енгізу. Қазір мақта және көкөніс кластері қарқынды дамып келе жатыр. Ауыл шаруашылылығы министрлігі ауыл шаруашылық және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындары мен ұйымдарға салық төлемдерінің жеңілдік жүйесін енгізіп, өнім өңдейтін барлық салаға ҚҚС жөніндегі қазіргі қолданылып отырған жеңілдіктерді кеңейтуді ұсынып отыр. Сонымен қатар экспорттық мүмкіндікті арттыру шаралары жүзеге асырылып инфрақұрылым дамып келе жатыр.
Қазіргі кезде агроөнеркәсіп кешені мемлекетіміздің даму қарқынына сай өркендеп келеді. Республика Президенті Н.Назарбаевтың “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей, ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.
Ел өміріндегі осынау маңызды саналатын агроөнеркәсіп саласын дамытуға мыңдаған еңбеккерлер өз үлестерін қосуда. Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен оны іске асырудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында аграрлық секторды индустрияландыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жеріміздің кеңдігі мен еліміздің географиялық тұрғыдағы артықшылықтарын пайдалана отырып, кейбір өнім түрлерін табиғи ортада тиімді әрі сапалы өндіру мүмкіндіктері, инфрақұрылымды дамыту, агроөнеркәсіп өнімдерінің рыногын мемлекеттік реттеу, елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Елімізде соңғы жылдары аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Осыдан бес жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2 есеге жуық өсті. Тиісінше инвестициялар көлемі де 3 еседен астамға ұлғайды. Жаңа техника мен технологияларды пайдаланудың арқасында дәнді дақылдарды жинау анағұрлым өсті. Соңғы үш жылда қолға алынған егінді міндетті сақтандырудың енгізілуі – құрғақшылық орын алған жылдарда да фермерлердің кепілді табыс алуына мүмкіндік туғызып отыр.
Қолда бар деректерге сүйенсек, ауыл шаруашылығындағы өткен жылғы көрсеткіштер бұрынғы жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға ұлғайған. 2008 жылы ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнім көлемі 1 триллион теңгеден асты.
Елбасының халыққа жолдауларында белгіленген міндеттер мен басымдықтарды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету Парламенттің басты міндеті болып қала береді. Осы кезге дейін ауыл шаруашылығы саласына қатысты жиырмаға жуық заң қабылданды. Олардың ішінде “Астық туралы”, “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы”, “Өсімдік карантині туралы”, “Қазақстан Республикасындағы ауылдық тұтыну кооперациясы туралы” және басқа да заңдар еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытуға құқықтық негіз қалады. Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы заңдардың қабылдануы сала бойынша жағдайдың тұрақтануына, белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруға деген құлшынысты, сала болашағына деген сенімділікті арттыруға оң ықпал еткені даусыз.
Парламент қабылдаған “Өсімдік шаруашылығы туралы” Заңда Үкімет тұқым шаруашылықтарына тікелей қолдау жасаумен қатар, олардың жоғары сортты тұқымдарын тауар өндірушілерге арзандатып беру, бәсекеге қабілетті өнімді беретін отандық сұрыптауды енгізу, сорт алмастыру және жаңарту бағытында бірқатар бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда және осы іске шаруаларды ынталандыруға күш салып келеді. “Өсімдіктерді қорғау туралы”, “Мақта саласын дамыту туралы” заңдарды жүзеге асыруға орай жеміс, жүзім және мақта шаруашылықтарын жедел дамыту мақсатында бақша және жүзімдіктерді жеміс беретін мерзімге дейінгі күту шығындарын субсидиялау ісі қолға алынды.
Саланың құқықтық реттелуі мен тиісті заңнамамен қамтамасыз етілуінің, атап айтқанда, 2005 жылы “Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Заңның қабылдануы, соңғы жылдары егіншіліктен мол өнім алынуына да зор әсері болды. Бұл заң ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай қолдау ісін жүйелі түрде нақтылап берді. Осындай мемлекеттік қолдау шаралары нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру еселеп арта түсті. Өткен жылы 20 миллион 137 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жиналып, шығымдылық әр гектарға 13,3 центнерден айналды. Қамбадағы астық елдің ішкі қажеттігін толық қамтамасыз ете алады. Еліміздің экспортқа астық сату көлемі жыл өткен сайын орта есеппен 4,5 пайызға артып келеді, өткен жылы ол 1,5 миллиард АҚШ долларын құрады.
