Демографиялық жағдай – бұл белгілі бір территорияда олардың қарқыны, белгілі бер кезең мен зардаптардың нәтижелерінен өтетін демографиялық процестердің (туу, өлім, миграция, неке, ажырасу) құрама сандық сипаты мен сапалы бағасы.
Мұндай түсінікке сәйкес демографиялық жағдайдың сипаты элеметтердің 3 тобын қамтиды:
1. Халықтың жастық-жыныс құрылымынан құрылған сандарының статистикалық бағасы мен оның ұдайы өндіріс параметрі.
2. Халықтың саны мен құрылымын қалыптастыратын демографиялықпроцестердің динамикасын талдау.
3. Қарқынды болжау және олардың демографиялық зардаптарын бағалау.
Демографиялық жағдай сипаты демографиялық процестердің сандық көрсеткіштерімен және сапалық бағасымен шектелмейді. Алға қойылған мақсаттарға сәйкес бағытталған жағдайлардың өзгеруі десографиялық саясат тақырыбы болып табылады.
Б) Демографиялық болжам
Демографиялық жағдай сипатының ажыратылмайтын бөлігі халық саны мен оның құрылым динамикасының көзқарасымен олардың қарқыны мен баға зардаптарынан құрылған болжам болып табылады. Мұндай болжамның мақсаты – міндетті түрде белгілі шаралардан қашу үшін мүмкін болатын қолайсыз және қауіпті зардаптардың көрінісі.
Қарқындардан құрылған баға зардаптарына қатысты сұрақтарды қарастырайық:
Бірінші және ең басты зардабы – тек халық жалпы саны ғана емес, сондай-ақ оның еңбек потенциалының қысқаруы, яғни еңбекке қабілетті жас шамасындағы контингенттер.
Екінші маңызды зардап – бұл жоғары жастағы халықтар арақатынасының жас өспірімдер үлесінің төмендеуі мен жасы үлкен адамдар үлесінің жоғарылауы есебінен өзгеруі.
Лекция –9. Әлеуметтік саясат
9.1. Әлеуметтік саясат дегеніміз не?
А) Әлеуметтік саясаттың мақсаты мен міндеттері
Әлеуметтік саясат – мемлекет ішкі саясатының құрамы. Ол халықтың кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, қоғамдық қатынасты, саяси тұрақтылықты, азаматтық келісімді үйлестіруге бейімделген және мемлекеттік шешім, әлеуметтік шара мен бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Дәл осы әлеуметтік саясат әлеуметтік проблемаларды шешуде өз қасиеттерін білдіретін қоғамдардың өмір сүруінің барлық сфераларының өзара іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді: әмбебаптылық, кірісуі (қосып жіберу) және атрибуттілік.
Әлеуметтік саясаттың мақсаты – халықтың жағдайын жоғарлату, өмірдің жоғары дәрежесі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады. Ол мынандай көрсеткіштермен сипатталады: жұмысбастылық, денсаулық, тұрғын үй, білім, мәдениет, экология сияқты материалды көздер табысы. Сол себепті әлеуметтік саясат міндеттері мыналар болып табылады:
• Табыстардың, тауарлар мен қызметтердің, сондай-ақ ұдайы халық өндірісінің материалдық және әлеуметтік шарттарының таратылуы;
• Абстрактілік кедейшілік пен теңсіздіктер масштабының шектері;
• Медициналық және кәсіби қызметтердің көрсетілуі;
• Тасымалдау қызметі сапасының артуы мен таратылуы;
• Қоршаған ортаның денсаулығы.
Б) Әлеуметтік саясаттың субъектілері
Әлеуметтік саясаттың субъектілері болып мемлекет пен азаматтық қоғамды (қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, кәсіпорын, фирмалар) қалыптастыратын құрылымдар болып табылады.
Әлеуметтік реттеудегі орталық орын федералды, аймақтық және жергілікті дәрежедегі мемлекет өкілдері мен орындаушы органдарының іс-әрекеттеріне тиесілі. Олар жалпы концепцияны жүзеге асырады, әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын, оның стратегиясын, тактикасын анықтайды, заңды, құқықтық негіздерді қамтамасыз етеді, орындағы нақты жағдайларды жүзеге асырады.
Әлеуметтік проблемаларды шешудегі халықтың жеке категорияларының басты мағнасы – кәсіпорын, фирма шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік іс-әрекеттерге; саяси және қоғамдық бірлестіктер, қайырымды және ерікті ұйымдардың активтілігіне ие. Олар әлеуметтік саясатты жүзеге асырады.
В) Әлеуметтік саясаттың формалары мен бағыттары
Қоғам адам және отбасы өмірі үшін барлық қажетті игіліктердің ең аз мөлшеріне заңды жолмен кепілдік береді. Бұл мөлшердің көлемі уақытында және әртүрлі елдер үшін бірдей емес. Ол елдің белгілі бір ерекшеліктерімен анықталады: территория, ауа-райы, халық көлемі, қоғамдық жүйелердің сипаты, басқарушы топтардың идеологиясы мен тәжірибелі іс-әрекеттері, саяси жағдайлар, экономикалық дамудың дәрежесі, тәртіптің мәдени стеоротиптерін құрайтын ұлттық ерекшеліктері.
Әлеуметтік саясат халықтың ақшалай табысына әсер етеді. Оның негізгі бағыттары болып мыналар болып табылады: Еңбек ақы, табыс, жұмысбастылықты реттеу, жұмысшылардың еңбек сапасын көтеру, денсаулық, мәдени және білім деңгейіне қолдау көрсету, әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамуы, әлеуметтік қамтамасыздандыру.
Г) Мемлекеттің ролі
Мемлекет қызметі (іс-әрекеті) ақшалай табыстарды таратумен ғана шектеліп қоймайды. Ол өзіне сондай-ақ әлеуметтік қорды қалыптастыру мен халықтың қажеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтік қызмет салаларын қаржыландыруды қамтиды. Олар:
• Жалпы және кәсіби білім алу;
• Денсаулықты қолдау;
• Тұрғын үйді қолдау;
• Қоғамдық орта денсаулығын қолдау;
• Транспортты қолдау.
Әлеуметтік саясат шеңберінде жұмысбастылықты реттеу саяси жұмысбастылықтың арқасында жүзеге асырылады, яғни жұмысбастылық дәрежесі мен құрылымын қолдау, өндірісте еңбек жағдайын құру және жұмыс күшін көтеру жолымен жүзеге асырылады.
Жұмысбастылық саясаты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерден тұрады. Қысқа мерзімді міндеттерге реформаның экономикалық құлдырауының бейтараптанған жағымсыз зардаптары кіреді. Ұзақ мерзімді міндеттерге сала, кәсібі мен квалификациясы, еңбек потенциалын қолдану дәрежесі, қажеттілік көлемі мен жұмыс күші құрамының сәйкес келуі, жұмыс күші сапасының жоғарылауына техникалық прогрестің озып отыруы бойынша еңбектенушілер категориясының қоғамдық даму арақатынасы үшін жағымды орнығуы кіреді.