АСТАНА

Скачать

АСТАНА — қала, Қазақстан Республикасының астанасы, Ақмола облысының орталығы. Тұрғыны 342,7 мың адам. Қала Есіл өзенінің оң жағасында жазық жерде орналасқан. Қаңтар айының орташа темп-расы -17 — 19°С, шілдеде 19 — 20°С, абсолютті төменгі температура -52°С, ал абсолютті жоғары температура 42°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 280 — 300 мм. Оның басым көпшілігі жылдың жылы мезгілінде түседі (наурыз — қыркүйек). Жылына орта есеппен 50 — 55 күндей қуаңшылық байқалады. Қыс айларының 30 — 40 күні бұрқасын болып тұрады, 140 — 160 құн бойы қалыңдығы 20 — 30 см қар жатады. Сарыарқа қазақтары Есіл өзенінің қазіргі Астана қаласы орналасқан, көшкен ел аттылы-жаяу өте беретін тайыздау тұсын ежелден Қараөткел деп атаған. Ақмола атауы 13—14 ғасырда тұрғызылған ақ күмбезді бейітке байланысты туған (Ақмола қаласы).
Ақмола қаласының негізі 1830 ж. қаланды. Алғашында Ақмола әскери бекінісі атанған елді мекенге 1862 ж. қала мәртебесі берілді. 1863 ж. Ақмола округі, 1868 ж. уез орталығына айналды. Орта Азия, Сібір, Орал өңірлерін жалғастыратын керуен жолында орналасқан Ақмола жедел дамып, қазақ даласындағы ірі әкімшілік сауда, шаруашылық, мәдени орталыққа айналды. 1914 ж. қалада 3 кірпіш, 4 май өңдеу, 2 тері илеу, 2 сабын қайнату, 2 тон тігу, 1 сыра қайнату зауыттары, қасапхана, 20 шеберхана; жұмыс істеді. Мөдени-ағарту орындарынан 1 реалдық, 3 жалпы білім беретін училище, мектеп, медресе, 2 кітап-хана болды. Қала тұрғындарының саны 15 мыңға жетті (1914).
Кеңес дөуірінде Ақмоланың халқы тез қарқынмен өсті (1930 ж. - 36,1; 1939 ж. -,- 33,2; 1945 ж. - 80,5; 1959 ж. - 99,0; 1970 ж. - 180,0; 1979 ж. - 232,0; 1989 ж. - 277,0 мың, оның Орталық Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени демалатын орны артты. 1928 — 30ж. округтің, 1930 — 39 ж. ауданның, ал 1939 ж. 14 қазанда Ақмола облысының әкімшілік Орталығы болды. 1929 жылдың қарашасында қалаға алғашқы поезд келді. Бурабай — Ақмола (1929), Ақмола — Қарталы (1940), Ақмола — Павлодар (1952) темір жолының іске қосылуы Астананы еліміздің солтүстік және орталық өңіріндегі ірі транспорт торабына айналдырды. Қалада ауылшаруашылық өнімдерін өңдеудің дәстүрлі тәсілдері жетілдіріліп, жеңіл өнеркәсіп орындары өнім бере бастады. 1941 ж. құрылған "Металшы" артелі кейіннен газ тетіктерін шығаратын ірі өндіріске айналды (1993 ж. "Газмашаппарат" АҚ). Соғыс жылдарында Ресейден көшіріп әкелінген Мелитополь станок жасау зауытының негізінде республикадағы ауылшаруашылық машиналарын жасау өнеркәсібінің тұңғышы — "Қазақауылмаш" кәсіпорны іске қосылды. Өнеркөсіптің басқа да жаңа салалары пайда болды. Қалада сәулетті құрылыстар салына бастады (қ. Жастар сарайы).Өндірген өнімінің көлемі республика бойынша өндірілген өнімнің орташа көрсеткішінен 2 есеге жуық артық болды.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары шаруашылықтың жаңа түрлері игеріліп, "Казақауылмаштың" қуаты артылды, вагон жасау зауыты пайдалануға берілді. 1950 ж. калада 58 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеді.
Қазақстандағы тың жөне тыңайған жерлерді игеру кезінде Акмола облысымен бірге Ақмола қаласы да елеулі өзгерістерге ұшырады.
1954 ж. 5 наурызында Ақмолаға тың игерушілер тиелген алғашқы эшелон келіп тоқтады. Ақмола кәсіпорындары ауылшаруашылық техникасын, құрылыс материалдарын шығаруды кеңейте түсті. 1960 ж. 26 желтоқсанда Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығы болды. Қаланың атауы Целиноград болып өзгертілді (1961 ж. 20 наурыз). 1958 ж. қаладағы алғашқы жоғарғы оқу орны — ауылшаруашылық институты (қазіргі С. Сейфуллин атындағы агр. университет) ашылды. 1962 ж. педагогика (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті), медицина (1964), инженерлік-құрылыс (1964) институттары студенттер қабылдады. 1960 — 80 ж. қалада 30 жобалау және ғылыми-зерттеу институттары ашылды. 1965 ж. Тың өлкесі таратылып, қала қайта құрылған Целиноград облысының орталығы болды. 1960 — 90 ж. қалада машина жасау, металл өңдеу, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда, құрылыс салалары өркен жайды. Топырақты қорғау және эрозияға қарсы қолданылатын техникалар мен машиналар шығару жедел қаркынмен өсті. 1992 ж. қала мен об-лыста өндірілген өнімдер 29 шет елдерге шығарылды. 1994 ж. 6 маусымда қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.
ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі (1994 ж. 6 шілде, 106-қаулысы) жөне Министрлер Кабинеті (1996 ж. 6 шілде) ҚР-ның астанасын Алматы-дан Ақмолаға көшіру туралы қаулылар қабылдады. Оған себеп Ақмоланың респның кіндігінде геосаяси тұрғыдан тиімді орналасуы, қаланың елеулі өнеркәсіптік әлуеті, құрылыс индустриясын одан әрі дамытуда қажетті базаның болуы, ірі тасымал торабына орналасуы әрі қажетті көлік және телекоммуникация инфракұрылымның болуы, жоғары білікті кадрлар әлуеті, жеке меншік секторды және кәсіпкерлікті дамыту үшін мүмкіндіктердің молдығы, аймақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылық, қаланы дамытуға қажетті бос жерлердің жеткіліктігі сияқты факторлар еді. ҚР Президентінің жарлығымен арнайы Ақмола экономикалық аймағы (ААЭА) кұрылды (1996 ж. 9 қазан). Ақмола АЭА-ның жұмыс істеуіне байланысты ішкі-сыртқы экономикалық қызмет жүйесі дами түсті. Экспорт-импорттық қатынастардың көлемі үнемі артуда. 1997 ж. 20 қазанда Н.Ә. На-зарбаев "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. 1998 ж. 6 мамырда Елбасының жарлығьмен ҚР-ның астанасы — Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда "Казақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" ҚР-ның Заңы қабылданды. Осы жылы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашы- лу рөсімі болып өтті.


Скачать


zharar.kz