Ақша және ақша жүиесі

Скачать

СОДЕРЖАНИЕ

Ақшаның пайда болуы және оның мәні 2
Ақшаның формалары мен түрдері________ 4
1-тарау. Ақшаның қажеттілігі, мәні жанс түрлері 5
I БӨЛІМ. Ақша және ақша жүиесі 6
2.1. Қ¥н өлшемі 7
I БӨЛІМ. Ақша жоне ақша жүйесі 8
2.2. Айналыс құралы 8
2.3« Төлем құралы 9
2-тарау. Ақшаның ролі және нарықтық экоіюмика 10
Жинақтау және қорлану құрады 10
2.5. Әлемдік ақшалар 11
4.2. Ақша жүйесінің түрлері 13
4-тарау. Ақша жүйесі жане оның Қазақстандағы қалыптасуы 15
Экономикасы дамыған еддердің ақша жүйесі 16
Эмиссия ұғымы және оның түрлері 17
АҚШАНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ 18
§2. АҚШАНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 20
, АҚША ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДАМУЫ 22



лады. Бүл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу - са-туда делдал ретінде эрекет етеді. Бүны жүзеге асыру үшін саты-латын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек жэне осы сомаға басқа тауарды (Т1) сатып алу қажет. Жалпыға ортақ балама рөлінде эрекет етуші ақша жоқ болган жағдайда осы сэттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін. Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады. Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. Де-генмен ақшаның өзі тауар, яғни тауар өндірісі мен айналысының өнімі, олардың айрықша тауар жөніндегі мэселелерді тақырып-тың келесі тарауларында сөз етеміз.
Демек, ақша - бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объек-тивті негізделген нэтижесі.
Ақша жалпыға ортак балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің эр түрлі жіктелуі кезінде эр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қогамдық еңбек шығын-дарын салыстьфуға мүмкіндік береді.
Байқап отырғанымыздай, акша өндірістік қатынастардың барлық жиынтығының маңызды буыны, онсыз тауар өндірісі өмір сүре алмайды.
Тауар мен ақшаның шығуында ортақ негіз бар, бірақ олардың арасында маңызды айырмашылық та бар. Егер тауар айналыс аясында уақытша болса (ол түтынуға кетеді), ал ақша айналыста тұрақты, мэңгілік болады, айналыс аясынан кетпейді. Сондықтан, тауарлар арасында дами отырып, ақша бүкіл тауар элемінен ерек-шеленетін айрықша тауар болып қала береді.
Ақша - қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы жекелеген тауар өн-дірушілерді және нарықты ортақ экономикалык организмге бірік-тіруші айналыс құралы. Ол жеке меншік еңбекті қоғамдық еңбек жүйесіне қосады, тауар өндірушілер арасындағы айырбастың ба-ламалылығын қамтамасыз етеді.
Ақшаны өзен үстінен өткен көпірмен салыстыруга болады, оның эр түрлі жагалауларында сатушылар мен сатып алушылар, сұраныс пен ұсыныс, бага мен еңбекакы орналасқан.
1-тарау. Ақшаньщ қажеттілііі, мәні және Іурлері
Қазіргі кездегі нарықта акшаның кажеттілігін жаксырақ көр-сету мақсатында Дж. Долан, Д. Кемпбелл, Дж. Кемпбеллдің сыз-басын көрсетуді дүрыс деп есептедік. Бүл сызба «Деньги, бан-ковское дело и денежно-кредитная политика» кітабында (Мэскеу-Ленинград, 1991 ж., 1 3-бет) келтірілген.
тауарлар
тауарлар
ұлттык өнімнің
шығыны
Өнім нарьны
жиынтық
Фирмалар
Отбасы шаруашылыгы
ресурстардыц
Ресурстар нарыгы
Үлггык
табыс
рес> рстар - акша ресурстар
1.1. сьгзба. Тауарлар мен кызметтер агымынык сызбасы.
Сызбада тауарлар мен қызметтер ағымы көрсетілген, оларды үй шаруашылықтары (кәсіпкерлер) жэне фирмалар (занды түлға-лар) айырбастайды, бүл ағым айырбас кезінде жүзеге асырылған ақшалай төлемдердің қарама-қарсы ағымымен теңестіріледі. Та-уарлар мен қызметтердің ағымдары сағат тілі бойынша бағыт-талган; ақшалай төлемдердің ағымдары сағат тіліне қарсы бағыт-талған. Осы экономикалық жүйеде жеке кәсіпкерлер (үй шаруа-шылықтары) және фирмалар ендіретін тауарлар мен қызметтерді сатып алады. Сызбаның төменгі бөлігінде көрсетілген фирмалар нарығындагы фирмалар өз өндірістері үшін кажетті ресурстарды - жұмысшы күшін, капиталды жэне табиги ресурстарды сатып алады.
Осы жағдайда барлық ресурстар үй шаруашылықтарына тие-сілі, бүл шаруашылықтар сэйкес акша төлемдерін ресурстар үшін фирмаларға сатады; яғни төлемдер еңбекақы, пайыз, ренталық төлемдер жэне т.б. түрді кабылдайды.
Ішкі айналымда ел масштабындағы жиынтық айиалымдагы ұлтгық табыс пен ресурстар қозгалысы көрсетілген.
