Жоғарғы мектептегi педогогикалық процестiң заңдылықтары- бұл педогогикалық процестiң жеке салалары мен құбылыстары мен өз ара ұштасатын обьективтi байланыс. Құбылыс процессiне қатысты байланыстың екi түрi сыртқы ( мысалы әлеуметтiк ортамен ), және iшкi ( нәтиже және әдiс аралық ) бар.
Педогогикалық процестердiң жалпы заңдылықтары:
Әлеуметтiк жүйе мен тәрбие аралық байланыс: нақты тарихи жағдайлардағы тәрбие сипаты қоғамдық экономикалық ұлттық мәдени ерекшелiктерге деген қажеттiлiктермен айқындалады.
-оқу мен тәрбие арасындағы байланыс бұл процестердiң өз ара тәуелдiлiгiн бiлдiредi.
-тәрбие мен iс-әрекет арасындағы байланыс: тәрбие яғни балаға түрлi iс әрекеттi үйрету.
-тәрбие мен тұлғаның белсендiлiгi арасындағы байланыс: бұл байланыстың обьектiсi ( бала ) субьект ролiнде бiр уақытта атқарса тәрбие нәтижелi болмақ, яғни баланың белсендi мнез –құлық пен ерiктi түрдегi iс әрекетке деген құлшынысы қажет.
-тәрбие мен сөилесу арасындағы байланыс: тәрбие оқытушы, оқушы т.б. арасындағы өз ара қарым-қатынастар мен айқындалады.
Жоғарғы мектептегi оқытудың принциптерi.
Прициптер – бұл қандайда бiр жалпы ғылымның немесе теорияның негiзгi шығу жағдайының бiр нәрсеге деген талаптары.
Педогогика принципi – бұл педогогикалық мақсаттарға өте тиiмдi жолмен жетудегi негiзгi ұсыныстар.
Педогогикалық принциптердегi тәрбие қарым-қатынасының қалыптасуы:
Табиғижинақылық принципi
Адамгершiлiк принципi
Жалпылық (целостности) приципi
Демократияландыру приципi
Мәденижинақылық принципi (культуросообразности)
Профессионалды мақсаттылық принципi
Полетихнизiм принципi.
Педогогикалық принциптiң процесi, педогогикалық әрекеттiң ұйымдастырылуын және оның бағытын негiзгi талаптарын көрсетедi, жалпы айтқанда педогогикалық процестiң құрылуына творчествалық жағынан келуге көмектеседi.
Педогогикалық процестiң ұйымдастырылу принциптерi:
1. Педогогикалық процестiң адамгершiлiкке бағытталу принципi
2. өмiр мен және тәжiрбелiк практикамен байланыс принципi
3. ғылымилық принципi (научности)
4. балаларды ұжымда тәрбиелеу және оқыту принципi.
Оқыту принципi – бұл негiзгi қағидалар. Ғылым негiздерiн оқытқанда соларға сүйенуi керек, олар барлық оқу пәндерiнде оқытудың барлық сатысында қолданатын нағыз жалпы қағидалар болып табылады.