Әлеуметтік-демографиялық процестердің бағасы

Скачать

Халық саны – нақты территорияда нақты бір уақытта өмір сүретін адамдар жиынтығын білдіреді.
Уақыттың әрбір кезеңінде халық саны өткен, сол сияқты болашақтағы уақыт кезеңі сияқты халық санынан ерекшеленеді. Ағымдағы уақытта бұл кезеңдердің арасында олардың ұдайы өндіріс пен сыртқы миграцияның әсерінен халық саны өзгеріске ұшырап отырды. Бұл өзгеріс динамиканы сипаттайды: халық саны жоғарыласа көтеріледі, ал халық саны қысқарса төмендейді. Бұл динамика өсу немесе көбею темпімен, сондай-ақ ағымдағы уақытта халық санының көтерілу немесе төмендеуінің абстактілі санымен өлшенеді.
Санақ тәжірибесінде халық санын 2 категорияға бөлуге болады:
1. Нақты халық саны – белгілі бір аймақта тұрғын үйде уақытша және одан тыс тұратындарды қоса алғандағы санақ жүріп жатқан кезеңдегі адамдар.
2. Үнемі тұратын халық саны – белгілі бір аймақтағы халық санағы кезеңіне уақытша қатыспаған үнемі тұратын халық саны.
Б) Халық санының өзгеруі
Қандай да бір халық ол елде болсын, ауданда болсын демографиялық процестердің өзгеруі (саны, құрамы, орналасуы) әсерінен үздіксіз пайда болады. Халық санының өзгеруі табиғи масштабтар мен миграциялық қозғалыстарға тәуелді. Екеуі де демографиялық динамиканың компоненттері болып табылады. Табиғи өсім (кему) мен миграциялық өсім (кему) халық санының жалпы өсімін (кему) құрайды.
В) Халық құрылымының өзгеруі
Тек халық саны ғана өзгеріп қана қоймайды, сондай-ақ оның құрылымы да жаңарып отырады. Халық құрылымы – мүлде оның құрамының синонимі емес. Құрам – бұл номенклатура, дәлірек айтқанда адамдар жиынтығы ретінде құралатын элементтер саны. Демографиялық құрам өзіне халықты еркек және әйел, сондай-ақ адамдардың әртүрлі жоспарларына қарай бөлінуін қамтиды. Жасы бойынша дифференциалданған халық саны топтар бойынша бөлінуі мүмкін. Мысала, мұндай сапалы белгілеріне сәйкес еңбек қабілеттілігі ретінде халық санын 3 топқа бөлуге болады:
1. Еңбекке қабілетті жастар;
2. Еңбекке қабілетті;
3. Жасы улкен еңбекке қабілеттілер.
Халық саны топтарға және сапалы белгілері бойынша бөлінуі мүмкін. Әдетте, халық санын жынысы, жасы бойынша бөлу топтық жас шамасы бір (жас шамасы әрқайсысы үшін жеке жыл) және 5 жыл болады. Соңғысы стандарттық топтастырылуға беріледі: 0-4 жыл, 5-9 жас, 10-14, 15-19 және т.б. 0-4 жылдағы топ өзіне жаңадан дүниеге келген барлық балалар мен5 жасқа дейін өмір сүрген балалар жатады.
3.2. Миграция.
«Миграция» термині («migratio» латын сөзі) ауыстыру немесе орын (қоныс) ауыстыру деген мағнаны білдіреді. Ауыстыру немесе қоныс ауыстыру – синонимдер емес. Ұзақтылық, жүйелілік және мақсатты бағыттарынан тәуелсіз әртүрлі халықтық пунктердің бір немесе бірнеше әкімшілік-территориялық бірліктері арасында пайда болатын территориялық ауысу «миграция» сөзінің кең түрдегі мағнасы.
Тар көлемдегі «миграция» сөзінің мағнасы территориялық ауысудың, яғни қоныс аударудың аяқталған түрін білдіреді. Қоныс аудару 2 шартқа жауап беруі тиіс: біріншіден, халық халықтық пунктер арасында ауысады; екіншіден, ауысу үнемі тұратын тұрғындардың міндетті алмасуымен қоса жүреді.
А) Миграциялық процесс
Миграцияның әртүрлілігін есепке ала отырып, оның жалпы көрініс ретінде бірнеше миграциялық потоктардан (түйдек) тұратынын айтуға болады. Миграциялық поток – бұл мигранттар санының жиынтығы. Ол дәл бөлімдегі уақыт ағымында келіп және кететін жалпы территорияны иеленеді. Бұл миграция бағасының бір көрсеткіші болып табылады.
Сондай-ақ, миграцияның мобильділік немесе миграцияның жылжу термині жиі қолданылады. Оны халықтық миграция синонимі ретінде түсіну керек. Бірақ «миграция», «жылжу» түсініктерінің ерекшеліктері бар. Миграция – бұл нақты құрылған және халық саны ауысуының статистикалық белгіленген фактіні (шындық) білдіреді, ал миграциялық мобильділік – бұл халықтың тек миграцияға қабілеттілігі.
Адамдардың өзі тұрып жатқан орнынан жаңа орынға дейінгі тұруға ниет білдіретін адамдар іс-әрекеттерінің тізбектелуін процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылымда миграциялық процесс термині қолданылады. Ол 3 сатыдан тұрады: 1-саты – алғашқы 2-саты – негізгі 3-саты – қорытынды.
Б) Миграцияның жіктелуі
Миграцияның жіктелуі:
1. Географиялық белгі негізінде миграцияны 2 негізгі типке бөлуге болады. Миграцияның 1-типі – сыртқы (халықаралық) және ішкі (мемлекет ішілік). Сыртқы миграция миграцияның 2 класына бөлінеді: континент аралық және континент ішілік.
2. Миграцияның құрылымдық қатынасында жасы, жынысы, этникалық, отбасылық, генетикалық, біліктілік, квалификациялық және т.б. қолданылады.
3. Мигранттың жаңа орынға немесе еңбек жағдайына байланысты келу уақыты бойынша миграцияны 2 негізгі түрге бөліп қарастыруға болады: үнемі (қайтарымсыз) және уақытша (қайтарымды).
4. Миграция мақсат бойынша экономикалық (еңбектік және коммерциялық) және оқулыққа қарай бөлінеді.
5. Қабілеті бойынша миграцияға қатыстыру, ол 3 типтен тұрады: өз еркімен, еріксіз және мәжбүрлі.
6. Заңдылық дәрежесі бойынша миграция 2 типке бөлінеді: ресми және ресми емес.

