Азаматтық құқықтың сақталуы басты міндет

Скачать

Азаматтық құқықтың сақталуы басты міндет



Халқымыздың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы "Тәртіпке бағынған құл болмас" деген екен. Кез-келген тәрбиенің бастауы тәртіпте жатыр. Сондықтан да дана халқымыз шектен шыққан есерге ес кіргізіп, тентекті тезірек тезге салып отырған. Және бұл бір ғана адамның немесе бір ғана отбасының ісі деп емес, бір рулы елдің, бүкіл ауылдың міндеті деп білген. Оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай созылып жатырған ұшы қиыры жоқ қазақ даласында билер алқасы, ақсақалдар кеңесінің рөлі зор еді. Басы дауға қалған кез-келген жан тура бидің алдына барып, әділ шешімін тауып отырған. Ел арасына ылаң салған сотқарларды да дер кезінде жөнге шақырып, тәртіпке келтіріп отырған. Сол замандардың куәсі ретінде "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның "Жеті жарғысы" сынды заң нормалары сақталып келген. Бүгінде сол "Жеті жарғы" тәрізді тәуелсіз Қазақстанның өз Ата Заңы бар. Ата Заңымыз бойынша "Мемлекетіміздің ең құнды қазынасы - халық" екені баршаға аян.
Маңғыстау облысы ҚАЖ комитеті басқармасына қарасты түзеу мекемелерінде түрлі дәрежедегі қылмыстары үшін адамдар жазасын өтеуде. Біреуі алаяқтық, екіншісі зорлық, үшіншісі кісі өлтіргені үшін жауапқа тартылған.
Жазасын өтеп жатырғандар да – біздің қоғамымыздың бір мүшесі. Демек, олардың да азаматтық құқықтары сақталуы тиіс. Жалпы республикамызда қылмыстық-атқару жүйесін қалыптастыру процесінде көптеген мәселені шешу көзделген. Олардың ең маңыздысы осы сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Жазасын өтеушілер қоғамнан оқшауланып, сыртқы өмірмен мүлдем байланыссыз қалады деу – қате. Олардың заңды құқықтары мен мүдделері бар және өзінің құқығы, міндеті туралы ақпарат алуға, жоғары орындарға арыздануға мүмкіндіктер қарастырылған.
Олармен психолог-мамандар жұмыс жасайды. Әсіресе, бірінші рет сотталғандармен әңгіме-сұхбат жүргізіліп, колония тіршілігіне бейімделуі бақыланады.
Жасыратыны жоқ, олардың ішінде әріп танымайтындары кездеседі. Мектеп табалдырығын аттамағандарды оқытып, білім беретін мектеп жұмыс жасайды.
Осыған байланысты Маңғыстау облыс бойынша ҚАЖК басқармасына қарасты түзеу мекемелерінде, ҚР Қылмыстық-атқару Кодексінің 108 бабы бойынша, 30 жасқа толмаған сотталғандардың міндетті түрде орта білім алуы ұйымдастырылған. ГМ-172/1 мекемесінің кешкі мектебінде (2007-2008 оқу жылдары)- 307 сотталған адам мемлекеттік тілде және ресми тілде білім алуда. Мамандығы жоқтар кәсіптік училищеде оқи алады.
Сонымен қатар ГМ 172/1 мекемесінде ПТШ-018 қызмет істейді. ПТШ-018 кәсіптік-техникалық мектебінде мамандандыру бойынша барлығы 200 сотталған білім алып жатыр. Оның ішінде ГМ 172/1 мекемесінде мамандыру бойынша 150 сотталған оқып білім алса, ГМ 172/8 мекемесіндегі ПТШ-018 филиалында - 50 сотталған мамандандыру бойынша оқып білім алуда.
Олар мынадай мамандықтарды оқып-үйренуде:
- өндірістік құрал-жабдықтарды электрлеу тобы бойынша – 50 адам;
- мұнара қраншылар тобы бойынша – 75 адам;
– жалпы жөндеу шеберлері тобы бойынша – 75 адам.
Сотталғандардың мамандықтары бойынша қызметке орналасуын «Еңбек-Ақтау» РМК қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖК басқармасына бағынышты түзеу мекемелерінде рухани, діни тәрбиеге зор маңыз берілген. Олардың қай дінді болса да ұстануына шектеу қойылмайды. Түзеу колонияларының жанынан арнайы мешіт, ғибадат орындары жасақталған. Мекемеде кітапхана, медициналық көмек көрсету орталығы, мәдени шараларды өткізуге арналған зал жұмыс жасайды.
Басқармаға бағынышты мекемелердегі жазасын өтеп жатқан сотталғандармен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру ӘдМ 21.10.04 жылғы № 305 -ші бұйрығына және ҚАЖ комитетінен келіп түскен нұсқаулардың талаптарына сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылды.
22 наурызда ұлттық мерекеміз «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы» мерекесі атап өтілді. Басқарма мен оған бағынышты мекемелерде ою-өрнектермен әшекейленген ағаш үйлер тігіліп, сотталғандар мен қызметкерлер арасында ұлттық, спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.
1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні», 9 мамыр – «Жеңіс күні», мерекелеріндеде облысымыздың барлық түзеу мекемелері бөлімшелерінде мерекелік іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылды, оған Ұлы Отан соғысы ардагерлері және ҚАЖБ ардагерлері шақырылып, мәдени және спорттық іс-шаралары, сотталғандар арасында көркемөнерпаздар байқауы өткізілді. Барлық мерекелік іс–шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жарияланды.
Сондай-ақ жазасын өтеп жатқандарға туған-туыстарымен жүздесу мүмкіндіктері қарастырылған. Алыстан іздеп келген ағайындары еш кедергісіз кездесе алды. Осы 2008 жылдың ағымдағы уақыт ішінде түзеу мекемемелерінде өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандардың туыстарын шақыру арқылы, ГМ-172/1 және ГМ-172/8 мекемелерінде «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шара соңында сотталғандар мен туыс-тумаларына Маңғыстау облыстық филормонияның әртістері және Абай мәдениет үйі әртістерінің қатысуымен концерт өткізілді.
«Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім»,– дейді дана Абай. Жалпы, бас бостандығынан айырылған адамдарды тәрбиелеу Әділет министрлігінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Психологиялық, құқықтық, дене тәрбиесі, еңбекке тәрбиелеу шаралары ұйымдастырылып, бостандыққа шыққанда олардың қоғамдық өмірге бейімделуіне елеулі мән беріліп отыр.
М.Әуезов «Адамда екі түрлі қылықтың жолы бар, бірі – тіршілік қамы, бірі – адамгершілік қамы» деген екен. Біз тіршілік қамымен заңнан аттап, темір тордың әр жағынан шыққан сотталушыларды адамгершілік жолымен жүруге баулудың барлық шараларын ұйымдастырудамыз.


Скачать


zharar.kz