Шейх Ибраһимнің ата тегі шежіре деректер бойынша да Имам Мұхаммеду-л-Ханафия мен Алиу-л-Мұртазаға барып тіреледі. Саралап айтқнда: Шейх Ибрахим, Шейх-үл-Ілияс, Шейх Мұхаммед, Шейх Ифтихар, Шейх Өмер, Шейх Осман, Шейх Хусейин, шейх Хасан ибн шейх исмаил, шейх Муса, шейх Мумин, шейх һарун, шейх Баһру-л-Ирфан, Құтби түркістандық Ысқақ бап, Абд-ар-Рахман, Абд-әл-Қаһһар, Абд-әл-Фәттах, Имаму-л-Ханафия, Алиу-л-Мұртаза.
Фуад Көпрұлұ өзінің бір ескертуіне та текке байланысты бұл деректерді «Жәуаһиру-л-Әбрар мин әмважил-биһар» атты кітапты алғанын айтады және мұның мәнісін былайша түсіндіреді: Сайрам - байырғы Ислам орталығы. Оның халқы үш топтан тарайды. Олар: шаһтар әулеті, бұрынғы әмірлер мен мырзалар әулеті, Әзірет Ғалиға барып тірелетін қожалар әулеті. Қожалар-Имам Мұхаммед Ханафия ұрпағы, оларды сеидтер дейді. Молла Муса ибн Молла Иса Сайрами деген кісінің «Тарихи әмния» (Қазан баспасы, 1905-ші жыл, 286-шы бет) деген кітабындағы деректерге сүйеніп, Иассауидің атасы Ілияс баб осы Ханафия ұрпағынан тарайтынын айтады. Арыстан баб та Иассауидің әкесі Шейх Ибраһимнің бауыры. Сайрамда осы ұрпаққа жататын басқа да көп адам болған дейді. «Жәуаһиру-л-Әбрар»... кітабында Иассауи әкесінің қабірі «Ақ мазар» деп аталғаны да көрсетіліпті.
Сонымен апасына еріп Йассы қаласына келіп тұрақтаған Ахмет осында оны алыстан арнайы іздеп келген Арыстан баба атты белгілі түркі шейхының жылы көңілі мен ілтифатының, қайырымдылығы мен дұғасының, ұстаздық өнегесінің шуағына бөленеді. Бірақ Арыстан баба да Ахметтің тым жас шағынд дүниеден өтеді. Содан ба екен, әлде жазба тарих бетінде қлған жөнді мағлұматтар болмауынан ба, әйтеуір осынау үлкен тұлғаның жас Ахметке еткен еңбегі мен әсер-ықпалы ғылым таразысынан әзірше толық тұжырымын тапқан жоқ. Ахмет алғашқы оқу жылдарын Йассыда өткізген болуы керек. Содан соң білімін жетілдіре түсу мақсатымен сол кездегі атақты Ислам орталығы ретінде даңқы жайыла бастаған Бұхара шаһарына барғаны, онда аса білімдар ғұлама Қожа Йусуф Хамаданидан дәріс алып, өнеге үйренгені тарихтан мәлім.
Ислам дінінде негізгі төрт мәзһаб бары белгілі. Соның бірі – Имам Ағзам мәзһабы. Йусуф Хамадани осы Имам Ағзам жолын берік ұстанған діндар ғұлама. Иран, Қорасан, Муараннаһр өлкелерін аралап, халықты мұсылмандыққа уағыздаумен шұғылданған. Белгілі деректерге қарағанда, осы жол-сапарлардың көбінде Қожа Ахмет те ұстазымен бірге жүрген. Одан дәуіштің жолдың әдеп-тәртібін, қыры мен сырын жанында жақын жүріп, әбден-ақ үйренген.