3.3. Демографиялық жағдай және демографиялық болжам.
А) Демографиялық жағдай
Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір территорияда олардың қарқыны, белгілі бер кезең мен зардаптардың нәтижелерінен өтетін демографиялық процестердің (туу, өлім, миграция, неке, ажырасу) құрама сандық сипаты мен сапалы бағасы.
Мұндай түсінікке сәйкес демографиялық жағдайдың сипаты элеметтердің 3 тобын қамтиды:
1. Халықтың жастық-жыныс құрылымынан құрылған сандарының статистикалық бағасы мен оның ұдайы өндіріс параметрі.
2. Халықтың саны мен құрылымын қалыптастыратын демографиялықпроцестердің динамикасын талдау.
3. Қарқынды болжау және олардың демографиялық зардаптарын бағалау.
Демографиялық жағдай сипаты демографиялық процестердің сандық көрсеткіштерімен және сапалық бағасымен шектелмейді. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес бағытталған жағдайлардың өзгеруі десографиялық саясат тақырыбы болып табылады.
Б) Демографиялық болжам
Демографиялық жағдай сипатының ажыратылмайтын бөлігі халық саны мен оның құрылым динамикасының көзқарасымен олардың қарқыны мен баға зардаптарынан құрылған болжам болып табылады. Мұндай болжамның мақсаты – міндетті түрде белгілі шаралардан қашу үшін мүмкін болатын қолайсыз және қауіпті зардаптардың көрінісі.
Қарқындардан құрылған баға зардаптарына қатысты сұрақтарды қарастырайық:
Бірінші және ең басты зардабы – тек халық жалпы саны ғана емес, сондай-ақ оның еңбек потенциалының қысқаруы, яғни еңбекке қабілетті жас шамасындағы контингенттер.
Екінші маңызды зардап – бұл жоғары жастағы халықтар арақатынасының жас өспірімдер үлесінің төмендеуі мен жасы үлкен адамдар үлесінің жоғарылауы есебінен өзгеруі.
2005-2007 ЖЫЛДАРҒА БОЛЖАМДЫ НӘТИЖЕЛЕР
Сыртқы экономикалық қызмет.
1. 2005-2007 жылдары экспорттың өсуі жылына шамамен 8 пайызға жеткізу болжамдануда.
2. 2007 жылы 2004 жылмен салыстырғанда импорттың өсуі 7 пайызды құрайды.
3. 2007 жылы 2004 жылмен салыстырғанда сауда балансының оң жақты сальдосы 2 есеге көбейеді.
Адами капиталды дамыту. Білім беру.
1. 2007 жылы мектепке дейінгі мекемелердің санын 28,2 мың адамдық контингентпен 222 бірлікке жеткізу;
2. 2007 жылға дейін 6 жаңа мектепті іске қосу, оқушылар контингентін 5,1 пайызға арттыру;
3. Мектебі жоқ елді мекендерді орта жалпы білім беру мекемелерімен қамтамасыз ету;
4. 76 апатты жағдайдағы мектептерді алмастыру жоспарланды.
5. Үш-төрт ауысымда сабақ жүргізілетін 29 мектепке кеңейту мақсатында күрделі жөндеу жүргізу;
6. 329 типтік емес мектептерге қосымша құрылыстар салынып, олардың оқушы орнымен қамтамасыз етілуін есептік нормативке жеткізу;
7. 2007 жылы алғашқы кәсіби білім беретін маман кадрларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты 2004 жылмен салыстырғанда 7,1 пайызға арттырып, олардың санын 4,5 мың адамға жеткізу, ал орта кәсіби білім беретін мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс 9,1 пайызға артып, олардың саны 2,4 мың адамды құрайды;
8. 2007 жылға дейін мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының санын өзгеріссіз қалдыру, яғни 3 ЖОО, ал олардағы студенттер санын 2004 жылғыдан 10,4 пайызға арттыру жоспарланды.
Халықтың әл-аухатын арттыру
1. Жалданып істейтін жұмысшының орта атаулы жалақысы 2007 жылы 26316 теңгені құрап, 2004 жылғыдан 59,6 пайызға артады, нақты жалақы мөлшері 2006 жылмен салыстырғанда 23 пайызға артады деп болжанды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту және орташа тапты құру
1. 2007 жылы кәсіпкерлік құрылымдарының саны -120 мыңға жеткізу жоспарланды, бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 10,8% –ға артық.
2. Шағын бизнес құрылымдарындағы жұмысшылар саны 2004 жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артып 324,5 мың адамды құрайды.
3. Тауар өткізу мен қызмет көрсету көлемі 435 млрд.теңгеге, оның ішінде 2005 жылы өткізуден түскен табыс - 136,3 млрд. теңге, немесе 2004 жылғы көрсеткіштен (128,5 млрд.теңге) 6,1 % -ға арттыру жоспарланды.
4. 2007 жылы салық түсімдері 2004 жылмен салыстырғанда 21 % –ға арттыру көзделген.
5. 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды.
Еңбекпен қамту және еңбек ресурстарын дамыту:
1. 2007 жылы экономикада еңбекпен қамтылғандардың санын 935,9 мың адамға жеткізу және 2004 жылмен салыстырғанда 39,7 мың адамға арттыру, оның іішінде өз-өзін еңбекпен қамтығандарды 23,3 мың адамға арттыру жоспарланды, немесе олардың саны 517,7 мың адамды құрайды, бұл жалпы еңбекпен қамтылғандардың 55 пайызы.
2. 2005-2007 жылдары 36 мыңнан аса адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жопарланды, бұл 2007 жылы жұмыссыздар санын 75,2 мың адамға, жалпы жұмыссыздық деңгейін 7,4 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.


