Бюджетпен есеп айырысу аудиті

Скачать

Салықтық төлемдерді есептеу мен төлеу кезінде нормативтік салықтық актілердің және оларға енгізілетін өзгертулердің өте үлкен көлеміне, бухгалтерлік персоналдың біліктілігінің төмендігіне, сату бойынша операциялардың дер кезінде және толық көрсетілмеуіне, салықтар сомасын есептеу кезінде жіберілген арифметикалық қателерге т.б. себептерге байланысты ауытқулар кездеседі.
Салықтық төлемдерді есептеу дұрыстығын тексеру үшін аудитор ең алдымен оларға байланысты терминдерді анық білуі қажет. «Бухгалтерлік табыс» - табыстан ұсталатын салықты шегергенге дейінгі заңды тұлғаның қарапайым қызметі мен төтенше жағдайлардан алған табысы немесе зияны. «Салық салынатын табыс» - салық заңдылығына сәйкес анықталатын есепті кезеңдегі табыс немесе зиян сомасы.
Салық заңдылығы мен бухгалтерлік есеп талаптары арасындағы ерекшеліктерге байланысты бухгалтерлік табыс пен салық салынатын табыс арасында айырмашылықтар пайда болады. Пайда болу себептеріне байланысты оларды 2 түрге бөледі:
- тұрақты айырмашылықтар – ағымдағы жылда пайда болған және келесі есепті жылдарда жойылмайтын бухгалтерлік және салық салынатын табыстар арасындағы айырмашылықтар.
Мысалы: Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметтен 350 000 теңге бухгалтерлік табыс алды. Есепті кезеңде бюджетке 30 000 теңге айыппұл төледі және бағалы қағаздар сатудан 20 000 теңге зиянды қаржылық нәтижеге жатқызды. Бұл шығындар салық заңдылығына сәйкес шегерімдерге жатқызылмайды, демек салық салынатын табыс бухгалтерлік табыстан жоғары болады.
350 000 + 30 000 + 20 000 = 400 000
Себептері: курстық айырмашылықтар, айыппұл, нормадан жоғары іссапар шығындарын өтеу т.б.
- мерзімдік айырмашылықтар – табыстар мен шығындардың кейбір баптарының салық салынатын табысқа жатқызылу мен бухгалтерлік табысқа жатқызылу мерзімдерінің сәйкес келмеуі нәтижесінде пайда болады. Мысалы: 2005 ж. 300 000теңге өнім жөнетілді және төлемі қабылданды. Сондай-ақ 2004 ж. Жөнетілген өнім үшін 180 000 келіп түсті. Шығындарды қарастырайық: 2005ж. Есептеліп, төленгені – 210 000т.
2004ж. Есептеліп, 2005 ж. Төленді – 110 000т.
2005 ж. Бухгалтерлік табыс: 300 000 – 210 000 = 90 000
салық салынатын табыс: 300 000 + 180 000 – 210 000 -110 000 = 160 000
Себептері: табыстар мен шығындарды тану, есептелген, бірақ алынбаған табыс, төленбеген қарыздар.
Бұларды дұрыс анықтай білу үшін аудитор ең алдымен кәсіпорынның есеп жүргізу саясатын зерттейді, яғни табысты анықтау әдісін (кассалық және есепту) амортизациясын мүліктің салықтық есебіне, ТМҚ бағалау әдістеріне, амортизация есептеу әдісіне көңіл бөледі.
Тексеру кезінде қайта есептеу, қарама-қарсы тексеру, операциялардың заңдылығы тұрғысынан тексеру әдістері қолданылады.
Аудиторлық тексерудің жалпы бағдарламасын келесі 5 сызбадан көруге болады.
Осы сызбаға сәйкес тексеру барысында келесі жағдайлар бақылауға алынады:
- салық декларацияларындағы көрсеткіштердің бухгалтерлік есеп мәліметтеріне сәйкестігін тексеру (тексеру декларацияларының әрбір формасы бойынша жүргізіледі
- талдамалық және топтамалық шоттар бойынша салық салу базасы анықталады;
- салық салу базасының қалыптасуына әсер ететін қаржылық-шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс және толық көрсетілуі;
- тауар алмастыру операциялары бойынша тауар бағаларының дұрыс қолдануы;
- заң талаптарымен қарастырылған салық ставкаларының, жеңілдіктердің дұрыс қолданылуын тексеру (НДС 15%, әлеуметтік 15%)
Тексеру нәтижесі бойынша ұсыныстар жасалуы қажет, мысалы: алдағы кезеңге есеп жүргізу саясатына өзгерістер енгізу, негізгі емес қызмет түрлері бойынша шығындарды қысқарту, калькуляция баптарының құрылымын рационализациялау.
Салық тексерулері – салық қызметі органдары жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасы салық заңдарының орындалуын тексеру. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық тексерушілеріне қатысушылар болып табылады.
