Білім беру жүйесін дамытуды мектептің бастауыш сатысынан бастау қажет, оның себебі, біріншіден, баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда, оның қабілеттерін анықтау мен дамытуда бастауыш саты ең қолайлы бастапқы кезең болып табылады. Сондықтан жоғары оқу орнынан бастауын сынып мұғалімі рухани дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, кәсіби дағ-дыларды, педагогикалық дарындылықты бойына сіңірген және жаңашылдыққа құштарлығы басым маман болып шығуы тиіс; екіншіден, әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу мақсаты қойылып отырған қазіргі кезде білім беруді, пәнді оқытушы бастауыш сынып мүғалімінің орнына жаңа педагогикалык, технологияларды, оқытудың ақпараттық құралдарын, тәрбиенің жаңа нысандарын, зерттеушілік және ізденушілік қызмет дағдыларын меңгерген кәсіби білікті педагог келуге тиісті. Осы міндеттердің шешімін табу мақсатында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндө педагогика факультетінің құрамына енетін бас-тауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі кафедрасының ұжымы қажырлы еңбек етуде.
Бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі кафедрасы 1984 жылы құрылған. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 20 жылдан астам уақыт ішінде жоғары білікті бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау ісіне өз үлесін қосып, бүгінде екі мыңға жуық түлектер Қазақстанның әр аймағында және жақын шетелдерде қызмет істеп жатыр. Кафедраның негізін салған С.Қ.Нұртақанов, В.И.Коркина, А.Е.Қонқабаева, В.ГХрапченков сияқты мамандар қазіргі кезде бастауыш білім беру саласын дамыту мәселесімен айналысатын көрнекті ғалымдар болып табылады. Олардың ішінде ка-федраның алғашқы меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор В.И.Коркина күні бүгінге дейін кафедрада еңбек етіп, болашақ мамандарға "Педагогика тарихы", "Педагогиканың жалпы негіздері", "Дидактика", "Тәрбие теориясы", "Қазақстанда мектеп пен педагогиканың даму тарихы", "Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі", "Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдісі", "Педагогикалық технологиялар", "Нарық жағдайында білім беруді басқару" курстарынан жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде дәріс береді. Кәсіби-педагогикалық қызмет ету барысында 60-тан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жазды. Олардың ішінде жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандық студенттеріне арналған "Жоғары оқу орныныңтүтас педагогикалық үрдісін іске асыру теориясы мен технологиясы" электронды оқулығын (Н.Д.Хмёль-мен авторлық бірлестікте), "Атлас по истории педагогики", "Дидактика в схемах и таблицах" және "Общие основы педагогики" (Г.С.Тишмағамбетова мен авторлық бірлестікте) атты оқу құралдарын ерекше атап өту ге бол ады.
Кафедра оқытушылары бастауыш оқытудың теориясы және технологиясы бойынша оқытылатын курстарды жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік құралдар мен электрондык, оқулықтар жазып, студенттер және бастауыш сынып мүғалімдерше үнемі әдістемелік көмек көрсетіп отырады. Мәселен, бастауыш мектепте математиканы оқыту теориясы және технологиясы бой-ынша педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.А.Сарбасованың "Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру!:, "Математика мұғалімдерін даярлау", "Математикадан дәстүрлі емес сабақтар" атты оқу-әдістемелік құралдары, "Бастауыш сыныптарда математикадан сыныптан тыс жұмыстар" (зияткерлік меншік куәліп №022; 29.01.2004), "Бастауыш сынып мұғапімдерін математиканы оқытуға даярлау" "Математика пәнінен ашық сабақтар", электронды оқулықтары, бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы және технологиясы бойынша пе-дагогика ғылымдарының кандидаты С.Қ.Әбілдинаның "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту теориясы және технологиясы" оқу құралы мен "Бастауыш сыныптарда қазақ тілінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар" (А.О.Мұхаметжановамен авторлық бірлестікте) оқу-әдістемелік құралы, дүниетануды оқыту теориясы және технологиясы бойынша биология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т.Түсіпбекованың "Формирование естественно научных понятий в курсе "Познание мира" атты оқу құралы, "Познание мира" (зияткерлік меншік куәлігі №176, 03.08.2005) электронды оқулығы, "Животный мир Казахстана' ақпараттық-дидактикалық кешені, бей-нелеу өнерін оқыту теориясы және технологиясы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты К.И.Қүдабаеваның "Суретші туындыларын оқыту", "Қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы өнері" оқу-әдістемелік құралдары, "Ұлттық сәндік-қолданбалы әнерді оқыту әдістемесі", электронды оқу қүралы, музыкалық тәрбиенің теориясы және технологиясы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаттары С.А.Одинцованың, К.Г.Гаркушаның "Практикум по методике музыкального воспитания в школе" оқу-әдістемелік құралы, "Музыкальная азбука" , "Творческие портреты композиторов-классиков" автоматтандырылған оқыту бағдарламалары, "Техноло-гия проектирования урока музыки в начальном школе, 'Инновационно-дидак-тическое обеспечение музыкально-эстетической подготовки учителя" электронды оқу құралдары , тәрбие жұмысының теориясы және технологиясы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты МЛКуимирин 'Отбасында балаларға жыныстық тарбие беру Ата-аналарға арналған кітап оқу құралы.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында" "кәсіби оку орындарындағы оқу-тәрбие үрдісі
студенттердің шығармашылыгын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс" делінген. Ел Президенті Н.Назарбаев "Қазақстан — 2030" стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына лайықты тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келіп "2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкнпдіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі" деп атап көрсеткен. Сондықтан көсіби оқу орындарында мүғалім мамандарды дайындау мәселесі жаңа бағытқа, жаңа мазмұнға, жаңа мақсатқа ие бола отырып, қазіргі таңда күрделі де жауапты істердің біріне айналып отыр.
