Туризмді дамытуға негіз қалануда

Скачать

Туризмді дамытуға негіз қалануда


Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді.
Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Экономика саласында кластер дегеніміз экономиканың бір саласына жататын, бір-біріне салалас жақындығы бар кәсіпорындар, ғылыми орталықтар, университеттер тобы. Бір кластерге кіретін кәсіпорындар мен үйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Туристік кластер — туризм индустриясы, онда негізгі қозғаушы күш — мемлекет тарапынан қолдауды қажет ететін туристік ұйымдар.
Біздің облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер қызметі арасында енді-енді жанданып келе жатқан сала. Туризм қазіргі заманда Қазақстан экономикасының ең перспективті саласы болып табылады. Аталған сала ідамудың дұрыс өзгерістерінен өтсе, онда ол саудаға , облыстық бюджетке де үлкен кіріс алып
келер еді.
Жамбыл облысы мәслихатының 2006 жылғы мындағы №17-9 шешімімен «Жамбыл облысында туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты — қазіргі заманғы тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік кешен қүру және оны жоғары кірісті экономика секторына аиналдыру болып таоылады.
2006 жылдың 30-шы наурызындағы №89 облыс әкімиятының Қаулысымен туристік кластерді құру және дамыту оойынша облыстық үйлестіру кеңесі құрылды. Үйлестіру кеңесінің басты міндеті — бизнес пен мемлекеттік органдар арасында мәселені бірігіп шешу үшін диалог орнату, ғылыми-техникалық және инновациялық сала, сол сияқты ғылыми мекемелер, зерттеу орталықтарымен шаруашылық субъектілері арасында ынтымақтастық болуына ықпал ету. Туристік кластердің негізгі қатысушыларының баиланысын қарастыра келе анықталған нәрсе — туристік кластер ядросы, Жамбыл облысына шет елдер туристерінің келуін қамтамасыз ететін аумақтағы туристік ұйымдар болып табылады. Қонак үйлері. демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты.
Қазіргі таңда облыста 14 туристік фирма туроператорлық және турагенттік қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия алған. Бұл фирмалардың барлығы Тараз қаласында орналасқан, кеңселері бар, штаттары толық. Туристік компаниялар көлемді спекторлык қызмет керсетеді. Алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдап және оларды орналастырады. Қазақстан пансионаттарында демалдырады және емдейді. Қазақстандағы тарихи орындарға саяхат жасайды. Туристік үйымдармен Жамбыл облысының аумағы бойынша бірнеше тамаша бағыттар өңделді. Бүлар «Ежелгі Тараздан жаңа заманға», «Қарлы шыңдардан, құмды төбешіктерге», «Көксай» шатқалдары деп аталады.
Облысымызда туристердің қызығушылығын танытатын тарихи ескерткіштер, мәдени-тарихи ғимараттар саны көп. Аймақтың табиғи мүмкіндігі жоғары аң, балық аулайтын орындары бар.
Облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, кіріс туризімін дамытуға өте колайлы, табиғи ресурстарға бай өлке. Бұлар: бос алқаптар, алқаптағы көлдер, Шу өзені, биіктігі төмен Қаратау беттері, биіктігі орташа Қырғыз тауының, жоғарғы биіктіктегі Талас, Алатау беткейлері. Осы уақытқа дейін ешкім тимеген табиғи орындары, сонымен қатар 4 (төрт) қорғауға алынған жерлері бар. Солардың бір тобы — Жуалы ауданындағы Берікқара кешені, Андасаи мемлекеттік табиғи аймағы, Қарақоңыз мемлекеттік табиғи аймағы, Жусандала мемлекеттік табиғи аймағы. Табиғи ресурстарды туристік бағытта қолдану, тұрғылықты халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету арқылы жоғары нәтижелі туристік инфрақұрылымды құруға мүмкіндіктер туғызады. Мысалы, «Кексай» шатқалында «Көксай-Төңкеріс» экологиялық туризм жобасының іске асырылуы аймақтағы адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге және ол жерді туристік мақсатта қолдануға мүмкіндік берер еді. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан тарихи ескерткіштер көп. Бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес, әлемдік мәдениетке туризмнің тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық. ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді. Ол жерлерде облыс тұрғындарына, қажетті таза ауа бар және де табиғаттың сұлу көрінісін тамашалауға болады. «Теріс-Ащыбұлақ» су қоймасы, «Балқаш» және «Билікөл» көлдері өздерінің бай табиғаттары бар болғанымен қазіргі заман талабына сай демалыс орталықтары жоқ.
