Ламбардттық несие

Скачать

— аукциондық— Ұлттық банктің акша несие саясатының уақытша құралы болып табылатын және екінші деңгейдегі банктерге аукциондық негізде, республика банктерінің 1 айдан 3 айға берілетін қысқа мерзімді несиелерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы берілетін несие;
— ломбардтық – Ұлттық банктің мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге ала отырып, жоғары пайызбен берілетің қысқа мерзімді несиенің түрі;
— бюджеттік – Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қайтарымдылық (нарықтық) шартымен беретін несиесі.
Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуі қысқарып және бұл 1998 жылдан бастап бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабуға көшумен байланысты тоқтатылады.
2. Екінші деңгейдегі банктердің несиелері:
— өз айналым қаражатгарының жеткіліксіздігін уақытша
толықтыруға;
— күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
— импорттық бойынша контрактілерді төлеу үшін берілетің импорт; ,
— ипотекалық;
— несиелік желі негізінде - қарыз алушының бірінші талап етуі бойынша және белгілі бір кезең бойында келісілген лимит шегінде оған несие беру туралы банктің заңцық рәсімделген міндеттемесі;
— консорциялық - несиелік, кепілдік немесе баска да банктік операцияларды бірігіп жүзеге асыру үшін кандай да бір ірі банктің қамқорлығымен уақытша бірлескен екі немесе одан да көп банктер беретің несие, бұл кезде бір банктің мүмкіншілігі қандай да
бір себептерге байланысты бұл фуикцияларды дербес жүргізуге жетпеуі мүмкін.
— тұтыну мақсаттарына;
— банкаралық.
Банкаралық несиелердің негізгі көлемі ұйымдастырылған банкаралық нарықта аукциондық сату арқылы ұсынылады. Негізгі кредиторлар ретінде ірі банктер (Халықтық банк, Қазкоммерцбанк) болады.
3. Қарыз портфелін жіктеу және екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметіңен келетің шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) кұру тәртібі туралы ережеге сәйкес.
Ұлттық банк қарыздардьщ сапалары бойынша олардың келесі бөлінулерін белгіледі:
• стандартты - кайтарылу мерзімі әлі жетпегсн және сапасы күмән туғызбайтын несие; • стандартты емес - несиенің қайтарылуы 30 күнге кешіктірілуімен байланысты тәуекелі аз жэне бір реттен артық емес ұзартылған несие;
• қанағатганарлықсыз - ұзартылу мерзімі ұзартылған қарыз шотына жатқызылған күннен бастап 30 бен 60 күн аралығында және бір реттен артық емсс ұзартылған несие;
• күдікті- қарыздың ұзартылған қарыздар шотына жатқызылған куннен бастап ұзартылу мерзімі 60-күннен 90 күнге дейінгі несие;
• шығынды - ұзартылу мерзімі 90 күннен артық несие. Пайыздар есептеу карыздың ұзартылган қарыздар шотына жазылған күннен бастап 90 күн өткеннсн соң тоқтатылады. Пайыздардың есептелуінің токтатылуы банктің балансында есептелген пайыздардын өсуінің тоқтатылғанын білдіреді. Есептелген пайыздардың есебі баланстан тыс жүргізіледі.
Банктердің қарыз портфелінің жіктелуі, оның сапасының жоғарылауы және несиелік қызметтен болуы мүмкін шығындарды жабу үшін резервтер (провизиялар) күру максатын көздейді және жалпы алғанда банктік жүйенін тұрақты даму мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
НЕСИЕНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Алдын ала сұрақтың терминологиялық жағына тоқталамыз. "Функция" түсінігі ғылымда және тәжірибеде кең түрде қолданылады. "Функция" латынша "атқару", "жүзеге асыру" деген мағынаны білдіреді. Философиялық сөздікте "функцияның" анықтамасы былайша беріледі: "Берілген қатынастар жүйесіндегі қандай да бір объекті қасиеттерінің сыртқы көрінісі. Мысалы, сезім органдарының функциялары, ақшаның функциялары, мемлекеттің функциялары және т.б." Жаратылыстану ғылымында функция деп қасиет, жұмыс, тәуелділікті түсіндіріледі. Күнделікті тұрмыста функция әрекет ретінде анықталады.
Экономикалық теорияда функция деп құндык категориялар мәнінің көрінісі түсіндіріледі. Демек, несиенің функциясы деп оның мәнінің ерекше көрінісін түсіну орынды, алайда несиенің функциясы - оның мәні емес, тек осы мәнінің көрінісі. Біз қарастыратын несиенің кез келген көрініс оның функциясы ретінде ерекше.
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар орынды. Біріншіден, бәрінен бүрын функция да несиенің мәні сияқты объективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір "жұмыстың" көрінісін сипаттайды.
Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін көрсетеді. Демек, әрбір кезенде несие өзінің қозғалысының белгілі бір сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын бірден көрсете алмайды. Мысалы, ақша төлем құралы функциясында бір мезгілде айналыс құралы функциясын немесе қор жинау функциясын атқара алмайды. Несие де сол сияқты. Үшіншіден, функция - бұл қатып қалған емес, өзгермелі категория. Несиенің мәнінің өзгеруімен қатар оның көрінісі де өзгереді. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше көрінісін білдіреді.