Йусуф Хамадани ұзын бойлы, бетінде шешек дағы бар, ұзын сарғыш сақалды, денесі салыңғыр арықша келген кісі екен. Үнемі жүннен жасалған жамаулы шекпен киіп жүріпті. Дүниелік істерге ешбір мән бермеген, әкімдердің үйіне бас сұқпайтын әрі тақуа, әрі өр мінезді адам болыпты. Қолына түскенді мұқтаждар мен кемтарларға үлестіріп бередіекен. Жарықтық жетпіс бес жасқа келгенше үйленбепті. Кіммен кездессе де сыпайылық танытып, ілтифат көрсетіп, қажет болса жанашырлық жасап жүреді екен. Ал өзге жақтан келген жолаушы мейман болса, сол өңірде жүретін дәуіштерге жасалған жағдайды соларға да жасайтын болыпты. Дұға оқып, зікір айтқанда бүтіндей жан-тәнімен берілетіні сондай, тынысы таралып, әбден қара терге түседі екен. «Құран кәрім» аяттарын аузынан тастамайтын болған. Тіпті тұтас сүрелердің өзін жатқа айтқан. Әр айдың басында Самарқанд моллаларын шықырып алып, олармен шариғат жайында сұхбат жасап отырған. «Хазіреті Хызырмен кездесіп тұрады екен» дейтін аңыз да бар. Түрлі аурулар мен денеге түскен жара-жарақатты емдейтін дәуірлер жасаған, дерттіге дәру табудың жолын тынбай іздестірген. Әсіресе сол кезде сахарада, ел ішінде көп кездесетін безгек ауруына дауа тапқан. Сол өңірдегі түрік, парсы халықтарының үлкен-кішісіне тегіс дін парыздарын үйретуден жалықпаған. Ең озық үлгіоерді алдымен өзі көрсетіп отырған. Бүкіл тіршілік иесіне ет - жүрегі елжіреп тұратын мейрамді екен. Ғайры діндердің (христиандар мен пұтқа табынушылар) үйлерінде болып, олрға Исламның қасиетті қағидаларын түсіндіріп жүрген. Қайғы-қасіретке сабырлы, қиындыққа төзімді болудың шын үлгісін көрсеткен. Аузынан әсте былапыь сөз шықмаған. Алтын, күміс сияқты қымбат бұйымдарды ұстап-тұтпаған. Тұратын үйінде төсеніштік киіз, дәрет құмғаны, екі жастық, азын аулақ ыдыс-аяқтан өзге ешнәрсе болмаған.
Мінеки, Қожа Ахметтің ұстазы, мүршижі Йусуф осындай үлкен ғұлама әрі барынша пәк-таза кісі болған екен. Ол өзінің барынша пәк-таза кісі болған екен. Ол өзінің шәкірттеріне де Ислам дінінің тәртіп-шарттарын қатаң сақтауды тапсырған, дін тазалығын өсиет еткен. Бүкіл мінез-құлқы, ілім-білімі өзіне ұнаған, үмітін ақтамайтынына сенген үш шәкіртің халфелікке, яғни өзінің орынбасарлығына тағайындаған. Сол үшеудін бірі Кожа Ахмет болыпты. Алдыңғы екеуінің есімдері: Қожа Абдуллаһ Барқи, Қожа Хасан Андаки, кейін төртінші кезекке Абдул Халық Гиждуани қойылыпты. Йусуф Хамадани қайтыс болғаннан кейін алдыңғы екеуі кезектесіп орынбасарлық міндетін атқарыпты. Бұлардан кейін халфелік міндетті Қожа Ахмет атқарған. Бірақ ол бұл орында ұзақ отырмапты. Туған жеріне тезірек оралғысы келген Ахмет халфелікті Абдул Халық Гиждуаниге табыстап, өзі Йассыға (Түркістанға) қарай жол тартады.
Қожа Ахмет мұнда келісімен өзіне жүктелгсн міндетті —Ислам жолын уағыздап, халықты дінге тарту, ұстаздық ету қызметін атқаруға қызу кірісіп кетеді. Йусуф Хамаданидай ақ сүйек, ләк жүрек, жаны нәзік, қаны таза ұстаз өнегесі бойына дарыған, жастайынан тазалық рухында тәрбиеленген Қожа Ахметтің төңірегіне топтасқан шәкірттері мен мүридтері де өзгеше болса керек-ті. Нақ осы тұста Хорезм шаһтары да өздерінің бар күшін Ислам дінін нығайтуға жұмсайтындай ниетте болды. Азияның Ислам діні тарай бастаған өлкелсрінде шейхтердің абыройы мен ықпалы артып, әр жерде діни орындар ашылып жатты.
Ахмет Иассауи Сырдария мен Ташкент өңірлеріңде, тіпті солтүстіктің бозқырларында да уағыз жүргізді. Бұл кезде оның төңірегіне Бұқара мен Самарқандтағыдай, Хорасан шаһарларын-дағыдай фарсы тілі мен әдебиетіне ден қоюшылар ғана емес, Ислам дініне біржола бет бұрған, көңілдері таза бір еңкей түркілер топтасып үлгіреді. Ахмет өзі ете жақсы білетін араб ғылымы мен Фарсы әдебиетіне қоса, түркі тілімде жазылған және айтылатын жәдігерлерге ықылас аударып, бүтіндей зейін Қояды Өзінің діни уағызын да туғаң түркі тілінде жүргізу қажеттігіңе көз жетеді. Араб, фарсы тілдерің білмейтіндерге діни-софылық дәрістерді түсіндіруде түркілердін халық әдебиеті үлгілеріне сүйенді. Өзінің нақыл сездері мен өлең-жырларын да түркі тілінде жазуды бастайды.)
