Халықаралық мораль императивтерінің түсінігі

Скачать

Халықаралық моральдың универсалды, универсалды еместігі жайлы мәселе әлі нақты шешілмеген, мүмкін шешілмеуі тиіс те шығар. Бұл мәселені екі бағытта қарастыруға болады:
1. Релятивистік бағыт (универсалды емес). Бұл бағыт - бүкіл адамзат үшін белгілі бір ортақ моральдық құндылықтарды құру мүмкін еместігін тұжырымдайды. Өкілдері П.Р. Виотти және М.В. Кауппи жазғандай іс-әрекетті моральдық тұрғыдан бағалау тек белгілі бір мәдениет контекстінде ғана болады.
2. Универсалды бағыт, бұл бағытқа негізінен либералды мектептің өкілдері жатады. Соның ішінде американ ғалымы Марк Р. Амстуц халықаралық қатынастардағы универсалды моральдық нормаларды мойындап, олардың бастылары барлық халықтар үшін ортақ деп пайымдайды. М.Р. Амстуц халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттағы негізгі үш моральдық дәстүрді белгілейді:
- скептицизм (моральға қатысты)
- космополитизм
- коммунитаризм
Скептицизмнің негізінде жауапкершілік этикасы жатыр және цинизмге қарағанда халықаралық сахнада моральдық принциптердің бар екендігін мойындайды. Скептицизм мораль тұрғысынан саяси реализммен байланысты. Оның өкілдері әлемде моральдың ортақ стандарттары жоқ екендігін дәлелдей тұра мемлекет ұллтық мүддеге сүйене отырып әрекет ету керек. Бұл дәстүрді АҚШ-ның мемлекеттік хатшысы Д. Ачисон мен әйгілі американ дипломаты әрі ғалымы Дж. Кеннан ұстанатын.
Космополитизм канттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ол бірыңғай универсалды моральдың бар екендігін тұжырымдайды және оған көп көңіл бөледі. Бұл дәстүрдің өкілдері болып В. Вильсон және Дж. Картер президенттері болатын. Космополитизмнің негізгі проблемасы адам құқықтары болып, ол бойынша адам құқықтары тапталған кезде ұлттық мүддені қорғау аморальді болып саналады.
Коммунитаризм. Бұл дәстүр скептицизм мен космополитизмнің синтезі болып, аморфты сипатқа ие. Космополитизм секілді әлемде бірыңғай моральдық нормалардың бар екендігін тұжырымдап теңдік, экономикалық даму сияқты аспектілерді қамтиды. Саяси қайраткерлер ұлттық мүддені моральді еске ала отырып қорғауы тиіс.
М. Николсонның моральды парадокс атты мысалы қоғамның назарын моральға аударады. Егер адамды өлтіру қоғамда ең зұлымды қылмыс болып саналса, онда соғыс кезінде жазықсыз адамдардың өлтірілуі неліктен сол категорияға жатқызылмайды. Бұған нақты жауапты мүмкін тек квакерлер немесе пацифистер беруі мүмкін шығар.
Моральды императивтер қазіргі таңда тек мемлекеттер тарапынан емес сонымен қатар басқа да, жаңа акторлар тарапынан орындалынып жатыр. Және сол акторлар мемлекеттердің моральды императивтерді сақтауға итермелейді. Біз солардың ішіне халықаралық ұйымдарды, бейүкіметтік ұйымдарды мен халықаралық қорларды жатқызамыз .
Әзірге Біріккен Ұлттар Ұйымының соғысты болдырмау, адам құқықтары және гуманитарлық бағдарламаларға қатысты жұмысы халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағалануда. 2000 жылғы қабылданған Мыңжылддықтың Даму Мақсаттары (Millennium Development Goals) атты құжаты үшінші әлем елдері үшін маңызды рольге ие. Ол сол елдерге экономикалық дамуға жәрдем көрсету , СПИД ауруымен күресу, ана және бала өлімін қысқарту, қоршаған ортаны қорғау және т.б. мақсаттарды алға қойып оны орындау барысында.
Қырғи-қабақ соғысы барысында БҰҰ-мы АҚШ пен КСРО арасында делдал ролін ойнап екі жақты қатынастардың бейбіт жолда дамуына зор ықпалын тигізді. Сонымен қатар оның Югославиядағы, Грециядағы және т.б. елдердегі бітімгершілік күштердің бейбітшілікті сақтау қызметі үшін Нобель премиясына ие болды.


Скачать


zharar.kz