Жабдықтау кезеңінің аудиті

Скачать

Тақырып: Жабдықтау кезеңінің аудиті
1. Жабдықтау кезеңіндегі аудиторлық тексерудің ерекшеліктері
2. Жабдықтау кезеңіндегі аудиторлық тексеруде пайдаланатын құжаттар
Жабдықтау процесі өндірістің бірінші бөлінісін көрсетеді. Олардың жағдайы кәсіпорынның өндірістік қаржылық жөнелту және ұйымдастырушылық қызметіне тәуекелді болады. Тауарлы материалдық қорлар шаруашылық қызметтің сипатына әсер етеді. Тауарлы материалдық құндылықтар есебі кезіндегі елеулі бұрмалаушылықтар ағымдағы активтерді сату құнының жиынтық және таза пайданы бағалау кезіндегі қателіктерге алып келеді. Қорлардың шамадан тыс құрылуы айналым ақша ресурстарының ұлғаюына және олардың айналымының бәсеңдеуіне алып келеді. Бұл кезеңдегі аудитордың басты мақсаты ұйымды жабдықтау процесін ішкі бақылау құрылымен әлсіз және күшті жақтарын анықтау болып табылады. Осыған қол жеткізу үшін аудитор жалпы процедуралар мен негізгі құжаттар, сатып алу және жұмсау циклының бақылау әдісімен танысу қажет. Сатып алу және жұмсау жүйесінің әрекетін және сенімділігін бағалау үш сатыда жүргізіледі:
1) жалпы танысу
2) жүйенің сенімділігін бағалау
3) жүйенің бағалылығын дәлелдеу
Осы сатыларға негізделе отырып аудитор жүценің жалпы тиімділігін бағалайды. Сатып алу және жабдықтау циклі үшін дебет және кредиттелетін тауарлы-материалдық құндылықтардан басқа да айналым активтерінің кірістелуін бағалау маңызды болып табылады. Жабдықтау циклі үшін аудиторлық жоспарлау сатысында, нақты аудиторлық процедуралар жүргізу барысында және аяқталу сатысында маңызды көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет. Материалды бағалау кезінде келесі мақсат көзделеді:
1) қаржылық есеп беруде мүмкін болатын бұрмалаушылықтардың деңгейін анықтау
2) алдағы болатын аудитордың көлемін және анықталатын бұрмалаушылықтар салдарын бағалау
Аудитор тексеруді активтердің түрі бойынша ғана емес сондай-ақ олардың қалыптасуы бойынша жүргізуі қажет. Себебі, циклдің әрбір жағдайы үшін тексерудің тиісті құжаттар мен мүмкін болатын типтік бұрмалаушылықтардың тізімдері жасалып жабдықтау кезеңіндегі аудитор келесі мәселелерді шешеді:
1) тауарлы материалдық құндылықтардың есебін жүргізудегі кәсіпорынның есеп саясатымен танысу және оның нормативтік құжаттарымен сәйкес екендігін тексеру
2) материалдардың келіп түсуі және босатылуы бойынша бухгалтерлік есепте және құжатта рәсімделу тәртібін бекіту және нормативтік актіге сай болуын анықтау қажет
3) материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуы мен сақтануы бар екенін анықтау
4) материалды өндірістік нормаға сай жүргізілуін және дұрыс бағалауын анықтау
5) жетіспеушіліктер немесе жоғалтулар болатын операциялардың бухгалтерлік есепте негізделуін бақылау
6) материалдық құндылықтарды қабылдау мен босатылу негізділігін талдауы