Ахмет Иассауи жасы алпыс үшке толған шағында тереңдігі үш аршын келерлік хилуат-жәй жасатып, күні-түні соның ішінде жатып алады. Әттен, мұның дәл қай жылы басталып, қанша уақытқа созылғанын біз білмейміз. Тек «Хикметтер» жинағында ғана жер астына жайғасуының дүние қызығынан безінуінің себебі мен жәй-жапсары софылық сарын әуенімен ұзақ-ұзақ баяндалады. Төңірегім қаумалаған мүридтеріне, жалпы халыққа Тариқат пен Акиқат жолдарын, жан тазалығының тәртіптерін тәптіштей ұғындырады.
«Хикметтерді» талдау үстінде және ғұлама ақын тұлғасының қалыптасу жолын зерттей келе анғарғанымыз — Қожа Ахмет Иассауи аса байсалды, алыстан болжайтын, тереңнен ойлайтын, тебірене толғайтын данатай түрік софысы болғандығы. Оның туындыларында Ислам дінінің қасиетті қағидаларына, шариғат шарттарына шәлгөз келерлік сөздер түгіл, нышан да байқалмайды. Шариғат үкімдеріне барынша мойын ұсынған Қожа Ахмет бір хикметте өзі жасаған, өзгелерде болатын күнәларды тергіштеп айтады, әрбір ағаттыгы үшін Алладан кешірім сұрайды, рақым тілейді. Пейіш пен тозақ жәннат пен жаһаннам туралы айтқандары — еш пендені жайбарақат қалдырмасы шүбәсіз. Айналасына соншама көп мүрид топ-тасқанынан да оның қаншалықты зор беделге, сенімге ие болғанын көреміз. Бұл асылында оның шариғат мәселелеріне жетіктігі мен кішіпейілдігінің, ақылдығы мен білімпаздығының шешендігінің арқасы болса керек.
Қожа Ахмет Иассауи — өзі өмір сүрген заман мен ортаның сыр-сипатын халық тұрмысы мен мұн-мұқтажын, арман-мүддесін жете сезінген, терең түсінген, халықты жақсылыққа үндеген үлкен тұлға. Ел жүрегінде, халық аузында ұзак уақыт сақталып, жатталып келген тегің емес, әрине.
Йассаун жайында айтылатын аңыздарда болсын, немесе «ЖәуаҺиру-л-Әбрардағы» деректерде болсын, әйтеуір онын Ибраһим атты ұлы болғаны, бірақ оның әкесінін көзі тірісінде өлгені айтылады. Тағы бір деректерге қарағанда оның Гауһар есімді қызы да болыпты. Талай ғасырлар бойында өздерің Қожа Ахмет Иассауи ұрпағына жаткызып келген кісілер өздерінің шықкан түбін осы Гауһардан бастайды. Шығыс және Батыс түріктерінің арасында да өздерінің Иассауи әулетінен шыққанын жария еткен адамдар бар. Мысалы, Мауараннаһрге бұрынырақта келіп, бірсыпыра уақыт Абдулла ханның жанында болған, талай жыл Самарқандта тұрған шейх Зәкарияның Қожа Ахмет Иассауи әулетінен шыққанын Хасан Накибул Иршад Бухари да атап өткен. Сондай-ақ Батыс түріктері арасындағы Иассауи ұрпағынан тараған, Тәжнисаты Катибі үлгісінде шығармалар жазған, «Тухфатул ұшшақ атты шығарма авторы Маулиджи Үскүплү шайыр Атаны көреміз. Бұл пікірді қостаушылар оның өз шығармасындағы: «Сен Йассыдағы шайхы Ахметтің ұрығысын, оның жүзінен шашырап түскен нұрысың» деген сөздерін тілге тиек етеді.
XVI ғасырда өмір сүрген, әдебиет тарихында Катиби атымен белгілі болған көрнекті ақын Сеид Әли Раис Катиби өзінің «Миратү-л-Мәмалик» атты еңбегінде һіжраның 961-964-ші жылдары (миладише 1553-1557-ші жылдар) аралығында Ауғамстан, Мауараннаһр жане Иран елдерін аралағанда өздерінің шығу тегін Иассауиге апарып тіреген бірнеше со-фыны кездестіргенін жазған. Ал XVII ғасырдан бергі уақытта өзінің шыққан тегі жағынан Ахмет Иассауиге қатысы барлығын айтқан Қожа Хафиз Иассауи Нақшбендиді білеміз. Ол миладише 1702-ші жылдар шамасында Кашмирде қайтыс болған және сонда жерленген.