Облысымызда 4 профилакториялық-санаторий және 10 қонақ үй бар. Тараз қаласында шетелдік қонақтарды қабылдайтын 3 қонақ- үй бар. Олар — "Тараз", "Жамбыл" және "Газовик" қонақ үйлері. Бұлардың ішінде "Жамбыл" қонақ үйі ғана «ИСО 9000» жүйесінің сертификатына байланысты қона үйге модернизациялык техникалық жұмыстары жүргізген.
Туризмнің дамүы көліктік инфрақұрылымның дамуымен тығыз байланысты. Бұның басты факторь тасымалдау көлемінің ұлғаюы және ішкі туризм саласының дамуы. Ұлттық тасымалдаушы ретінде «Қазақстан темір жолы» қолдау көрсету арқылы 200 жылдан бастап, алғашқы қадамын жасап, арнайы поезд «Жібек жолы» бағытын ұйымдастырды. Олар— Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек-Рыбачье-Алматы бағыттары.
Жамбыл облысы өкімиятының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің алдында облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша шешілуін қажет ететн біраз мәселелер тұр. Мысалы, облыс аумағында туристік орындарда жол жағдайы нашар, кей жерлерде мүлдем жолдың жоқтығы алаңдатады. Туристік орталь «Берікқара» және «Көксай» шатқалы Жуалы ауданында «Мақпал», «Шал су» шатқалдары, Т. Рысқұло ауданында А. Марғұлан атындағы археологиялық институт ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Байзақ ауданында «Ақыртас» ежелгі қалашығының орнында қазба жұмыстарын жүргізбекші. 2009 жылы ашық аспан астында ашық музей құру жоспары бар. Осыған байланысты аталған орынға асфальт жол салу қажет.
Туристік салада қызмет керсететін кәсіпкерлерп кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті тарапын қолдау көрсетілуде. Жыл сайын Алматы қаласын, Қазақстанның халықаралық КІТҒ туристік жәрмеңкесі өткізіледі. 2005 жылы КІТҒ жәрмеңкесіне әлемнін 23 мемлекетінен 200-ден аса компания қатысқа Облыс өкілдері екі жыл қатарынан КІТҒ қазақстандық халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына белсе қатысуда. Бұл жәрмеңке Орта Азия елдері арасындаі ірі жәрмеңкелердің бірі болып табылады. 2003 жылдың қаңтар айындағы «Қазақстан турист» ЖШС-Мадрид қаласындағы халықаралық туристік жәрмеңке жұмысына Қазақстан өкілдері құрамында қатысты Туризм саласы үшін басты мәселелердің бірі — мамандардың тапшылығына байланысты оқу курстарын ашу, гид-экскурсовод, гид-жүргізу туристік жол бағыттарының гиді мамандарын дайындау
жұмысын жүргізу назарға алынып отыр.
«Жамбыл облысындағы туризмді дамытудың болашағы қандай?» деген сұрақ қойылуы мүмкін Мысалы, Алматы қаласында «Шымбұлақ», «Қапшағай» «Шарын» немесе Шымкентте Ақсу Жабағылы қорығы, Түркістан бар. Олардың тұрғын саны көі және қаржы мүмкіндіктері де мол. «Даму консалтинг» ЖШС-нің (Тараз қаласы) жүргізген зерттеуіне сәйкес Жамбыл облысы Қазақстан облыстары арасында (біздің облысымыздың аумағы арқылы Қазақстанның ірі облыстарымен байланыстыратын автомагистраль және темір жолы өтеді) халықтың тығыз орналасқан облыстарының бірі болып табылады. Яғни, ішкі туризмді қамтамасыз ете алады. Мысалы, басқа да облыстардың тұрғындарын өз облысымызға туристер ретінде қабылдауға болады.
Туризм саласымен тығыз байланыста жатқан басқа салалардың дамуына негізделген туристік өнімнің кешенді түрде іске асырылуы ( тр


Скачать


zharar.kz