Өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп

Скачать

Бухгалтерлік есеп
Тақырып № 1 Өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есептің негізгі принциптері.
1.Бухгалтерлік есептін міндеттері
2. Шаруашылык субъктісіндегі бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі қағидалары
3.Бухгалтерлік есептін заны және бухгалтерлік есеп стандарттары.

1 Сұрақ.
Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өндеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны баскару ұшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады.
Бухгалтелік есептін негізгі мақсаты- барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке аланып, олардың қазіргі күнгі уакыт талаптарына сай орындалуына, ягни жузеге асырылуына бақылау жасау.
Бухгалтерлік есептін негізгі бағыты- кәсіп орындағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ынғайлы болуына реттеліп жүргізіледі. Кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олародың зандылығы, шығындардың орынсыз жұмсалынбауы, материалдық құндылықтардың қатаң тәртіппен ұқыпты да тиімді жұмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есептің негізгі міндеті- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жумысын жургізу.

2 сұрақ.
Қазахстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъктілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Қазахстан Республикасында комерциялық ұйымдар заң актімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден , мемлекеттік кәсіпорындардан және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылык операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындалған кезде оның зандығын сактауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.Құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін қажет ақпараттармен, субъктінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторларға, жабдықтаушыларға,сатыпалушыларға, кредиторларға, мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға бухгалтерлік есептің стандартарына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кеде субьекті мына жайларды камтамасыз етіуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен кейбір шаруашылық оперцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгемейтінідігі, 1 БЕС белгіленген ережесімен сәйкес келетіндігі;
- қаржылық міндетемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік кезенде жүзеге асқан барлық шаруашылық оперцияларының есепте толығымен қөрініс табуы
- тиісті есептік кезеніне шығыс пен табыстың дұрыс жаткызылуы;
- әрбір айдың басына синтетикалық шоттары бойынша калдығы, аналитиқалық есептін айналымымен сәйкестігі сақталуы керек


3 сұрақ.
Бухгалтерлік есеп стандартары дегеніміз кәсіпорындағы есеп жұмысын жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып табылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты, қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданыска ( күшіне ) енген уақыты және мазмұны болады.
Максаты Бүл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы ( орны) . Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа ( күшіне) енген уакыты. Стандарттың қай уакыттан бастап күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бүл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайндаудың халыкаралық комитеті жасап шығарады.Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негізі мақсаты- мына төмендегілерді орындай отырып каржылық есеп беруге қол жеткізу:
-Қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
-ақпараттық жүйені құру принциптері;
-осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
-қаржылық есеп берудің элементтері;
-өлшеу және мойындау критериялары.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру « Бухгалтерлік есеп занына» , Типтік шот жоспарына және Қазахстандық бухгалтерлік есеп стандартарына сәйкес жұргізіледі. Қазахстан Республикасының бухгалтерлік есеп стандарттарына бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі аныкталған:
- есептеу;
- үздіксіз( ұдайы) ;
- түсініктілік;
- мәнділік;
- маныздылық;
- сенімділік;
- әділетті әрі тура көрсету;
- бейтараптық;
- сақтық
- толықтылық;
- салыстырмалық;
- дәйектілік.





Тақырып№2. Субъектінің есеп саясаты.

1 сұрақ . Есеп саясатының ашылымы мен түсінігі және құрылуы.

Қазахстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің кұрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік- құқықтық құжаттарда белгіленген.
Оларды жүзеге асыру барысында нақты кәсіпорынның есептік саясаты келесідей жорамалдардан алынғаны жөн:
-кәсіпорын өз мүлікімен өзімен-өзі болушылығы.
-толлассыз қызметі ( есеп саясатының мәселесі бойынша қандайда бір қабылданылатын шешім, кәсіпорын өз кызметін болашақ кезенде тоқтатпайтындығы немесе кызметмасштабын кысқартпайтындығы басшылыққа алынуы керек).
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелігі.
- шаруашылық кызметіндегі фактілердің мерзімділік анықтылығы.
- Пайдаланатын есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы- кәсіпорынның кызметін барынша пара-пар көрсету, іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қалыптастыру.
Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; техниқалық деп осы әдістемелік синтетикалық шоттарында көрсету сызбасы, есеп регистрлерінде осы әдістің қалай жүзеге асқандығын айтады.
Кәсіпорын бухгалтерлік есептің келесідей ережелерін өз бетінше шешуіне болады;
- келіп түскен негізгіқұралдар объектісін бағалау- БЕС №6.
- Негізгі құралдардың амортизациясы, негізгі құралдарды жөндеу
- Негізгі құралдарды жөндеу.
- Материалдық емес активтердің амортизациясы
- Болашақ кезеңнің шығыстары
- Алдағы шығыстар мен төлем резервтері
- Күмәнді қарыздар бойынша резервтері.
- Қаржылық инвестиция
- Табысты тану
- Материалдардың есебі.
- Басқарушы есеп.
- өндіріске кеткен шығындар мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
- үстеме шығыстарын есептеу және тарату
- мүліктермен міндеттемелерді түгендеу.
- Бухгалтерлік есеп нысаны.
- Нақты ( іс жүзінде) пайдаланатын шоттар жоспары.
- өндіріс ішіндегі есеп беру.
- Есепті орталықтандыру денгейі
- Ішкі өндірістік бақылау.





2 сұрақ . Есеп саясатын дайындау

№ 1 Бухгалтерлік есеп стандартында бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясатынын түсінігін және құрылымы ашылу тәртібі көрсетілген.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаум- ен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналы


Скачать


zharar.kz