Абиссиндық мысық.

Скачать

Абиссиндық мысық.

Шығу тегі. Ертеден белгілі мысықтардың түрі. Бұл мысықтың тегі жабайы Африкалық мысық. Бұл мысықтың түрі негізінен Абиссенин (Эфиопия) жерінде тарлған тарихи деректерге сәйкес, Англияға Абесиндық мысық түрін Англияға Эфиопиядан алып келген және де осы мысық түрінен қазіргі заманғы мысық түрі таралып келеді. Сонымен қатар ерте заманғы Египеттің қасиетті мысықтарының ұрпағы деген сөз бар, және бұлардың бейнелері храмдар мен молаларда бейнеленген. Сондықтан бұл Египеттік мысықтардың гендері Британдық мысықтардың популяциясында кездесуі мүмкін. Англияда бұлар 1882 ж. тіркелген. Америкаға бұлар ХХ ғ. Басында келген, ал 70 ж. Абиссиндық мысықтар бүкіл әлем елдерінде мойындалған.






















Сипаттамасы.

Бұл мысықтың тұрқы орта бойлы. Бұлшық еттері жақсы дамыған және де қимылға бейім. Жіңішке келген мойнына сай, кішкене ғана басы бар. құлақтары үлкен, ұштарында түктері бар. Тік мұрынды, маңдайы жазық, иегі күшті дамыған, көзі домалақ, миндальды формада. Көзінің түсі жасыл, қоңыр және сұрғылт болып келеді. Құйрығы ұзын әрі сымбаты. Ал табаны кішірек, сопақтау. Жүні өте қысқа денеге жабысып орналасқан, жылтырақ, түсі әр түрлі: қызыл-қоңыр, көгілдір, сұрғылт және сарғыш түрлері де бар.
Мінез-құлқы. Бұл мысықтың түрі өте ақылды болып келеді және жақсы ана. Тындалымпаз, адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады, көп ойнағанды ұнатады. Бұл мысқ бостандықта жүргенді ұнатады.


Скачать


zharar.kz