Қазіргі кезде әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесін пайдалана отырып, республикамыздың агроөнеркәсіп кешенін дамудың жаңа деңгейіне шығару міндеті тұр. Оны орындау үшін егін шаруашылығында бәсекеге қабілетті әрі халықаралық рынокта сұранысқа ие кейбір дақылдардың егін алқаптарын ұлғайту мүмкіндіктері қарастырылатын болады. Дамыған елдерде кеңінен қолданылатын тамшылатып суару мен топырақты құнарландыру, өндірісті әртараптандыру секілді осы заманғы технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады.
Агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа әрі аса маңызды міндеттер қойылып отыр. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген шараларда еліміздің одан әрі даму стратегиясының көкейкесті міндеттері аталып өтілген. Жолдауда ең бірінші міндеттердің бірі ретінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне басымдық берілді. Бұл бағытта Парламент өткен жылғы 21 шілдеде “Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы” Заңды қабылдаған-ды. Еліміз азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өзіне қажеттісін қамтамасыз ете алады және оны экспортқа шығару мүмкіндігі де бар. Әсіресе, маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аударылуда.
Мемлекет деңгейінде қабылданған шаралар нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы тауар айналымы төрт есеге жуық өсіп, ол 4 миллиард АҚШ доллары көлемінен асып түсті. Өткен жылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 623 миллиард теңге, оның ішінде азық-түлік өнімдерін өндіру, сусындарды қосқанда 559,8 миллиард теңгені құрады. Сондай-ақ былтыр кейбір басты өнім түрлері, атап айтқанда, ет, шұжық, балық өнімдері, көкөніс, жеміс шырындары, күнбағыс және рапс майлары, сүт, сары май, ұн, жарма, макарон және кондитер тағамдары бұрынғыдан анағұрлым көп өндірілді.
Алдағы уақытта Елбасының халыққа Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру тұрғысында ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тарту көлемі ұлғаятын болады. Қазіргі кезде сала бойынша негізгі капиталға жұмсалатын инвестиция көлемі де жылдан жылға арта түсуде. Өткен жылы ауыл шаруашылығына келген инвестиция 59 миллиард теңгеден асқан болса, бұл алдыңғы жылғыдан 19,6 пайызға көп.
Жолдауда Елбасы Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейде жүйелі қолдау көрсету шараларын қабылдауды тапсырып отыр. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру – алда тұрған басым міндеттердің бірі. Сонымен қатар, өңдеу кәсіпорындарын алдыңғы қатардағы техникалық және технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Мемлекет осы үдерісті ынталандыру мақсатында салаға өңдеу жабдықтарын жеңілдетілген бағамен лизингке беру, екінші деңгейдегі банктерден алған несиелерінің пайыздық мөлшерін төмендету, сонымен қатар, өндіріске сапаның халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі шығындарды субсидиялау арқылы нақты қолдау көрсетуді қолға алды. Және де саладағы сегіз басым бағыт бойынша жұмыс істейтін өңдеу кәсіпорындарына қосымша құн салығын 70 пайызға төмендету көзделуде. Мұндай оң шаралардың бәрі саладағы өңдеу кәсіпорындарының дамуына, бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететіні даусыз.
Үстіміздегі жылы басымдық берілетін және бәсекеге қабілетті дақылдар өсіруді ынталандыруға бағытталған шаралармен қатар, жанар-жағар май мен минералды тыңайтқыштардың, гербицидтер және ветеринарлық препараттардың бағасын арзандатуға бағытталған түрлі бағдарламалар бір арнада тоғысатын болды. Басымдық берілген дақылдарды өсіруге жұмсалатын шығындарды өтеу үшін берілетін субсидиялар мөлшерін өзгертіп отыру арқылы Үкімет ішкі және сыртқы рыноктардың даму коңюнктурасы мен келешегіне байланысты өндіріс көлемін реттеуді қолға алуда.
Жолдауда мал шаруашылығына да мән беріліп, оның экспорттық әлеуетіне назар аударылған. Дүние жүзінде аграрлық елдер қатарындағы біздің ел үшін мал шаруашылығының келешегі зор екені белгілі, өйткені, бізде мал өсіруге өріс те, кеңістік те жетерлік. Сондықтан бірқатар жерлерде мал тұқымын асылдандыру ісі жолға қойылып келеді.


Скачать


zharar.kz