Қазіргі өтпелі кезең ел экономикасының елеулі де шешуші мүдделері үшін қызмет етуде.
Өмірдің өз талабынан туындаған бұл бір күрделі шақта еліміздің экономикасының еңсесін көтеруіне ықпал ететін, бюджеттің кіріс көзінің негізі болып табылатын салықтар, оның ішінде меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні мен маңызы, қалыптасуы мен даму кезеңдері жұмысымыздың бірінші бөліміне арқау болып отыр.
Кез келген мемлекеттің қалыптасып дамуымен қатар қоғамда әрбір салықтың өз орны, өзіне тән атқаратын қызметі, әсер ету ортасы бар. Нарықтың экономиканы қалыптастыруда он жылдық тәжірибесі бар біздің мемлекетімізде бүгінгі таңда меншікке деген көзқарас ерекше және оған салынатын салықтардың жергілікті бюджетті толтырудағы орны айрықша. Осыған орай жұмысымыздың екінші бөлімінде меншікке салынатын салықтардың салық жүйесінде қалай қолданылатыны, есептелу мен салыну тәртібі, салықтық түсімдердегі алатын үлес салмағы қарастырылып отыр.
Басқа да мемлекеттер сияқты Қазақстан да өз салық жүйесінде басқа елдермен салыстырмалы түрде салықтар мен оларға қойылатын ставкалар мөлшерін, қолданылу механизмін анықтайды, солардың тәжірибесіне сүйенеді. Сондықтан осы мәселелер бойынша талдаулар және алдағы уақыттағы меншікке салынатын салықтардың қолданылу механизмін одан ары жетілдіру жолдары мен бағыттары жұмысымыздың үшінші бөлімінің арқауы болып отыр.
Мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесінің дамуы барысында меншік қатынастарында пайда болған өзгеріске байланысты, меншік объектілері болып табылатын жер, мүлік және иелік құралдарына салынатын салықтар айрықша маңызға ие болуда.
Жалпы меншікке салынатын салықтың мейлі жер салығы, мүлік немесе көлік құралдарына салынатын салық болсын, олардың мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне, сапасына қарай белгіленеді.
Меншікке салынатын салық болып табылатын жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салықтар. Бұл салықтарды өздерінің салық салу базаларымен, ставкаларымен, есептеу әдістерімен, төлеу мерзімдерімен бір-бірінен өзгеше екеніне қарамастан бір функционалды топқа біріктіруге болады. Сондай-ақ салық төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынасына және салық салу объектісіне қарай тікелей салықтарға жатады.Өйткені белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, салық мүліктің құнына тікелей салынады. Пайдалану белгісіне қарай меншікке салынатын салықтар жалпы салықтарға жатады. Яғни, бұл салықтар түрлері бойынша салық сомасы мемлекет қорына түсіп, пайдалану барысына ғана негізделеді. Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай бұл салықтар нақты салықтарға жатады.
Нақты салықтар мүліктің сыртқы белгісіне байланысты нақты табыстың түсуі есептелместен салынады. Меншікке салынатын салықтар салық салу әдістерінің кадастрлық және декларациялық түрлерімен алынады да, жергілікті бюджетке түседі.
Меншікке салынатын салықтар бюджетке қайтарымсыз түседі. Оның экономикалық табиғатын көріп отырғанымыздай олар жеке тұлғаның, заңды тұлғаның айналысатын қызметінің түріне тәуелсіз, міндетті салықтар қатарына жатады. Сондықтан бұл салықтардан жалтару мүмкіндігі өте аз. Осы себептен мемлекет бұл салықтың түрлері бойынша оның бюджетке түсуін шекті дәлдікпен болжап қана қоймай, оған қол жеткізуге толық мүмкіндігі бар.
