Мемлекеттік Жалтыркөл қорықшасы 1967 жылы ұйымдастырылды. Оның ауданы 19,0 мың гектар, оның территориясына Жалтыркөл, он шақты кішкентай көлдер және Жаңақала ауданындағы Көшім өзенінің төменгі ағысының маныңдағы аймақтар кіреді. 1992 жылы республикалық маңызы бар көрнекті дәрежедегі статус берілді. Қорықша Балықты-Көшім бөлігіндегі көлді суармалы жерге орналасқан, шұңқырлы көлдер мен әр түрлі шөптермен көмкерілген ылғалды жерлер бос кеңістіктерді жауып тұрғандай. Қорықшаның мақсаты: аққу, жамбағай, құтан, тырна, тағы басқа құстарды қорғау және көбейту. Суда жүретін құстардың ішінде: қасқалдақ, сұқсыр, сұр үйрек, барылдауық үйрек, жалпақ тұмсық үйрек, сұр қаз сирек ұялайды. Қамысты қопаларда сұр және ақ құтан, саз құладыны, айқабақ ұялайды. Сирек формалардан бұйра бірқазан, жамбағай, ақ бас үйрек, ақ бас тырна, қылаң қарабас шағала, кейде қарабай ұялайды. Миграция кезінде қызыл жемсаулы қараша қаз, сұңқылдақ аққу, безгелдек, лашын, тағы басқа байқалады.
Көлдің біркелкі терең иірімдері қамысты қопамен көмкерілген 200 метрге дейінгі ұзындықта, кей жерлері қоғалы болып келеді. Жағадан қашықтаған сайын тұзды, сортақты белдеулер, қара жусан, жекелеген жерлерде аң жусан аралас, бетегелі, ақ селеулі белдеу арқылы төмен қарай түсесіз. Жалтыркөлдің мезгіл-мезгіл кеуіп қалып отыратын таяз жерлері, көлдің шағын шұңқырлары мен жанама тармақтары жыңғылмен шектеседі, тіпті кей тұстары шоқ тоғайға ұқсайды.
Қорықшаның географиялфиялық жағынан орналасуы және оның табиғи жағдайы сан түрлі жануарлар дүниесіне қолайлы жағдай туғызып отыр. Әсіресе құстардың түрлері өте көп, олар жетпістеген шамада, оның ішінде батпақты-су бірлестіктерінде құстардың қоныс ауыстыру кезінде бірталай ұяларды кездестіреміз. Суда жүзушілерден ең көп таралғандары-қасқалдақтар, сұқсыр үйректер, сұр үйректер мен қызылбасты және қызылтұмсықты қызғыштар, шүрегей үйректер, сиректеу болса да ұзынтұмсықтылар, сұр қаздар, барылдауықтар. Мұнда облысымыздағы бірден бір аққу ордасы орналасқан. Қолайлы жерлерде көл шағалалары мен жалтылдаған шағалалар, кәдімгі қарғалар көптеп мекендейді. Қамыс өскіндерінің арасына аққұтан, ителгілер ұя салған,,әр түрлі қамыс торғайлары көптеп паналайтын жерлер-қамысты бидайықты жерлер, басқа жерге мекен ауыстырған кезендерде мыңдаған қара торғайлар осында тыныстайды. Жағалаудың ашық жерлерінде қаншырлар мен түрлі шымшықтар мекендесе, көлдің шалғынды жанасқан тұстарында сары қаратамақтар, қызғыш құстар, шөпшек құстар, мекен ауыстыру кезеніндегі күржікей құстар мекендейді.
Сирек кездесетін құстардан мұнда ұя салатындары мыналар: бірқазандар, әсем тырналар, сұңқылдауық аққулар, кей уақыттарда шіңкілдеген құстар, қараша қаздар.