Арнайы білімді және дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу және консультация алу үшін, қажет болған жағдайларда, салық қызметі органы салықтық тексеруге салықтық тексерудің нәтижесіне мүдделі емес маманды тартуы мүмкін.
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды, ол салықтық тексеру актісіне қоса беріледі.
Салық тексерулерін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.
Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:
1. құжаттық тексеру
2. рейдтік тексеру
3. хронометраждық зерттеу
4. құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
- кешенді тексеру – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын тексеру
- тақырыптық тексеру салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы қорларына және әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалуды және немесе есептеуді:
- банктердің және банк операциялары жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындау
- трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша
- акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша
Салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша тексеру:
қарсы тексеру – егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының салық есебіне дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру
Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын, атап айтқанда:
1. салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы
2. фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарын қолданудың дұрыстығы
3. лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының болуы
4. салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру, сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлеушінің нақты кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен жүргізеді. Хрометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіппен жүргізіледі.
Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға тиіс.
Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.
Салық тексерулері мынадай мерзімділікпен жүргізіледі:
1. кешенді – жылына бір реттен жиі емес
2. тақырыптық – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің белгілі бір түрі бойынша, акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша, сондай – ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау және трансферттік бағалар қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша жарты жылда бір реттен жиі емес.
Шектеулер мынадай жағдайларда қолданылмайды:
Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға және жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатуға байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде, сондай – ақ салық төлеушінің өтініші негізінде қосылған құнға салынатын салық бойынша есептен алып тастаған жағдайда. Бұл орайда тексеру салық төлеушінің өтінішін алғаннан кейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттың қолдалыну мерзімі өтуіне байланысты жүзеге асырылатын құжаттық тексеруді жүргізу кезінде.
Қарсы тексеруді жүргізу кезінде мынадай:
Салық төлеушінің өтініші негізінде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай – ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәніне салық төлеуші мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелері бойынша тақырыптық тексерулер жүргізу кезінде:
- салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға салық төлеушінің шағымын қарайтын органның шешімі негізінде жүргізілетін қосымша тексерулер кезінде.
- нақты салық төлеушіге қатысты уәкілетті мемлекеттік орган басшысының бұйрығына сәйкес жүргізілетін кезектен тыс құжаттық тексеру кезінде, сондай – ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген негіздер бойынша.
Салық тексерулерін жүргізудің мерзімдері
Берілетін нұсқамаларда көрсілетін салық тексерулерін жүргізудің мерзімі, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, нұсқама тапсырылған кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға салық тексеру жүргізген кезде салық тексеруін жүргізген кезде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық органы алпыс жұмыс күніне дейін ұзартуы мүмкін.
Ерекше күрделі мәселелерді тексеру кезінде салық тексеруін жүргізудің мерзімін салық қызметінің жоғары тұрған органы құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлға үшін елу жұмыс күніне дейін, құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін сексен жұмыс күніне дейін арттыруы мүмкін. Ерекше күрделі мәселелер салық қызметінің жоғары тұрған органының салық төлеушіге тапсырады негізделген жазбаша шешімімен расталады.
Салық тексеруін жүргізу мерзімі құжаттарды тапсыру туралы салық органының талаптарын салық төлеушіге беру кезі мен салық тексеруін жүргізу кезінде сұралатын құжаттарды салық төлеушіні табыс етуі аралығындағы уақыт кезеңінде, сондай – ақ салық органының мәліметтер мен құжаттарды сұратып алу кезінде тоқтатылып тұрады.
Салықтық тексеру мерзімінің ішінде халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерге салық қызметі органдарының ақпарат беру және ол бойынша мәліметтер алу туралы сұрау салған кезеңдерінің арасындағы уақыт кезеңінде де тоқтатыла тұрады. Хронометраждық зерттеулер жүргізілудің мерзімі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен хронометраждық зерттеулер жүргізу тәртібіне сәйкес белгіленеді.
Салық тексеруін жүргізу үшін мынадай деректемелерді:
1. нұсқаманың салық органында тіркелген күні мен номерін;
2. нұсқама шығаратын салық органында атауын;
3. салық төлеушінің толық атауын;
4. салық төлеушінің тіркеу номерін;
5. тексеру түрін;
6. тексеретін адамдардың, сондай – ақ осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізуге тартылған өзге де адамдардың лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын;
7. тексеру жүргізілетін мерзімін;
8. құжаттық тексерулер кезіндегі тексерілетін салық кезеңін қамтитын нұсқама негіздеме болып табылады.
Рейдтік тексеру тағайындалған кездегі нұсқамада аумақтың тексерілетін учаскісі, тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер, сондай – ақ осы баптың.
Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің тексерілетін түрі;
- міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және уақытылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелері;
- банктердің және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттемелерді орындау мәселелері;
- трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау мәселелері;
- акцизделген тауарлардың жекелеген түрлері өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері;
- салық төлеушімен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелері көрсетіледі;
Нұсқамаға салық органының бірінші басшысы немесе оны ауыстыратын қол қоюға, ол салық органының елтаңбалы мөрімен расталуға және уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіпке сәйкес арнаулы жупналда тіркелуге тиіс.
