Милитарландыру

Скачать

Милитарландыру – (экономиканы, өнеркәсіпті ) соғыс мақсаттарына бағындыру.
Рационализация (лат. rationalis – саналы) – бір нәрсені жетілдіру, барынша жетілдірілген ұйымдарды енгізу (мысалы, өндірісте.
Волюнтаризм (лат. voluntas – ерік ) – 1) ерікті болмыстың жоғарғы қағидасы ретінде қарастыратын философиялық бағыт; 2) объективті шарттарды ескермейтін , ерікті шешімдермен сипатталатын өрнек.
Түсті металлургия - өндіретін , олары байытатын түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнекәсіптің саласы.
Қара металлургия – руда және руда емес шикізат өндіретін және байытатын , отқа өзімді материалдарды, кокс химия өнеркәсібінің өнімдерін , шойын, болат, прокат, темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіптің саласы.
Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі (ЭӨКК) – 1949-1991 жылдарда өмір сүрген социалистік елдердің үкіметаралық экономикалық ұйымы. ЭӨКК –тің мүшелері: Албания (ұйымнан 1961 жылы шықты) , Болгария, Венгрия , Вьетнам,Гдр (1990 жылға дейін) , Куба, Монғолия, Польша, Румыния, КСРО, Чехословакия. Ұйымның хатшылығы Мәскеуде орналасты.
Жоспарлау- экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ осы дамуды жүзеге асыруға байланысты іс- шаралар кешенін әзірлеу. КСРО-да бірқатар басқа мемлекеттерде жүргізілген директивалы, орталықтанған жоспарлаудың («бесжылдықтар») тарихи тәжірибесі тапсырыстардың, алдын ала бөлудің , ресурстарды қаржыландырудың және т.с.с. қатал жүйесі өндірушіні дербестіктен , бастамашылықтан, дамуға ынталандырудан айыратынын, эконоикалық өсудің қарқындарын бәсеңдетуге , ақыры халық шаруашылығындағы пропорционалды емес және т.с.с. дағдарысты құбылыстарға әкеліп соғатынын көрсетті.
Еуропалық Экономикалық Қауымдастық (ЕЭҚ) – 1957 жылы Рим келісіміне қол қойылып , осы ұйым құрылды. Оның құрамына Бельгия, Батыс Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды және Франция кірді.
Экстенсивті- сан жағынан көбею, кеңею, таралу, даму. Экстенсивті егіншілік техникалық прогрестің есебінен емес , қосымша материалдық және адам ресурстарын пайдаланудың арқасында дамиды.
Совхоз (советское хозяйство – кеңес шаруашылығы) – мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорны, КСРО-дағы алғашқы совхоздар 1918 жылы құрылды . Олардың дүние-мүлкі мемлекеттік меншік болып саналып, ол совхоздарға шаруашылық жүргізу құқығымен бекітіліп берілді.
Аграрлық дағдарыс- ауыл шаруашылығындағы өнімді артық өндіруден немесе кем өндіруден туатын дағдарыс. Ауыл шаруашылық тауарларының іске аспаған қорларының өсуінен, оларға деген бағаның төмендеуінен, сұранысқа ие емес ауыл шаруашылық тауарларының бір бөлігін жоюдан, ауыл шаруашылығындағы ұсақ және орташа өндірушілердің күйзелуінің жылдамдауынан көрінеді.
Протекционизм – ұлттық ішкі рынокты шетелдік бәсекелестіктен елге әкелінген тауарларға жоғарғы мөлшерде салық салу, белгілі бір тауарларды әкелуге тыйым салу немесе шектеу жолымен және басқа да шаралавр қолдану арқылы қорғау мақсатын көздейтін мемлекеттік экономикалық саясат.
Протекция ( лат.protectio –қорғау, қамқорлық) – қандай да бір адамға шаруасын реттеу үшін көрсетілетін ықпалды қолдау.
Реставрация – 1)құлатылған құрылыстың немесе әулеттің қалпына келтірілуі ; қалпына келтірілген тәртіптің үстемдік еткен кезеңі; 2)қандай да бір нәрсенің бастапқы қалпына келтірілуі.
Консерватор (лат. conservator- күзетші) – 1) консервативтік көзқарастарды жақтушы қайта құрулардың қарсыласы; 2) Ұлыбритания мен бірқатар басқа мемлекеттердегі консерваторлық партия мүшесі.
Консерватизм (франц.conservatism , лат.conservo- күзетемін, сақтаймын) - әлеуметтік және мәдени өмірдіңдәстүрлері мен жалғастығын қорғайтын әр түрлі идеялық-саяси және мәдени ағымдарды білдіру. Консерватизмге өмір сүріп отырған және орныққан әлеуметтік қағидалар мен өлшемдерді жақтау, революция мен батыл реформаларды қабылдамау, эволюциялық дамуды қорғау тән. Әлеуметтік өзгерістер жағдайында консерватизм ескі тәртәптерді қалпына келтіруді талап етуден көрініп, өткенді мадақтаумен қатар жүреді.
Миграция (лат.migratio.migro -өтемін , көшемін) – орын ауыстыру, көшу, қоныс аудару.
Деградация – біртіндеп мүшкілдену, нашарлау процессі.
Репатриант – репатрацияға ұшыраған адам.
Антагонизм – келісімге келе алмайтын қарама-қайшылық . Көзқарастардың антагонизмі.


Скачать


zharar.kz