АҚАНДЫ КӨРГЕН АТА

Скачать

АҚАНДЫ КӨРГЕН АТА
— Ақанға алты жылдай атқосшы болып, қасына еріп те жүрдім. Мені атыммен атамай, «пысық бала» деп, жақсы көруші еді, — депбастайды атақты Ақан сері туралы естелігін Көкшедегі Ақтас ауылындағы Төлебай қарт.
«Қартайып қалған шағымда мені барқыратып қайте бересіңдер» деп, әнді көп айта бермейтін болды, басын төмен сап, тұнжырап отырып алатын. Сондайда ауылдың бір желөкпелеу әншісымағы домбырасын алып жіберіп, Ақанның әндерін жорта бұзып, әдейі айқайлай жөнелетін. Сері сазына келмей, құлаққа түрпідей тиген өз әніне шамданып, намысқандай болып қалатын. «Тух, шіркін, әннің берекесін алдың ғой ! Домбырамды әперіп жіберші», — деп еңсесін көтеріп алатын да, қырандай дүр сілкініп, екі көзі шоқша жайнап, әнге басушы еді, жарықтық! Дауыс қандай! Қарттық әсері шығар, сәл - пәл жарықшағы бар демесең, сыры кетсе де, сыны кетпеген, нағыз құлақтан кіріп, бойды алатын дауыс, шіркін, тамылжытушы еді-ау! Үні жас кезінде қандай болды екен десеңізші! Көбіне «Құлагерді» шырқайтын. Оны айтқанда, бір түрлі мұңайып, көзіне жас алушы еді. Тыңдаушыьлар да қайғысын бөліскендей боп, егіліп отыратын. Аһ ұрғандай боп, жұртқа қарап: «Құлагерімнің ажалына өзім себеп болдым ғой», — дейтін. «Оныңыз қалай?» дегендерге жайлап отырып мәнісін түсіндіретін. Ол былай болған екен:
Батыраш пен Қотыраштың Хамза деген ағасы болады. Ақанның сол тұста әйелі өліп, сыбай – салтаң жүрген кезі болса керек. Құлагердің даңқына сол бай Хамза қызығып: « Ақан жүйрік құласын маған сатсын, төлеуіне алтай қарпық ішінен суйген сұлуын құштырамын, оған жүз жылқы қосып беремін»,— деп, сәлемші жібереді. Сонда ақан сәлемшіні құр қол қайтарып жібереді. Бұл оқиға дәуірі жүріп тұрған Хамза байдың жүрегіне шемен болып қатады. Екінші жолы Хамза Сағанай асына Құлагердің әкелінгенін естиді де, Ақанға тағы бір сәлем айтады. Сері бұл жолы да мақұлдамайды. Серіден екі мәрте тауы шағылған залым Хамза сол Сағынай асында інісіне Құлагерді мерт еткізіп тынған екен.
Жарықтық, кірпияз, өзін таза ұстайтын кісі еді, Салақ байлардың үйіне сүйресең де, аттап кірмейтін. Шаруасы шағын болса да, таза үйлерді таңдап түсетін. Дүмше молдаларды сынап, күлкі ғып отыратын... Бір күні Ақан ағам: «Ал пысық бала, ат ертте көрші Жарқайың аулына барып қайтайық». — деді.

Мазмұндық жоспар
1. Төлебай қарттың естелігі.
2. Ән.
3. Қыран ақын.
4. Құлагер ажалының себебін баяндау.
5. Ақан — кірпияз, таза кісі.


Скачать


zharar.kz