Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері

Скачать

1 Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері

1.1 Салық жүйесі,салық түрлері,экономикалық мәні және атқаратын қызметтері


Кәсіпорындардың шаруашылық субъектілері мемлекетпен арасындағы экономикалық қатынастары негізінде салықтар, яғни салық жүйесі төлемдер арқылы реттеледі.
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салқтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар-мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтардың мәнін толық түсіну үшін олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын да атауға болады.
Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтық реттеу жүзеге асырылады.Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық ставкалары, салық жеңілдіктері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өніміндегі салықтардың үлес салмағы 40 пайыздан көбірек. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып, еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
Салықтарды топтастыру жайында айтып өту қажет.
Салықтарды мынадай нышаны, белгілері бойынша топтастырады және жіктейді:
1. салық салу объектісіне байланысты;
2. қолданылуына қарай;
3. салық салу органына байланысты;
4. экономикалық ерекшелігіне байланысты;
5. салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне байланысты тікелей және жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.
Тікелей салықтарға мына салықтар жатады:
- заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
- мүлік салығы;
- жер салығы;
- бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық;
- жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салыы мен төлемі;
- көлік құралдарына салынатын салық және тағы да басқа салықтар.
Жанама салықтарды сатушы емес сатып алушы, яғни тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілмегендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.
Бюджетке түскен соң қандай шараларға жұмсалатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы салықтарға бөлінеді.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, ешқандай дербессіз жалпы мақсатта жұмсалады. Жалпы салықтарға жататын салықтар: заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер және тағы да басқалары.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген міндеттер бойынша нақтылы шараларға жұмсалады. Мысалы: көлік құралдарына салынатын салық. Бұл салықтар жол қорын құрауға жұмсалады.
Салықты алатын және салыққа иелік ететін органдардың ерекшелігіне қарай салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Жалпы мемлекеттік салықтарға мына салықтар жатады:
1. заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2. қосылған құнға салынатын салық;
3. акциздер;
4. бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық;
5. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салыға мен төлемдері.
Жергілікті салықтар мен алымдар:
1. жер салығы;
2. заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
3. көлік құралдарына салынатын салық;
4. кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды тіркегені үшін алынатын салық;
5. жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқы үшін алынатын алымдар;
6. аукционда сатудан алынатын алым.
Экономикалық белгісіне қарай салықтар табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар – салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады.
Тұтынуға салынатын салықты, салық төлеуші тұтынушы ретінде тауар немесе қызмет ақысын төлеген кезде өзінің шығынынан төлейді.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес салықтар болып жіктеледі.
Нақтылы салықтар – салық төлеушінің салық салу объектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады. Оларға: жер салығы, мүлік салығы, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларғ салынатын салықтар жатады.
Дербес салықтар – салық төлеушінің салық төлейтін обектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады. Оларға заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы жатады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясаттың негізгі бағыты немесе салық саясаттың басты мақсаты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.
Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары, осы қатынасты анықтайтын салықтар, салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және тағы да басқа салық механизміне жатады.
Қандай да бір механимнің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
Салық субъекті (салық төлеуші) – заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және тағы да басқа.
Салық көзі – салық салынатын табыс.
Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігімен алынатын салық мөлшері.
Ставкалар тұрақты немесе пайызбен белгіленеді.
Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақы сомамен тағайындалады.
Пайыздық ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті, регрессивті және пропорционалды.
Үдемелі немесе прогрессивті ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады.
Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес азайып отырады.
Пропорционалдық ставкалар салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен тағайындалады.


Скачать


zharar.kz