Тексеру мерзімі ұзартылған және (немесе) тексеруді жүргізетін адамдардың саны өзгерген және (немесе) тексерілетін салық кезеңі өзгерген жағдайда қосымша нұсқама ресімделіп, онда бұдан бұрынғы нұсқаманың мөрі мен тіркелген күні, осы Кодекске сәйкес тексеру жүргізу тартылатын адамдардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
Салық тексеруін аяқтау
Салық тексеруі аяқталған соң салық қызметі органының лауазымды адамы мыналарды:
1. салық тексеруінің жүргізілген орнын, акті жасалған күнін;
2. тексерудің түрін;
3. салық қызметі органының салық тексеруін жүргізген лауазымды адамдардың қызметін, тегін, атын, әкесінің атын;
4. салық төлеушінің (салық агентінің) тегін, атын, әкесінің атын не толық атауын;
5. салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жерін, банктік деректемелерін, сондай – ақ тіркеу номерін;
6. салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге тексеру жүргізу жауапты басшысы мен лауазымды адамдардың тегін, атын, әкесінің атын;
7. алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
8. тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
9. Қазақстан Республикасының салық заңдарының тиісті нормасына сілтеме жасай отырып, салық бұзушылығының егжей – тегжейлі жазылған сипаттамасын;
10. салық тексеруінің нәтижелерін көрсете отырып, салық тексеруінің актісін жасайды. Салық тексеруінің актісі салық төлеушіге тапсырылған күн салық тексеруі мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.
Салық тексеруінің аяқталуы бойынша салық заңдарының бұзылуы анықталмаған жағдайда, онда бұл туралы салық тексеруі актісіне тиісті белгі қойылады.
Салық тексеруі актісіне қажетті құжаттардың көшірмелері, салық қызметі органының лауазымды адамы жүргізген есеп – қисаптар және салық тексеруі барысында алынған басқа да материалдар қоса тіркеледі.
салық тексеруі актісі кем дегенде екі дана етіп жасалады және оған салық тексеруін жүргізген салық қызметі органының лауазымды адамдары қол қояды.
салық тексеруі актісі салық тексеруі актілері мен хабарламаларын тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі, ол номерленуге, бау өткізілуге және салық қызметі органының мөрімен куәландыруға тиіс.
салық тексеруі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады. салық төлеуші (салық агенті) салық тексеруі актісін алған кезде оны алғаны туралы белгі қоюға міндетті.
Салық тексеруі нәтижелері бойынша шешім
Салық тексеруі актісінде көрсетілген нәтижелер негізінде салық тексеруін аяқтау бойынша салық қызметі органы салық төлеушіге (салық агентіне) жіберілетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары және өсімпұлдар туралы хабарлама шығарады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеуді, осы баптың 5 – тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық қызметі органы бір номермен жүзеге асырады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламада мынадай деректемелер мен мәліметтер:
1. хабарламаны және салық тексеруі актісін тіркеу күні мен номері;
2. салық төлеушінің, тегі, аты, әкесінің аты;
3. салық төлеушінің тіркеу номері;
4. салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомасы;
5. төлеу туралы талап және төлеу мерзімі;
6. тиісті салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың деректемелері;
7. шағым жасау мерзімі мен орны болуға тиіс;
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың есептелген сомалары туралы хабарламаны алған салық төлеуші, егер салық төлеуші салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасамаса, онда хабарламада берілген мерзімде орындауға міндетті.
Егер салық тексеруінің аяқталуы бойынша хабарлама шығарылмайды.
Камералдық бақылау – салық төлеушілер берген салық есептілігін және басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы жүзеге асыратын бақылау.
Камералдық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Салық органы салық есептілігін қателіктер тапқан, салық есептілігінде келтірілген мәліметтердің арасынан қайшылық табылған, сондай – ақ шағын бизнес субъектілері үшін көзделген щарттарды асыра пайдаланған кезде салық Кодексінің 31 – бабына сәйкес салық төлеушіге жіберілген қателіктерді өз бетінше жоюы үшін, сондай – ақ салық салудың жалпыға бірдей берілгеннен тәртібіне көшуі үшін хабарлама жіберіледі.
Салық төлеушілер моноторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау жіне тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, қаржы, валюта заңдарын, қолдалынатын нарықтық бағаларды сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы – шаруашылық қызметін байқау жүйесін қолдану жолымен жүзеге асырылады.
Электронды мониторинг осы баптың бірінші тармағында белгіленген, электрондық, цифрлық қолтаңбамен расталып, электрондық құжат нысанында ақпарат беретін мониторинг түрі.
Салық төлеушілердің мониторингі республикалық және аймақтық деңгейде жүзеге асырылады.


Скачать


zharar.kz