Кедейшілікті азайту және әлеуметтік қорғау
1. 25 мың адам кедейшішілік қатарынан шығады, кедейшілік деңгейі 2,6 дейін қысқарады деп жоспарланды. пайызға
2. 2007 жылы атаулы әлеуметтік көмек шығыны 730,1 млн. теңгені құрайды, немесе 28 пайызға қысқарады деп жоспарланды.
Денсаулық сақтау
1. 2007 жылға дербес амбулаторлық-емханалық ұйымдардың санын 1,7 пайызға, ауруханалық ұйымдарды 4,4 пайызға, фельдшерлік пункттерді 4,3 пайызға, фельдшерлік-акушерлік пункттерді 0,5 пайызға арттыру жоспарланды.
2. 2005-2007 жылдары келесі денсаулық сақтау нысандарын: облыстық балалар ауруханасын, 3 - орталық аудандық аурухананы, 4 - туберкулез диспансерін, 7 - ауылдық дәрігерлік амбулаторияны, 5 - ауылдық учаскелік аурухананы, 2 - тері-венерологиялық аурулар диспансерін, балалар емханасын, әйелдерге кеңес беру мекемесін іске қосу жоспарланды.
Мәдениет, туризм және спорт
1. Мәдениет ұйымдарының санын 11,1 пайызға, оның ішінде мемлекеттік ұйымдарды - 10,9 пайызға, мәдени-демалыс ұйымдарын 10,5 пайызға, кітапханаларды - 11,5 пайызға арттыру жоспарланды.
2. Спорттық кешендер санын 0,3 пайызға, спорттық клубтарды 25 пайызға, балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектептерінің санын 5 пайызға және кәсіпқой спортшылардың санын - 14,3 пайызға арттыру жоспарланды.
Инвестициялық сала
1. Әлеуметтік кешендердің құрылысына мемлекеттік (республикалық және облыстық бюджеттер есебінен) инвестиция қаржыларының басым бөлігінің бағытталуы сақталады.

