Күміс

Скачать

Күміс. Күмісті б.э. дейінгі IV мыңжылдықта Кіші Азияның шығыс аймағында өндірген. Кейінірек күміс кен орындарын Бактрияда өндірген. Б.э. дейінгі 500 жылдары Грецияда күміс-қорғасын кендерін өңдеген. XIII-XV ғғ Трансильвания (Румыния) мен Богемияда (Чехия) күмісті алған. Ресейде 1669 ж күміс туралы мәліметтер пайда болды. 1 Петр тұсында Орал және Карелияның мыс кен орындарында күміс табылды. Байкалдың жанындағы Аргунь өзенінің бассейніндегі қорғасын кенінен күміс табылды. 1704 жылдан Ресейде күмістен тиындар жасала бастады. 1726 жылдан құрамында күміс бар полиметалдық алтай кен орындарынын өндеу басталды. Күміс аффинажды мекемелерге, қара қорғасынды тазалау және мыс электролиті шламдарын өңдеу кезінде алынатын күміс-алтын құймалар (Доре металы) түрінде түседі.
Атомдық салмағы 107,88, изотоптары Ag107 және Ag109 . Тор параметрлері а=4,0774 А. Меншікті салмағы: 10,5 (қт); 9,4 (сұ). Балқу температурасы 961о; қайнау температурасы 2000о.
Күміс ылғал мен ауаға тұрақты. Жоғары температура кезінде де тотығуға қарсы тұратын қабілеті, күмістің тотығы үшін оттегінің парциальдық қысымы 300о –де 20 ат жететіндігімен түсіндіріледі. Тотықталған күмістің қара түсі күмістің сульфидінің түзілумен түсіндіріледі. Құрамында галоидты қосылыстары бар булы ауада күміс галоидты тұздарының қабыршығымен қапталады. Күміс азот және күкірт қышқылында, патша арағында ериді; тұз, плавикті қышқылдармен әрекеттеспейді; сулы ерітінділерде және балқыған сілтілерде ақырын ериді; цианисті тұздарда ериді.
Күмістің негізгі бөлігі зергерлік өндіріске және фото-кино өндірісінде жұмсалады, күміс гальваникалық жабындыларға, айна дайындауға, медициналық және өндірістік құймаларға шығындалады.


Скачать


zharar.kz