Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері

Скачать

І. Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Сондықтан Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы қазан төңкерілісіне дейінгі патшалық Ресейдің және КСРО-ның банк жүйесінің тарихымен тығыз байланысты. 1917 ж. қазан төңкерілісінен кейін банк ісін ұйымдастыруды мемлекеттік монополиялы түрде өз қолына алып, нәтижесінде жеке коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері Мемлекеттік банкпен біріктіріледі. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операциялар жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 несиелік және қарызды жинақ,ғ сондай-ақ 12424 ауыл шаруашылық серіктестіктері болды [4; 164].
Ал енді банк ұғымына тоқтап кетсек, “Банк” сөзі “banko” деген ағылшын тілінен аударғанда “айырбас столы” дегенді білдіреді. Жалпы Қазақстан тарихындағы алғашқы банк 1871 ж. Петропавлда ашылған қалалық қоғамдық банк еді. Ондай банктер Семейде (1907 ж.) , Ақтобеде (1910 ж.), Павлодарда (1914 ж.), Верныйда (1912 ж.), Өскемен мен Зайсанда (1914 ж.) да жұмыс істеді. Мемлекеттік банк бөлімшелері болмаған аудандарда қазналық банк қызметін атқарады [10; 51].
Банк – заңға сәйкес банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға [1; 14].
Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өкілі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша төлем құралдары түрінде шығады. Банктерден басқа, банк жүйесіне кейбір арнаулы қаржы институттары кіреді (трасталық компаниялар). Олар “банк” деген мәртебесі болмаса да Ұлттық банктің рұқсатымен кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін, яғни банк инфрақұрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді.
1922 ж-дан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін, өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік – Шығыс мемлекеттік-капиталисттік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды. 1924 ж. акционерлік қоғам үлгісіндегі Сыртқы сауда банкі құрылып, оның акционерлері мемлекет кооперативтік және қоғамдық ұйымдар болды. Ол КСРО-ның мемлекеттік банкісінің құрамында болып сыртқы сауда операцияларын және халықаралық есеп айырысу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1925 ж. КСРО-да Мемлекеттік банк, Өнеркәсіп банкі, Сауда банкі және Ауыл шаруашылық банкі болды. Сондай-ақ Орталық коммуналды банкі (Цекамбон), Кооперативтік ( Қиыр Шығыс, Орта Азия) банктер құрылды. Ұсақ тауарлы өндірістің дамуына байланысты өзара несиелеу қоғамдары ауыл шаруашылығын несиелейтін қоғамдар, жинақ кассалары, несиелік кооперативтер пайда болды.
Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес мемкемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемелекеттік-капиталисттік банктер қатары жұмыс істеді.1922 ж. несиелік және ссуда жинақ серіктестіктері және олардың одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті. 1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына несиелік операцияларды жүзеге асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рұқсат берілді. Экономикалық социолисттік және жеке несиелік ұйымдар өз мәнін жоғалтып, қызмет тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауыл шаруашылығын толығымен ұйымластыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931 ж. жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектродың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. ХХ ғ. басында Ресейдің банк жүйесі негізінен мынадай банк-несие мекемелерінен құрылды:
• Мемлекеттік банк (1860 ж. құрылған)
• Қоғамдық қалалық (252 банк) және жер банктері
• Көп буынды жеке банктер: акционерлік банктер (49 филиалдары бар 44 банк), өзара несиелейтін қоғамдар (83), коммерциялық банктер (32), несие-жинақтау серіктестіктері (729) және т.с.с.
Бұлардан басқа банктік операциялардың көпшілігін жүргізіп, сонымен қатар жоғары қауіпті операциялар жүргізу үшін клиенттердің қаражаттарын тартумен шұғылданатын банктік кеңселер сауда үйлері, айырбастау дүкендері болды [5; 569].
1927 ж. КСРО Орталық атқару комитеті мен Халық комиссориаты кеңесінің “Несие жүйесін құру принциптері туралы” қаулысына сәйкес бүкіл банк жүйесін тікелей басқару Мемлекеттік банкке тапсырды [7; 170].
Экономикалық социолисттік сектордың дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұйымдастырунесиелік кооперациянықажет етпей оны 1931 ж. тартты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласымен ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге: Промбанк, Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банкі және 1922 – 1925 ж. құрылған басқа да банктер көшеді. Жалпы 1927 ж. банктердің өзіне тән ерекше қызметі – банктік несие беру жойылып несие мемлекеттік жоспарлы қаржыландырудың түріне айналды [11; 60-63].


Скачать


zharar.kz