Бұл мәселелерді қарастырғанда, мүғалім даярлаудың сапалық дәрежесін көтеруді кәсіби оқу орындарында теориялық және іс-тәжірибелік даярлықтарын қоғамның дамуымен жөне әлеуметтік-экономикалық жағдайлармен байланыстыра отырып шешкеніміз жөн.
Мамандар даярлауда білім берумен қатар кәсіби іс-әрекеттің ғылыми негіздерін іс-тәжірибеде қолдануға, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Оның ішінде орта кәсіби оқу орындарында оқитын оқушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастыруда педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орны ерекше.
"Іс-тәжірибе" ұғымы Ежелгі Грециядан енген, "қимыл, әрекет" деген мағынаны білдіреді.
Педагогикалық іс-тәжірибе мазмұнын, әдіс-тәсілдерін айқындауда адамның жан дүниесінің сырларын зерттеуде психология ғылымы маңызды рөл атқарады.
"Іс-тәжірибе - теорияның іс жүзіне асуынан туған тәжірибе; қалыптасқан дағды іс-әрекет; өмір тәжірибесі; жаттығу; дағды" деп пеихологиялық-педагогикалық түсіндірме сөздігінде анықтама берілген. Ал С.Рубинштейн педагогикалық іс-тәжірибе қызметіне "педагогикалық дағдыларды меңгеру, педагогикалық диагностикалау және теорияны шығармашылықпен қайта өңдеу жолы, іс-тәжірибелік білім беру құралы" деп аныңтама береді.
Сонымен, психологиялық тұрғыдан болашақ маманның кәсіби құзырлығын қалыптастыруда іс-тәжірибе таным көзі болып кәсіби қызығуын, қажеттілігін, бағыттылығын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Педагогикалың сөздікте "іс-тәжірибе - адамдардың материалдық, мақсат қоюшы іс-әрекеті; объективті болмысты игеруі және түрлендіруі; адам қоғамы мен дамытудың жалпыға бірдей негізі" деп анықталған.
Педагогтер маман даярлауда педагогикалық іс-тәжірибенің орнын ғана емес, оның ішкі мазмұны, мақсаты жайында да өз пікірлерін ертеден айтып келеді. С.ІПацкий "Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және іс-тәжірибе қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды" десе, Ресейдің белгілі педагогі П.Блонский "Тек дәрістер мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге іс-тәжірибе қажет, бірақ ол дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек" деп жазған.
О.Абдуллина, Ю.Бабанский, Н.Болдырев, И.Кузьмина, А.Пискунов, В.Сластенин сиякты ғалымдардың еңбектерінде болашақ маманның алатын теориялық білімі мен іс-тәжірибе үрдісінің үйлесімділігінің бірлікте болуы жайлы сөз болады.
Болашақ маманды кәсіби даярлауда педагогикалық іс-тәжірибенің рөлін бір жақты және оны тек теориялың оқытудан кейінгі педагогикалық іскерлікті іс-тәжірибеде орындау деп қана түсіну дұрыс емес. Теория мен іс-тәжірибенің байланысы кәсіби оқу орындарында оқытудың басты қағидасы ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың күрделі диалектикасы ретінде қамтып көрсетеді. Біріншіден, қажетті педагогикалық білімсіз нақты оқу-тәрбие үрдісін түсінуге жөне оны басқаруға болмайды. Екіншіден, деректерге сүйенбей, нақты мектеп қызметіне талдау жасамай түрып, оқыту және тәрбиелеу теориясын терең әрі жете түсіну мүмкін емес. Демек, орта кәсіби оқу орнында болашақ мамандарды даярлауда оқушылармен жүргізілетін педагогикалық үрдіс теория мен тәжірибе арасында табиғи байланысты орнатуға көмектеседі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы 3 қаңтардағы №1 бүйрығымен 0314002 - "Бастауыш сыныптарды оқыту" мамандығы бойынша орта кәсіптік білімді мамандар даярлау стандарты бекітіліп іске қосылды. Онда теориялық біліммен қатар болашақ маманның іс-тәжірибелік дағдыларының жетілуі жағына баса көңіл бөлінген. атқарады.