Бұл функцияның жеке кредиторға немесе қарыз алушыға емес, жалпы несиелік қатынасқа жататындығымен түсіндіріледі; несиенің көрінуі, тек егер ол тең дәрежеде несиелік мәміленің екі қатынасушысына да катысты болса ғана, оның функциясы ретінде анықталуы мүмкін.
Мұнан басқа, функция несиенің барлық формалары мен түрлерінің ерекше көріністерін сипаттауы керек. Коммерция-лық несиенің, банктік несиенің жеке бөл'ектенген функциялары жок. Функцияны несиенің формалары немесе түрлері емес, оның экономикалық категория ретіндегі мәні тудырады. Несиенің теориясында оның келесі функциялары бөлініп шығарылады: қайта бөлу, нақты ақшаларды несиелік опера-циялардың ауыстыруы.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік катынас айырбас процесінде уакытша босаған кұннын карыз алушыға берілуі жолымен кайта бөлу сатысында пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған байланысты несиенің кайта бөлу функциясын көрсету керек. Бірінші жағдайда кредитор қарыз мэмілесі аркылы карыз алушыға тауарлы - материалдық кұндылықтарды берс алса, басқа жағдайда ақшалай қаражаттарды береді. бірак екі жағдайда да беру объектісінің формалары әр турлі болганы-мен оның мазмұны біреу - кұн кайта бөлінеді, Осылайша, қайта бөлу функциясының көмегімен кұн кайта бөлінеді.
Қайта бөлу қандай белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге белінеді: аумақ аралық, салааралық, салаішілік және шаруашылықаралық. Қанта бөлудін барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету керек. Берілген кұнға меншік иесі кредиторда сақталады.
Егер несиелік қатынасқа кредитор мен карыз алушы ретінде олардың орналасқан жерлеріне тәуелсіз әр түрлі заңды тұлғалар түсетін болса, құнның қайта бөлінуін аумакаралық деп айтуға болады. Салаішілік қайта бөлу салалық банктерден несие алған кезде орын алады. Егер кұн бір саланын өкілі болып табылатын кредитордан, басқа саланың кәсіпорны болып табылатын қарыз алушыға берілген жағдайда несиенің көмегімен салааралық қайта бөлу орын алады.
Егер кредитор бір шаруашылық субъектісінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартып, оны басқа субъектілерге қарызға беру көзі ретінде пайдаланылса, онда құнның шаруашылықаралық қайта бөлінуі орын алады.
Несие арқылы ресурстардың қайта бөлінуін әр түрлі деңгейде қарастыруға болады. Несиелік катынастардын субъектілері деңгейінде құнның жеке шенбер айналымында және айналымында тауарлы-материалдык құндылықтардың да ақшалай қаражаттардың да қайта бөлінуі журеді. Халық шаруашылығы деңгейінде құнның жиынтық шеңбер айналымында оның қозғалысы несие арқылы жиынтық ұлггык өнім мен ұлттық табыстың қайта бөлінуіне ұласады. Не-сиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін емес, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін козғайды.
Сонымен катар несие арқылы жүзеге асырылатын қайта бөлу, өткізу процесінің жалғасы болуы да мүмкін. Коммерциялық несие кезівде тауар өндіруші өз өнімін сатып алушыға төлеуді кейінге калдыру шартымен сатады, яғни несиелік негізде. Алайда, мұндай кейінге калдыру үшін тауар өндірушіде оның өнімін төлеу көзіне дейін бос ресурстары болуы керек. Немесе оларды ұдайы өндірістің басқа субъектілерінен (банктен) уақытша пайдалануға алу керек. Екі жағдайда да шаруашылықтың әр түрлі буындарында жасалып қойған нәрселер қайта бөлінеді.
Несиенің кайта бөлу функциясының төменде берілгендей ерекшеліктері бар:
• біріншіден, несиенің көмегімен тек материалдык игіліктердің, өндіріс қүрал жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген жалдьг ұлттық өнімнің құны гана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құн да қайта бөлінеді;
• екіншіден, несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді;
• үшіншіден, қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған күнды уақытша пайдалануға беру процесі болып табылады;
• төртіншіден, несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы-материалдық құндылықтар, қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу, тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қолма-қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, осылайша айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауар шаруашыльиьшда қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына снуі ақшаның жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда олардың уакытша орнын басу функциясын орындайды. Қарыз алушынын алған ж:шс шаруашылық, айналымына енген қарызға берілген кұн акшага тән «жұмысты» орындай бастайды (тауарлы-материалдық құндылықтарды алу үшін жалақыны төлеу жэне жше т.б. пайдаланылады).


Скачать


zharar.kz