Еділ-Жайық өзен аралықтарының бірден-бір қойнауы болып Жайық -Көшім каналының су қоймасы қалып отыр. Құрғақшылық жылдарында Еділ өзенінің бойына қарай қоныс аударған уақытта көптеген құстар ұя салған. Өзенге жанасып жатқан бөліктерде қара, сұр тырналар, бозторғайлар, дала ителгілері мен бүркіттер ұялайды.
Сүтқоректілерден мұнда қабан, киік, қоян, кәдімгі түлкі, қарсақ, дала киігі, кеміргіштердің бірнеше түрлері және басқа топ өкілдері мекендейді. Дала жыландары, секіргіш кесірткелер, жасыл бақалар, көлбақалар, ақ кесірткелер, және тағы басқалары бұл жерге тән. Су қойнауы балық түрлеріне өте бай, оның ішінде сазан, тұңыш, аққайран, көксерке, шортаң тәріздес балықтар.
Қорықшаның ұйымдастырылуы осы аймақтың табиғи байлығын сақтап қалуға септігін тигізіп келеді, дегенмен осы аймаққа жақын орналасқан елді мекендердің суды ластауы, құстардын ұяларын бұзып кетуі, рұқсатсыз аң аулаумен айналысулары құстар мен аңдардың азаюына әкеліп соқтырады. Бұл жағдайды қалыпқа келтіру үшін жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің экологиялық жағдайын реттеу үшін осы аймақтың экологиялық ерекшеліктерін зерттеп біліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізуді талап етеді.
Климаты- жартылай шөлді, континентті. Жазы ыстық болып келеді. Соңғы кезде ауа райының болжамы бойынша температураның өзгеруі байқалған. Қысы қысқа және суық болып келеді. Жылдық жауын – шашын мөлшері орташа есеппен алғанда 200 мл. Жауынның 60% жаз айларында жауады. Жоғары температура болған кезде ылғалдылық көп болады. Қыс мезгілінде қар аз жауады, кейде жылы болады, мұздақтар жиі кездеседі. Жайлы аяздар соғып тұрады.
Көктемгі мезгіл өте қысқа, температура бірден жоғарылайды, артынан лезде жаз түседі. Күн сәулесінің радиясына байланысты жаз айлары өте ыстық, шөл далалы және Орта Азия шөлдерінен кем түспейді. Жазда оңтүстік батыстан және батыстан аңызақ желдер соғады. Жазғы температура кейде қазан айының ортасына дейін созылады. Күзгі мезгіл қарашаның аяғына және желтоқсанның ортасына дейін созылады.
Ландшафты. Қорықшаның территориясына субтропиктік аридті тип ландшафты және құрғақ дала ландшафты тән. Көл Каспий теңізінің төменгі ағысында орналасқан, онда Балықты –Кушум жерінің ландшафт түрі орналасқан және жалғасқан. Бұл ландшафт түрлеріне мына жайылым топтары , мезофилді және гигрофильді топырақ өсімдіктері өседі. Тростник, рогоза өсімдіктері, қамыс, тағы басқа гигрофитті өсімдіктер осы жайылым топырағында кездеседі. Шөлді дала жайылымында ашық каштан түсті және қошқыл топырақ, қаратопырақ, ақшыл қоңыр топырақ кездеседі. Сонымен қатар фитоценоз қауымдастығының бірнеше түрлері кездеседі. Күн түсіп тұрған топырақтарда оның механикалық құрамына байланысты гребенщиктер өседі.
Рельефі. Каспийдің төменгі ағысында орналасқан жері тегіс, жазық рельефімен ерекшеленеді. Жазықтардың көбі оңтүстікке қарай бағытталған, бірақ көзге көпп көрінбейді, себебі бір километрге шаққанда 15-18 см- ден келеді. Сонымен қатар жазықтардың оңтүстікке қарай бағытталуын бірінен соң бірі орналасқан таулы аудандардан көруге болады, солардың бірі Балықты- Кушуммен аяқталады, артынан ең үлкен көл Жалтыркөл көрінеді.