Еліміз егемендік алғаннан бергі уақыт ішінде білім беру жүйесін реформалау және оны дамыту мемлекеттік бағдарламалары жасалды. Ел басының өзі білім саласын дамытуды басты назарда ұстап келе жатқаны белгілі. Үстіміздегі жылдың 18 ақпандағы халыққа Жолдауында Президент: "XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт. Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті: әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру" - деп қадап айтқан болатын.
Елбасының бұл тұжырымдамасынан бүкіл әлемдік ғылымның көкжиегін, оның қол жеткізген жетістіктерін көруге болады. Ғылымы дамыған елдердің көші қаншалықты жерге үзап кеткенін байқаймыз. Әрбір мемлекеттің дамуы оның біліміне байланысты. Білімі дамыған елдер қазір дамудың шарықтау сатысына көтеріліп отыр. Айталық, кішкентай ғана аралдағы Жапония жерінен бір грамм темір өндірмей-ақ темірді дүние жүзінде ең көп өндіретін алпауыттар қатарында. Ол байлық жағынан Қазақстанды әлденеше орап алады десек, жалған айтқандық емеа Жапонияда дәл біздегідей жер асты байлық жоқ, әйтсе де ол молшылыққа белшесінен батып отыр, Оның себебі неде? Бір сөзбен айтқан-да, дамыған ғылым жетістігінде.
Әлемдік прогресс күн сайын алға озып бара жатыр. Бұдан он жыл бұрынғы ғылыми жаңалықтар қазір жаңалық болудан қалып барады. Олай болса елімізде білім берудің жаңа жүйесін жасау кезек күттірмейтін мәсәле екені айдан анық.
XXI ғасырда білімнің ең негізгі рөл атқаруы өмірдің қай саласынан болса да көрініс таба бастады. Мемлекеттің экономикалық күшін немесе сол елдегі адамдар өмірінің сапасын бұрынғыдай материалдық немесе адам ресурстарымөн емес, сол елдегі қандай да бір технологиялардың, оның алдымен ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуымен өлшеуге болады.
Цивилизацияның басты міндеті - адамдарды ойлай білуге үйрету" деген екен Эдисон. Бүгінде адамдардың қиялы жеткен жерге қолы жетіп отыр деп айтуға болады. Нәбір қиял-ғажайып дүниелер қазір шындыққа айналып барады. Қазір қоғамдағы өзгерістер өте тез алмасуда. Сондықтан адамдар теориялық немесе өмірлік білім алып қана қоймай, өз бетімен ізденіп білімін шыңдауы керек. Жаңа ақпараттық жүйе бізге таныс білім алу үлгісін өзгертіп жіберіп отыр. Бұрындары білім алу адамның жас кезіне ғана тән кезең болып келсе, енді оның не уақыт, не кеңістік тіпті, жасына қарамай өмір бойы үйрену, білу үрдісіне айналып отыр. Өйткені, бүгінгі ғылым жетістіктерін дер көзінде меңгермесеңіз өмір керуеніне ере алмайсыз деген сөз. "Білім беру мектептің ғана ісі емес. білім алудың кілтін ғана ұстатады. Ал мектептен тыс білім алу дегеніміз - бүкіл бір ғұмыр! Адам өмір бойы білімін көтеріп отыруға тиіс", - дейді Луначарский. Олай болса адам баласы ағаш бесіктен жер бесікке түскенге дейін үйренуі қажет. Мен үйреніп, біліп болдым деп аз ғана білімге тоқмейілсу астамшылық. Осыған дөйін әр адам белгілі бір мамандық шеңберінде ғана білім алып келсе, енді көптеген мамандықтардың негізінде жатқан фундаментальдық ұстамдарды игеруі қажет.
Бүгінгі күн талабына сай, ғылым жетістіктерін терең меңгеріп білім сапасын кәтеру үшін, ең алдымен жоғары білікті маман педагогтар дайындау, мектептердің материалдық, техникалық базасын нығайту, жақсы жабдықталған сыныптар мен дәріс оқитын аудиториялар, сапасы жоғары дәстүрлік немесе электрондық және мультимедиялық оқулықтар мен оқу қүралдары ауадай қажет.
Қазір білім алу үшін шекара жоқ, бүкіл әлөмдік кеңістік пайда болды. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мемлвкеттік шекараның шеңберінен шығып кеткен. Дамыған мемлекеттердің мамандары күн сайын интернетті жаңа ақпараттық жүйемен толықтыруда. Әр елдің байлық ендіру қабілеті сол елдің білімді адамдарының саны мен сапасына байланысты бола бастады.
Қазір елімізде 12 жылдық білім стандартына көшу жайлы нақты бағдарлама жасалуда. Бұл да игілікті іс деп білеміз.