Ақшаның қажеттілігі еңбектегі ерекшеліктермен де байла-ныскан, ол шығындалған еңбектің саны бойынша ғана емес, со-нымен бірге сапасы бойынша еңбекақы түріндегі еңбек төлемінің қажетгілігін туындатады. Сондықтан акша еңбек шамасы мен тұтыну шамасын бақылау құралы ретінде қолданылады, өйткені материалдық құндылықтарды бөлу коғам мүшелерінің шығын-даған еңбегінің саны мен сапасына сэйкес жүзеге асады. Сонымен қатар ақшаның болуы мынадан туындайды:
шаруашылық қызмет нәтижелерін нақты өлшегіштерде ғана емес, сонымен қатар қүндық өлшемдермен есепке алу қажеттілігінен;
меншік нысандарының эр түрлі болуымен жэне оларға сэйкес өндірістік қатынастардың болуымен, олар тауар-ақша қатынастарына негізделген коммерциялық есеп не-гізінде шаруашылық қызметтін, ұйымдастырылуын жэне жүргізілуін алдын ала болжайды.
1.2.
Ақшаның пайда болуы және оның мәні
Экономикадағы ақшаның пайда болуын, мэнін, қызметі мен рөлін анықтау ұмтылыстарының көп гасырлык тарихы бар, атап айтқанда бүл сұрақтар Аристотель, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс жэне т.б. еңбектерінде-ақ қарастырылған. Ақша теориясын XX ғасырдың бірінші жартысында А. Маршал, П. Самуэльсон, Дж. Тобин, Дж. Хикс, Ф. Мишкин, М. Фридмэн және т.б. сияқты қазіргі кездегі экономикалық ғылым өкілдері дамытты.
Ақшанын пайда болуы, жаратылысы жэне мэні туралы ортақ пікір жок. Бірақ та ақшаны анықтаудың көп түрін шартты түрде екі тұжырымдамаға бөлуге болады: рационалистік жэне эволю-циялық.
Тарасов В.И. Деньги, кредит, банки. Учебное Іюсобие. Минск: Миланта, 2003. -С. 10.
Біріншісі (ол XIX ғасырдың аяғына дейін үстемдік етті) ақшаның туындауын мемлекеттің немесе адамзаттың жалпы келі-сімді бекітуінің нэтижесі ретінде түсіндіреді, яғни ақшаның туындауы тауарлық өндіріспен байланыстырылмайды.
Біздің пікірімізше, келесі тұжырым ғылыми көзқарас болып саналады, ол тауардың айырбастық құнының эволюциялық даму нэтижесі ретінде түсіндіріледі, ақша адамдардың еркіне тэуелсіз түрде пайда болды. Айырбастық құн - бүл олардың салыстыр-малы өрнектелуі немесе сатып алушылық құны.
Қү.н тауарларды бір-біріне айырбастау кезінде ғана анықта-луы мүмкін екендігі баршаға аян жэне ол мұнда айырбас құны формасында эрекет етеді. Тауар - бүл сату немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Адам дайындаган зат сату немесе айыр-бастау кезінде тауарға айналады. Ал бүл ақшаның туындауы үшін объективті алгышарттарды қалыптастырады. Тауардың тулыну құны жэне құны (оны өндіруге кеткен еңбек шығындары) бола-ды. Тауарлардың пайдалылығына (үй, машина) байланысты құ-нының эр түрлі формалары бар, олар тауардың тұтынушылық құны деп аталады. Тауардың құны оны өндіруші адам еңбегінің өзгерісімен анықталады.
Тауар айырбасының дамуы тауарлар құнының эр түрлі фор-маларының ақырындап алмасуы нэтижесінде жүзеге асты:
- қарапайым немесе кездейсоқ форма, ол алғашқы қауым-дық құрылыс кезеңінде, ягни тауардың бір түрін бас-қасына қарапайым айырбастау кезінде (1 қой = 1 қап бидай) туындады. Бұл жағдайда бір тауар өзіне қарама-қарсы тауарда өз құнын өрнектеді. Тауардың басқа тауар-ға айырбасталу қабілеті соңғының құнын өрнектейді, яғни тауарда құн бар;
- толық немесе жайылыңқы формадағы құн егіншілер мен малшылардың алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі нэ-тижесінде туындаған айырбастың дамуымен байланыс-қан. Көптеген айырбасталатын тауарлар ішінен бір неме-се бірнеше өтімді тауарлар (тұз, мал, астық) айқында-лады, оларды басқа тауарларға айырбастауға болады. Осылайша, құнның қарапайым (кездейсоқ) түрінен жайы-
12
I БӨЛІМ. Ақша және ақша жүйесі
лыңқы формасына өту жүзеге асырылады, яғни эр алуан тауарлардың құны бір немесе бірнеше балама тауардың құнымен (тұз, мал, астық) өрнектеледі. Әр түрлі тауар-ларды айырбастау кездейсок форма кезіндегідей өзара емес, бір немесе бірнеше ерекшеленген тауарлар арқылы жүзеге асырады. Алтынның 10 унциясы 10 кг темірге, 1 қойға, 1 қап бидайға айырбасталады; құнның жалпы формасы. Тауарлык элемнен жалпы бала-ма ретінде бір тауар алынады (басқаша айтқанда ығыс-тырылады). Барлық тауарлар осы тауарға теңестіріледі, сол арқылы олардың арасындағы құн салыстырылады. 10 кг темір, 1 кой, 1 қап астық 10 унция алтынға теңес-тіріледі.
Әр түрлі аймақтарда осындай тауар ретінде эр түрлі тауарлар алынды. Мысалы, солтүстіктің халқы ақша ретінде бағалы аң терісін, оңтүстіктің мал өсіруші халықтары - малды, егін егуші халықтар - астықты, қалаларда - металды, яғни темірді, қорға-сынды,бағалы металдарды жэне т.б. қолданды.
Тауарды үлкен кеңістік ортасынан барлық басқа тауарлар ығы


Скачать


zharar.kz