Халқының көбі католицизм – 36% табынады, ал ежелгі християндық конфессиялар - 3% ислам - 2% , басқалары 32% құрайды.
Недерланды Рейн, Мааса, және Шельді өзендерінің сағаларында орналасқан. Бұл өзендер әкелген топырақтан дельта мен кең көлемді жазық пайда болған. Территорияның жартысынан көбі теңіз денгейінен төмен жатыр және оңтүстігінде ғана жер 30 метрге дейін көтерілген. Жазықтың көп бөлігі Солтүстік және Оңтүстік Голландияның провинцияларынада болғандықтан, бүкіл елді Голландия деп те атайды. Жағалық сызығы тасынды шағылдардан құралған. Одан кейін теңізден тартып алынған польдер деп аталатын жерлер орналасқан.
Белгия, Нидерланды және Люксембург елдері 1948 жылы валюта және салық жүйесі сақталатын ерікті тауар айналымын қамтамасыз ететін экономикалық одақ құрды.
Нидерланды климатына тоқталатын болсақ жазы жылы. Шілде айының орташа температурасы +17С, қаңтар айының орташа температурасы -2С. Қыста Сібірден антициклон келген кезде температура 0С – қа төмен түседі, қар жауып, каналдар мен көлдердің бетін мұз басады.
Жылдық орташа жауын – шашын мөлшері 800 мм, бірақ ішкі провинцияларда бұл көрсеткіш төменірек.
Өнеркәсіп өндірісінің ( капиталистік дүниедегі өнеркәсіп өндірісінің 1,3 % ) және сыртқы сауда айналымының ( 4,6 % ) көлемі жағынан Нидерланды капиталды дүниедегі алдыңғы он елдің қатарына жатады. Теңіз саудалық кеме қатынасында да Нидерландының үлесі едәуір. Елдің экономикалық дамуына оның Еуропадағы аса маңызды теңіз және континенттік жолдардың тоғысатын жерінде орналасуы аса зор ықпалын тигізеді. 2 – ші дүние жүздік соғыстан кейінгі елдің экономикасының құрылымы елеулі тұрде өзгерді. Соғыс кезінде қираған шаруашылықты қайта құру, экономиканықуатты техникалық прогрестің жоғары талабына сай арттыру пройесі аса күрделі жағдайдан өтті.
Өнеркәсіптің салалық құрлымында түбірлі өзгерістер болды, ауыр өнеркәсіптің үлесі артты, әсіресе металургия, химия, мұнай өңдеу, электртехника өндірісінің қуаты артты. Отарлық рынктың азаюы себепті тоқыма өнеркәсібі өндіріс көлемін 2,5 есе кемйтті. Нидерланды өндіріс пен капиталдың шоғырлауы өте күшті. Экономикада ірі манаполиялар үстемдік етеді. Мысалы: « Ройын дачи – Шелл » американдық « Сантдард ойл оф Нью – Джерси » компаниясымен бірлесе отырып, мұнай айырудың 1\2 бөлігінен астамын, мұнай өндіруді, табиғи ғаз өндірудің 1\2 бөлігін бақылайды. Шетелдік инвестициялар ұдайы өсуде, оның 1\3 бөлігін американ капиталының үлесіне тиеді.
Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік компаниялардың ролі артуда. Мысалы: Химия өнеркәсібіндегі ірі компаниялардың бірі « ДСМ » ( « Датч Статсмайнс »), елдегі бірден – бір қара металургия концерні « КНХС » акцияларының 1\3 бөлігі мемлекеттің құрамында. Еуропа экономикалық ынтымағы құрамына кіру Нидерлан экономикасының жеке салаларының дамуында диспропорция туғызды, өндірістік күштердің біркелкі орналаспауын, әлуметтік теңзідікті күшейттеді. 1970 жылдардың басында дағдарыс белгілері күшейіп, өндірістің өсу қарқыны баяулады, жүмыссыздық көбиді. Халықтың жанбасына шаққанда жалпы ұлттық табыстың мөлшері жөнінен Нидерленды капиталистік дүниеде 12 – орында ( 2553 доллар, 1971 ж ) көрсеткіш. Ірі меншік иелерінің байлығы артуда, соғыстан кейінгі дәуірде миллионерлер саны 940 – тан 6,7 мыңға жетті.
Экономикалық географиялық аудандары. Батыс индустриялы – сауда ауданы ( Солтүстік және Оңтүстік Голландия, Утрехет, ішінара Гелдерланд провинциялары; басты орталықтары – Амстердам, Роттердам, Утерхт қалалары ). Солдтүстік Барбант индустриялды ауданы ( орталықтары Тилбург, Эндховен қалалары. Линбург и ндустирялды аудан орталығы Маастрихт қаласы ).