Білім берудегі ұлттық модель.
Соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың ішінде ерекшелерінің бірі - <<Қазақ білім академиясы>> қоғамдық бірлестігінің президенті А. Құсайынұлы мен осы академияның академик-хатшысы Р. Башарұлының <<Білім берудің ұлттық модельін дұрыс таңдай алдық па?>> тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат) бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани -әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған. Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған мақсаттарының бірі- <<тілдердің үш тұғырлығы>> идеясын , бүкіл еліміздің ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.