Енді осы меншік салығының тобына енетін салықтардың әрқайсысы өздеріне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар, соларға тоқталып өтелік
Жер салығы меншікке салынатын салықтардың ішіндегі даму тарихы ертеден бастау алған негізгі салық болып табылады немесе салықтардың атасы деп айтсақ та қателеспес едік. Өйткені меншік қатынастары да осы жерге байланысты пайда болған. Жер салығы ерте заманда жер жөніндегі салық деп аталған және ол кезде жерді иеленушіге, сол жерден түсетін табыстың бір бөлігін бөліп беру деп есептелген. Жер бойынша салық объектісі-жер. Ал, субъектісі жердің меншік иесі, меншіктеушісі салық көзі болып жерден түсетін пайда немесе жер рентасы табылған.
Қазақстан заңдарында жер Республиканың айрықша меншігі деп табылады. Жерді иелену мен пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бұл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.
Жер салығының мақсаты-экономикалық әдістермен жерді пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, территориялардың әлеуметтік мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығының мөлшері жер учаскесінің құнарлылығына орналасу өңіріне және сумен қамтамасыз етілу мүмкіндігіне қарай анықталады. Ол жер иесі мен жерді пайдаланушының шаруашылық және өзге де қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды. Жер салығы алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген көлем түрінде белгіленеді.
Меншік қатынастарындағы өзгерістерге байланысты мүлікке салынатын салық айрықша маңызға ие. Жоғарыда атап өткеніміздей мүлік салығы мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандыру, өйткені салықтың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді.
Бұл салықтың әлеуметтік маңызына келетін болсақ, оның көмегімен мемлекеттік бюджеттен қайта бөлу механизмі арқылы жоғары көлемде өнім өндіретін кәсіпорындардан объективті себептерге байланысты мұндай өнім көлемін өндіруге мүмкіншілігі жоқ кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмек беріледі.Сондай-ақ жеке тұлғалардың мүлік салығына қатысты функциялар жоғарыда аталған қызметтерге ұқсас. Ынталандыру, яғни жеке тұлғалардың мүліктік құрылымына әсер ете отырып, олардың табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыратын табыстарының артық бөліктерін тиімсіз тауарлар сатып алуға жұмсамай, тауарлар мен қызметтерді өндіру саласына инвестициялап, тікелей экономикаға салуды қарастырады. Әлеуметтік қайта бөлушілік, яғни мемлекет байлардан түскен салықты қайта бөлу механизмі арқылы жағдайы нашар тұрғындарды қамтамасыз етуге бағыттайды.
Мүлік салығының оның барлық функцияларының жүзеге асырылуы көбінесе міндетті шарттардың орындалуымен байланысты;
-негізгі қорлар, салық салынатын басқа да ресурстарды жеке тұлғалардың мүлкін олардың нақты физикалық және моральдық тозуын, сондай-ақ, инфляция бойынша түзетілетінін ескере отырып қайта бағалаудың жүйелі болуы.
-бұл салықтың мүлік түрі, орналасу жері және оның инновациялық, ғылыми-техникалық құндылығына байланысты нақты ставкаларын дәл анықтау.
Көлік құралдарына салынатын мемлекет пен көлік құралдарының арасындағы экономикалық қатынастарды реттейтін салыққа жатады.
Көлік құралдары иелері көлік құралдарын иемденуі де мемлекеттік бюджет бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік құралдарына салынатын салықты экономикалық маңыздылықтан құралақан емес. Салық салу субъектісі мен төлеуші мен мемлекеттің өзара қатынастарына қарай көлік құралдарына салынатын салық та тікелей салықтарға жатады.
Салық объектісіне қарай (көлік құралдарының түрлеріне моторлардың қуатына есепті көрсеткіштің мөлшеріне) белгіленген ставкаларға байланысты тікелей алынады.Осы уақытқа дейін пайдалану белгісіне қарай арнайы салық жергілікті бюджетке түседі, жергілікті салықтарға жатады.Нақты салыққа жататындығы, сол, бұл салық көлік құралдарының сыртқы белгісіне қарай нақтылы табыстың түсуі есептелместен салынады.
Объектінің экономикалық белгісіне қарай көлік құралдарына салынатын салық табыс салығына жатады.