2. 2005-2007 жылдары әлеуметті кешендердің құрылысына мемлекеттік инвестициялардың:
білім беруге – 9120,37 млн. теңге;
денсаулық сақтауға – 5932,41 млн. теңге;
су құбырларына – 4139,78 млн. теңге жұмсау қарастырылады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
1. 2005-2007 жылдарды тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру
көздерінен 37,6 млрд. теңге бағытталады.
1. 1,7 млн.шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, пәтерлер саны
21352 бірлікті құрайды.
Индустриялық-инновациялық даму
1. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2007 жылы 153,6 млрд.теңгеге жеткізілетін болады, өнім көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 12,1 %–ға ұлғаяды.
2. Орта есеппен алғанда жылына өнеркәсіп өндірісінің дамуы Стратегиялық жоспарда белгіленген 4-6 % қарқынында болады. Бұл ретте, болжамданған кезеңде кен өндіру өнеркәсібі қазіргі кездегідей мейлінше жоғары қарқынмен дамитын болады.
3. Қолда бар өндірістік қуаттар есебінен өндірістің өсу мүмкіндіктерін пайдаланып бітуіне байланысты, өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда төменірек болады. Басымды міндеттердің шешілуі, болжамдау кезеңінің соңында өз нәтижесін береді.
4. Электр энергиясын, газ және су өндіру өндірісінің өсуі және оларды тарату жалпы экономикалық даму қарқынына барабар болады.
5. Погрессивті технологиялар мен халықаралық сапа жүйесін енгізу, өнімнің жаңа түрлерін игеру есебінен өнеркәсіптің бәсекелестікке қабілеттілігі артпақ.
Агро азық-түлік саясаты
1. 2007 жылы ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемін 2004 жылмен салыстырғанда - 26,0%-ға, оның ішінде егін шаруашылығының өнімі – 31,7%-ға, мал шаруашылығының – 8,8%-ға арттыру жоспарлануда.
2. ауылшаруашылық өнім көлемін 2004 жылғы 4,5%-дан 2007 жылы 6,3%-ға дейін өсіру қарқыны жоспарлануда. Сонымен, егін шаруашылығының өнімі мал шаруашылығы өнімімен салыстырғанда 3,6 есеге өседі.
3. 2007 жылы шитті мақта өнімінің көлемі 415 мың тоннаға дейін өседі. Жүгері, майлы дақылдар үлесі де өседі, бұл құрама жем мен өсімдік майы өнімінің өсуіне әсерін тигізеді.
4. Мал шаруашылығы өнімін шығаруда орташа жылдық өсім 3,0% болады деп жобалануда. Ет (сойылым салмағында) және сүт өнімдерінің өсу қарқыны жоспарлануда.


Скачать


zharar.kz