Тақырып: Өндірістік кезең аудиті
1. Өндірістік операциялар аудиті
2. Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындарды аудиторлық тексеру
Кез-келген өндірістік кәсіпорынның шығындарының басым бөлігі өзіндік құн шығындарынан тұратын өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар құрайды. Өзіндік құн деңгейі мен оның динамикасы негізгі және айналым құралждарының тиімді пайдаланғандығын еңбекті ұйымдастыру мен тиімділік дәрежесін үнемдеу режимінің есепті немесе базистік кезеңде қаншалықты ұтымды пайдаланғанын көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны негізгі экономикалық көрсеткіштер табыс пен рентабельділікпен тығыз байланысты. Шығындарды дұрыс анықтау түрлі келіспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Аудиторлық тәжірибе көрсетіп отырғандай өндірістік шығындар есебін жүргізу кезінде келесідей қателер жиі кездеседі:
1) материалдық шығындарды , аяқталмаған өндіріс, еңбек шығындары соммасын, мөлшерін заңсыз көтеріп жіберу
2) өндіріс шығындарына заңдылыққа сай басқа арнайы көздер есебіне алып барылуы тиісті шығындардың қосылуы
3) шығындарды калькуляциялау обьектісінің болмауы
4) негізгі құралдарға капиталды салымдардың өндірістік шығындарға қосылуы
5) өзіндік құнға құжатпен негізделмеген алғашқы құжаттары жоқ шығындарды қосу
6) материалды емес активтер амортизациясын өзіндік құнға кіргізілуі құжатпен бекітілмегендігі
7) заңды тұлғалардың жалға алынған негізгі құралдар обьектісінің арендасы бойынша шығындардың өзіндік құнға кіргізілуі
8) өндірістік емес негізгі құралджарға шығындардың өзіндік құнға кіргізілуі
Өндірістік шығындар есебін аудиторлық тексеру жүргізбес бұрын аудитор кәсіпорын қорының есеп саясатымен , кәсіпорын қорының ұйымдастырушылық және техникалық ерекшеліктерімен, өндіріс типімен, шығарылатын өнімнің түрлерімен, пайдаланын ресурстарымен танысу керек.
Аудитор есекп саясатын сақтау тұрғысынан келесілерді бекітуі қажет:
1) тексеріліп отырған кезеңнің басында таңдалған шығындары есепке алу әдісінің өзгермегендігі, оның нормативтік құжататарға сәйкестігін
2) есепті кезең бойынша шығындарды бөлу мен шектеудің дұрыстығын
3) материалджы шығындарды есептеу дұрыстығын
4) негізгі құралдарға амортизация соммасын есептеу дұрыстығын
5) үстеме шығындар соммасын негізділігін обьект бойынша бөлу әдістерін
Аудитор өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндіріс шығындарын есепке алуда пайдаланатын әдістердің мәні мен маңызын жақсы білуі тиіс. Отандық тәжірибеде өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауда келесідей әдістер пайдаланады:
а) қарапайым
б) тапсырыстық
в) қайта жасау
г) нормативтік
Шетелдік тәжірибеде қолданатын әдістер дерек – костинг және стандарт – костинг. Өндірістік кезеңде аудитордың басты назар аударуға тиісті мәселенің бірі бұл шығындардың жіктелуі. Өнімнің өзіндік құнына кіргізілуі бойынша шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді. Шығындарды өзіндік құнды құрауы бойынша баптар мен элементетрге бөлеміз. Шығындар элементтері:
1) материалдар
2) еңбекақы
3) амортизациялық
4) үстеме
Өндірістік шығындар есебін аудиторлық тексеру кезінде 9-бөлімнің 91-93 бөлімше шоттары тексеріледі.
Сонымен бірге аудитор келесідей құжаттарды тексереді:
- журнал ордерлері
- калькуляциялау бойынша құжаттар
- өндіріске босатылған материалдар мен құжаттар
- еңбекақы есептеу бойынша табельдер
Өндірістік шығындар бөлімшесі шоттары баланста көрсетілмейді, бірақ ол шығындар 801, 811, 821 – осы шоттарда көрсетілуі қажет.
Тақырып: Сату және қаржылық нәтижелердің қалыптасу кезеңінің аудиті
1. Өнімді өткізуден түскен табыс аудиті
2. Сату кезеңінің аудиторлық бағдарламасы
3. Аудит кезінде тексерілетін құжаттар
4. Қаржылық нәтиже аудиті
Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның мақсаты табыс табу болып табылады. Өнімді өндірген кәсіпорын өнімнің нарықта сұранысқа ие болып, жылдам өткізуіне мүдделі болып табылады. №3 бухгалтерлік есеп стандарттарына сай қаржы шаруашылық нәтижесі туралы есеп беру кезінде табыс бойынша келесідей ақпараттар болуы тиіс:
1) өнімді өткізуден түскен табыс
2) жалпы табыс
3) негізгі қызметтен түскен табыс
4) негізгі емес қызметтен түскен табыс
5) салық салуға дейінгі табыс
6) салық салудан кейінгі табыс
7) төтенше жағдайлардан түскен табыс
8) таза табыс
Өнімді өткізуден түскен табыс қосалқы құн салығы , акцизді, тағы басқа салықтар мен міндетті төлемдерді және қайтарылған тауарларды және де шегерімдерді алып тастағанннан соң анықталады.
Негізгі қызметтен түскен табыс тауарлы-материалдық құндылықтарды өткізуден, қызмет көрсетуден алынуы мүмкін.
Қазіргі кезде кәсіпорын өнімді өткізуден түскен табысты есептеу үшін есептеу әдіісін пайдаланады. Есептеу әдіісмен анықталуына байланысты өткізу сәті болып- жөнелту мерзімі, өнімді тапсыру және банке төлем құжаттарын тапсыру болып табылады. Өнімді өткізу – құралдар айналымының соңғы кезеңі болып табылады. Оның мөлшері айналымдық көрсеткіштері, рентабельдік қаржы, шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелді болады. Өнімді өткізуден түскен табыс аудиторлық тексеру барысында түрлі әдістермен қоса аудитор қарама-қарсы тексеру әдісін пайдалана алады. Сонымен бірге бұл екзеңді аудитролық тексеру барысында сыртқы дәлелдер жинақтаудың маңызы өте зор.
Сату кезеңінің аудиторлық бағдарламасы аудитор өнімді өткізу мен жөнелту дұрыстығын тексерген кезде келесілерді бекіту қажет:
- дайын өніммен жабдықтауға келісім шартың түзелгендігін және олардың рәсімделуінің дұрыстығын
- өнімді жөнелту бойынша құжаттауды рәсімдеудің дұрыстығын
- жөнелтілген тауарлар бағасының дұрыс бекітілуін, оның жабдықтау келісім шартына сәйкестігін тексеру
- егер өнім жабдықтаушы қоймасынан жөнелтілетін болса, онда өнімді жөнелту бойвнша құжаттардың толтырылуының дұрыстығын тексеру
- дайын өнімнің қойма есебінің дұрыс ұйымдастырылуын тексеру
- өнімді өткізумен жөнелтудің аналитикалық және синтетикалық дұрыс жүргізілуін тексеру
- өнімді өткізу мен жөнелтудегі бухгалтерлік рповодкалардың дұрыстығын тексеру
- 70-ші негі


Скачать


zharar.kz